96) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
97) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
98) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
99) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
100) ҚР Үкіметінің 2017.14.02. № 65 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
101) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды жүргізуді ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
102) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
103) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
104) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
105) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
106) ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
107) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
108) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
109) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринар дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
110) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлейді және бекітеді;
111) ҚР Үкіметінің 2016.02.11. № 652 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
112) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
113) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
115) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
116) жануарларды карантинге қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
117) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
118) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
119) ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
120) жануарларға қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121) шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
122) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
123) ҚР Үкіметінің 2016.02.11. № 652 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
124) ветеринария саласындағы нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
125) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
126) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
126-1) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
126-2) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
127) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi әзірлейді және бекітеді;
128) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
129) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
130) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
131) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
132) ветеринариялық іс-шаралар жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
133) селекция, сорт сынау және тұқым шаруашылығы бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлейді;
134) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
135) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға арналған субсидиялардың нормативтерін айқындайды;
136) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
137) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
138) мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алаңының бiр гектарына арналған шығындар нормативтерiн әзірлейді және бекітеді;
139) республикадағы және шет елдердегі өсімдік шаруашылығы саласының жай-күйі ахуалын зерделейді;
140) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестер құрады;
141) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптасыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
142) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөнінде кеңестер құрады;
143) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша ақпарат береді;
144) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
145) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзірлейді;
146) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдайды, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асырады;
147) агроөнеркәсiптiк кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
148) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы нормативтік құқықтық базаны, бағалық, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру, сондай-ақ техникалық реттеу мен мемлекет саясат саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
149) агроөнеркәсiптiк кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
150) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
151) азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізеді;
152) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
153) агроөнеркәсiптiк кешеннің дамуына мониторинг жүргізеді;
154) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға қатысатын ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
155) ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемаларын әзiрлейдi және бекітеді;
156) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының запастарын есепке алу нысандары мен есептілік ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
157) өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
158) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін әзірлейді;
159) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру мен оларды сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
159-1) Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
159-2) Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
159-3) Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
159-4) Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
160) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
161) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзiрлейдi және бекітеді;
162) ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзiрлейдi және бекітеді;
163) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
164) салалық көтермелеу жүйесін бекітеді;
165) «Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсібі бойынша үздік» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлейді;
166) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастырады;
167) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын әзiрлейдi және бекітеді;
168) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
169) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандырушы қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
170) мыналарды:
тұқым шаруашылығын дамытуды;
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
кредиттер мен технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
171) - 174) ҚР Үкіметінің 2017.03.08. № 466 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
175) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма жұмысы бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке және сараптамалық ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын әзiрлейдi және бекітеді;
176) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
177) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
178) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
179) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеуі қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
180) мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
181) мақта өңдеу ұйымдарына қабылдап алу кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
182) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
183) мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, оларды жою және өтеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
184) кепіл туралы мәліметтер бар қойма куәлігін ұстаушының талап етуі бойынша мақта босату тәртібін айқындайды;
185) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
186) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
187) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
188) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге қатысады;
189) тиісті салада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
190) тиісті салада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
191) ғылым саласындағы уәкілетті органға «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізеді;
192) ғылым саласындағы уәкілетті органға «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
193) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітеді;
194) Министрлік реттейтін салада акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
195) стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;
196) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
197) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және оның нәтижелерін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
198) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихаттау және насихаттауға қарсы қызметті жүргізеді;
199) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
200) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
201) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
202) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
202-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
202-2) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
202-3) мемлекеттік органның мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін құрады және дамытады;
202-4) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың толықтыруды жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
202-5) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді, оның өзектендірілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны іске асыруға қажетті жағдайлар жасайды;
202-6) «электрондық үкiметтi» дамытуға қатысады;
202-7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
202-8) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың өзектендірілуін қамтамасыз етеді;
202-9) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (бар болса) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;
202-10) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;
202-11) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
202-12) өз интернет-ресурсында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурсты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;
202-13) интернет-ресурсты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады, сондай-ақ олардың дұрыстығын және өзектендірілуін қамтамасыз етеді;
202-14) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекітеді;
202-15) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторынан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
202-16) кәсіби стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
203) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бағалау жүргізу үшін агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және оны бақылау бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
204) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге кіруіне рұқсат береді;
205) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
206) көрсетілетін қызметті берушілердің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
207) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;
207-1) өз құзыреті шегінде кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
207-2) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекітеді;
207-3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген, әзірленіп жатқан құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
207-4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;
207-5) реттелетін салада мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
207-6) ашық бюджеттер интернет-порталында бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау жүргізуді жүзеге асырады;
207-7) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) оларды мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін жария талқылау үшін орналастыруды жүзеге асырады;
207-8) ақпарат берудің сапасы мен уақтылылығына ішкі бақылау жүргізеді;
207-9) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және оларды бекітеді;
207-10) Қоғамдық кеңес құрады және оның құрамын бекітеді;
207-11) қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және уәжді жауаптар береді;
207-12) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;
207-13) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
207-14) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
207-15) ашық деректер интернет-порталында ашық деректерді қазақ және орыс тілдерінде орналастыруды жүзеге асырады;
207-16) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
208) стандарттар, нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелер және ұсынымдар әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;