2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп: облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын есептілік, білікті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының тізімі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушының есептілігі түсініледі.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір күннен кешіктірмей есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты берген жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары осы баптың екінші бөлігінде жауаптылық көзделген бұзушылықтарды уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасын алған күнге дейін жойған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Акционерлердің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көзделген құқықтарын бұзу және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бағалы қағаздар эмитентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын бұзуы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды жүзеге асырмауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
258-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау тәртібін, сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 259-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәмiлелер жасауы -
жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы -
жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 260-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар нарығына басқа кәсiби қатысушыға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
261-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы
1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, оның ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы -
лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы -
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
262-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 263-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 263-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бұзу
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында айқындалатын тәртіппен және шарттармен ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамауы, сол сияқты өз қызметі туралы толық емес немесе анық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзуы
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) дербес шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті зейнетақы жинақтаушы қорының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
265-бап. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу
1. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 266-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы -
төлемдi жүзеге асырған тұлғаларға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
267-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан асырып қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
268-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыруы -
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -
жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы -
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Биржалық саудаға қатысушылардың биржалық тауарлар тiзбесiне кiрген өзiнiң тоқсан сайынғы жалпы биржалық тауарлары айналымының кемiнде отыз пайызын қосарланған қарсы аукцион режимiнде өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын сақтамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды
11. Тауар биржаларының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға есептіліктің күнделікті нысандарын ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты көрінеу жалған ұсынуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 12-бөлікпен толықтырылды
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 13-бөлікпен толықтырылды
13. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты жүргізу режимдерін орындамауы -
заңды тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 14-бөлікпен толықтырылды
14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15-бөлікпен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15. Тауар биржаларының клирингтік орталықтарының клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы жөніндегі міндетін орындамауы -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
269-бап. Мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебiне қою мерзiмiн бұзу
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жекеше нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың мемлекеттік кіріс органында тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтінішті және дара кәсіпкерді тіркеу есебі, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы хабарламаны берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - сегiз, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушiнiң мемлекеттік кіріс органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
270-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану кезінде қызметтi құқыққа сыйымсыз жүзеге асыру
1. Арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып қолдану -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дара кәсiпкердiң патент құнының есеп-қисабын беру не салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті беру мерзiмiн бұзуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
271-бап. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыру
1. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 272-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
272-бап. Салықтық есептілікті, сондай-ақ бақыланатын шетелдік компанияның пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салықтық тіркелімдерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына бақыланылатын шетелдік компанияның «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салуға жататын қаржылық пайдасының немесе қаржылық пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды ұсынбау
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы, сондай-ақ салық төлеушiнiң трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрде) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде ұсынбауы не оны ұсынудан бас тартуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асатын алшақтықтарды анықтау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -