1) халықтың денсаулығын және өмірін қорғауға;
2) жер қойнауының ресурстарын ұтымды әрі кешенді пайдалануға;
3) табиғи ландшафтарды сақтауға және бүлінген жерлерді, өзге де геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтіруге;
4) жер сілкінуді, көшкінді, су астында қалуды, топырақтың шөгуін болдырмау мақсатында жер қойнауының үстіңгі бөліктерінің энергетикалық жай-күйін сақтауға;
5) су объектілерінің табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық жүйелерді және басқа да іс-шараларды қамтиды.
108-бап. Жалпы экологиялық талаптар
Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар басымдық ретімен сақталуға тиіс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 109-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
109-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіз
1. Жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіз болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын ұсынуға міндетті, оған жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру енгізілуге және ол «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін қамтуға тиіс.
110-бап. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар 1. Мыналар:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, оның ішінде өндіруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін берілетін пайдалы қазбалар, кен орындары мен жер қойнауы учаскелері қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшін жер қойнауын ілгерілей геологиялық зерттеудің толымдылығын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды әрі кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
3) бай учаскелерді таңдап өндіруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4) кен орнын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бір жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және қосалқы компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алу;
5) бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді жою;
6) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
7) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындата түсетін басқа да дүлей факторлардан қорғау;
8) жер қойнауының ластануын, әсіресе мұнайды, газды немесе басқа да заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;
9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
10) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
11) ілеспе газды маңызды стратегиялық энергия көздерін, не мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарын алу және қоршаған ортаға зиянды барынша азайту мақсатында өңдеу жолымен оны барынша пайдалану жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар болып табылады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстарды жобалау, пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеуді, барлауды және игеруді жүзеге асыру кезінде осы баптың 1-тармағында көзделген және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларда, нұсқаулықтарда және әдістемелік ұсынымдарда регламенттелетін жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және жер қойнауын қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндетті.
111-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлау мен өндіруге, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлау мен өндіруге, сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды, әртүрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қатысты жұмыстар жүргізілетін немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда жоюға немесе консервациялауға жатады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар уақытша тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органмен объектіні уақытша консервациялау (жұмыстарды тоқтата тұру) мерзімдерін келіседі және жер қойнауын пайдалану объектісін консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі, ал жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдалану объектісін жою жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі.
Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы оларды жою немесе консервациялау басталғанға дейін өндірістік объектілердің сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидалары негізінде жобалау мен жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.
4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстар құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа жүргізеді.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және қолданылуы тоқтатылмаған, жер қойнауын пайдаланушы тарату қорына аударымдарды жүзеге асыра бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде шегерімге жатқызған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көрсетілген аударымдар сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс. Арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс аударымдардың бұл сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы осындай кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорының қаражаты есебінен пайдаланған сомаға азайтылады.
Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органның жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген рұқсатымен, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсатымен жүзеге асырады. Тарату қорын қалыптастыру тәртiбi, тарату қорына аударымдардың мөлшерi, осындай төлемдердiң мерзімдiлiгi туралы талаптар келiсiмшартта белгiленедi.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюға нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, онда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер жоюға нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен төмен болса, онда қалған ақша жер қойнауын пайдаланушыда қалады.
112-бап. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелері
1. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелері ерекше күзетілетін құқықтық режимі болатын не дағдылы, бірегей және сирек кездесетін геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерді сақтауға арналған шаруашылық қызметі реттелетін режимі бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне жатады.
2. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерін қорғау мен пайдаланудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында айқындалады.
3. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерін өзге қажеттер үшін алып қоюға жол берілмейді.
4. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиісті учаскеде жұмысты тоқтатуға және ол туралы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
113-бап. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салу шарттары
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Елдi мекендердi, өнеркәсіптік кешендердi және (немесе) басқа да шаруашылық объектiлерін жобалауға және салуға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы оң қорытындысын алғаннан кейiн ғана рұқсат етіледі.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Пайдалы қазбалар қабаттары жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жол беріледі.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетінше салынып жатқан құрылыстар жұмсалған шығындардың және келісімшарттық аумақтың жерлерін рекультивациялауға және салынған объектілерді қайта бұзуға кеткен шығындардың өтемінсіз тоқтатылады.
114-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу
1. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу мүмкіндігі туралы жалпы рұқсатты мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
3. Кен орындарын пайдаланған кезде теңіздің қорықтық бөлігінде мұнай тасымалдау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда құбырлар арқылы жүзеге асырылады.
115-бап. Жер қойнауын пайдалануда халықтың және персоналдың қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету
1. Жер қойнауын пайдаланушы заңнамада көзделген жұмыс жүргізу қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының орындалуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.
2. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Мыналар:
1) жұмысқа - арнаулы дайындығы және біліктілігі бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиісті арнаулы білімі бар адамдарды жіберу;
2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киімдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік талаптарына және санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
5) жұмыстардың технологиялық циклын қамтамасыз етуге қажет және қауіпті жағдайларды болжауға жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де байқау кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
6) кеніш атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;
7) жұмысты жүргізудің қауіпсіз аймақтарының шектерін анықтайтын техникалық құжаттаманы және аварияларды жоюдың жоспарларын деректермен уақтылы толықтыру;
8) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің жобалау жүйелерін, мұнай, газ және жерасты суы кен орындарын игеру мен жайластырудың жобаларын және технологиялық сызбаларын сақтау;
9) газдардың күтпеген жерден шығуын, судың, пайдалы қазбалардың және тау-кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуін, сондай-ақ тау-кен соққыларын болжау және олардың алдын алу жөніндегі арнаулы іс-шараларды жүзеге асыру жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары болып табылады.
5. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақтарда халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті ұйымдардың басшылары ол туралы жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауіпті болдырмау үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауіпті әсер ету аймағынан халық көшірілгеннен кейін ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Жер қойнауын пайдаланушыларға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес шарттық негізде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызмет көрсетеді.
12-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚОРҒАУ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
116-бап. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту бөлiгiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау және оның жолын кесу болып табылады.
3. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) жер қойнауын қорғаудың мемлекеттік мониторингін;
2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келісімшарт талаптарының сақталуын бақылауды;
3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және сарқынды суларды ағызуды бақылауды;
4) кен орнының және қоршаған ортаның басқа да объектілерінің бүлінуіне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендік процестерден жер қойнауын сақтауды бақылауды;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау және оның жолын кесу жөніндегі бақылау іс-шараларын;
5) жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мен жоюды бақылауды;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды;
7) жер қойнауын пайдалану және минералдық шикізатты өңдеу кезінде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды;
8) минералдық шикізаттарды өндіру мен өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалау шешімдерінің сақталуын бақылауды қамтиды.
117-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылау міндеті жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын іздеу және бағалау, өндіру кезінде минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалану, өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшін геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерін бағалау кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылау:
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қорларды ашуды, дайындауды және қазып алудың толымдылығын қамтамасыз ететін, жер қойнауының бай учаскелерін таңдап өндіруді болғызбайтын жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануға, жобалау құжаттарында және жобалау шешімдерінде көзделген көрсеткіштердің орындалуына жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде бақылауды;
2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан қорлары мен оларды өндіру кезіндегі ысырапты есепке алудың дәйектілігін бақылауды қамтиды.
118-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады. Осы органдардың тексерулерді жүзеге асыратын лауазымды адамдары коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
13-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫ
119-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу
1. Жер қойнауының мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады.
2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін:
1) жер қойнауының мемлекеттік мониторингі;
2) жер қойнауына мемлекеттік сараптама;
3) геологиялық ақпаратты мемлекеттік сақтау;
4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансын жасау;
5) мыналарға:
пайдалы қазбалар кен орындары мен көрініс-белгілеріне;
жер қойнауына зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін және сарқынды суларды ағызатын жерлерге;
техногендік минералдық түзілімдерге мемлекеттік кадастрлар жасау жүргізіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын пайдаланушылар бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітетін арнаулы нысандар бойынша ұсынады.
120-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестердің салдарларын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтаудың деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
121-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы
1. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдерді, жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кен орындарының қоры мемлекеттік сараптауға жатады.
2. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы өндіруді пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін ғана бастауға құқылы. Барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудің рентабельділігі туралы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы оларды мемлекеттік есепке қоюға негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік сараптамаға ұсынылған геологиялық материалдар пайдалы қазбалар қорының мөлшері мен сапасын, олардың республика экономикасы үшін маңызын, өндірудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайларын объективті бағалауға мүмкіндік берген жағдайда мемлекеттік сараптама кен орнын геологиялық зерттеудің кез келген сатысында жүргізілуі мүмкін.