8. Мемлекеттің қорғанысы және қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 8-1 тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсат уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мынадай:
1) радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған;
2) ұялы байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда алып қойылады.
9. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сауал алынған кезден бастап отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл отыз күннен аспауы керек. Іргелес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланысы регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жүргізілген кезде өтінішті қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл төрт айдан аспауы керек, ол туралы өтініш беруші алдын ала жазбаша түрде хабардар етілуге тиіс.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы айқындайды.
2. Уәкілетті орган нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізеді.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған жағдайда олар шеккен шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, әуедегі, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарлармаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс.
2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер:
1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау тек қана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының шетелдегі абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады;
3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға және тәртіпке сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге;
5) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес жасалатын байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасалған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңға және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес байланыс операторлары, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың абоненттік нөмірлердің және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорларындағы мәліметтерге қол жеткізуін өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.
4. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары осы Заңға және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес иеленушінің өтініші бойынша өз желісіндегі ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не қайта бастауға міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
1. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету мақсатында олардың аумақтарының шегінде радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты қолданады.
2. Байланыс операторлары:
1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты орнату кезінде ішкі істер органдарына консултациялық-техникалық жәрдемдесуді;
2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қолдануды қоса алғанда, өзінің байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдық Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестігін растау
Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары электромагниттік сәулелену көздері болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар, пошта байланысының техникалық құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сәйкестігі расталуға тиіс.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада:
байланыс операторының атауы;
байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
байланыс қызметтерінің атауы;
байланыс қызметтерін көрсету аумағы көрсетіледі.
2. Байланыс операторының атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс қызметтерінің атауы және байланыс қызметтерін көрсету аумағы өзгерген жағдайда, байланыс операторы осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен хабарлама жіберуге міндетті.
3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада байланыс операторының атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды
16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері, радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нысан бойынша хабарлама жіберуге міндетті.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер, импорттан өзгеше жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімге әкелінетін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар:
1) шетелдік ресми делегациялардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстар мен өзге де мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелерде көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге;
5) сәйкестікті растау (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) мақсаттарында сынақтар жүргізуге арналған болса, олар уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер байланыс қызметі радиожиілік спектрі көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынған диапазондағы радиожиіліктерді пайдалана отырып көрсетілетін болса, радиожиілік ресурсын пайдалану құқығы конкурстық негізде беріледі. Бұл ретте байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Конкурс (немесе аукцион) өткізу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылдайды.
Конкурс (немесе аукцион) осындай шешiм қабылданғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде өткiзiледi.
3. Радиожиiлiктердi пайдалану құқығын конкурстың қорытындысы бойынша алған кезде жеңiмпаз мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде бiржолғы төлемақы енгiзедi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға, конкурс (немесе аукцион) өткiзу қағидаларына сай келетiн заңды тұлғалар жiберiледi.
19-бап. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды;
2) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттейді.
Осы тармақта аталған көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін әрбір пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық және басқа да қызметтермен тегін жалғанымдарды тәулік бойы ұсынуды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Байланыс желілері
21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісі
1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және мынадай санаттардағы телекоммуникация желілерінен:
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнен;
2) телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiнен;
3) телекоммуникацияның, бөлектелген желiлерiнен;
4) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiнен;
5) корпорациялық және ақпаратты электромагниттiк сигналдар арқылы беретін басқа да желiлерден тұратын телекоммуникация желісі болып табылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Президенттік байланыс желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн ұлттық қауіпсіздік органдары мыналарды:
халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеуді және пайдалануды;
ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушылық параметрлерін қалыптастыруды;
қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін іске қосуды және олардың орындалуын бақылауды;
қалааралық және халықаралық байланыс операторларының Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс жолдары мен арналарын беруін қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiне кiретін барлық санаттағы желiлердің байланыс операторлары өз қаражаты есебінен өз желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесін құруға мiндеттi, ол Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс.
Функционалдық міндеттеріне абоненттер туралы қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу кіретін байланыс операторларының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. Байланыс операторларының өз байланыс желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге адамдарға беруіне тыйым салынады.
Телекоммуникация желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары байланыс желiлерінің телекоммуникациялық жабдығының жедел-iздестiру және қарсы барлау iс-шараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес келуін қамтамасыз етедi.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерiн көрсетуге арналған телекоммуникацияның өзара байланысты желiлерiнің кешенi болып табылады.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі:
1) қызмет көрсетiлетiн аумақ пен нөмiрлеу ресурсы аясында географиялық тұрғыда (телекоммуникацияның жергiлiкті желiлерi);
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының шегiнде белгiлi бiр географиялық аумақпен және нөмiрлеу ресурсымен байланыспаған, географиялық емес тұрғыда айқындалатын телекоммуникация желiлерi болып бөлiнедi.
3) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi шет мемлекеттердің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiмен әрекеттестік жасайды.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi мемлекеттік органдар мен жергiлiкті өзiн-өзi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес iске асыруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң өндiрiстік және басқарушылық мақсаттарды қамтамасыз етуiн iске асыруға арналған.
Ведомстволық телекоммуникациялар желiлері бір-бірімен мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын мемлекеттік шифрлау құралдарын және ақпаратты қорғаудың басқа да құралдарын пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайды.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Телекоммуникацияның бөлектелген желiлерi телекоммуникация желiлерiнің дербес санаты болып табылады және пайдаланушылардың шектеулi тобына телекоммуникация (электрлi байланыс) қызметтерiн көрсетуге арналған және:
1) әрекеттесе алады, бiрақ Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне немесе ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылған кез келген басқа желiлерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ортақ пайдаланылатын телекоммуникация (электрлi байланыс) желiлерiне қосылмайды;
2) егер ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің жұмыс iстеуiн регламенттейтiн талаптарға сәйкес келсе, оларды ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсінің санатына ауыстыра отырып, ортақ танылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға болады. Бұл ретте осы бөлектелген желiге бұрын берiлген географиялық емес код алып тасталады;
3) осы телекоммуникация желілері операторларының байланыс қызметін көрсетуі лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
Бөлектелген желілерді ұйымдастыру үшін қолданылатын байланыс технологиялары мен құралдарын, сондай-ақ құру принциптері мен нөмірлеу жүйесін осы желілердің иелері белгілейді. Желілердің осы санатына ұлттық ресурстан нөмірлер (географиялық емес код) бөлінбейді.
2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдалана алатын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған.