22) 199-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, азаматтық қорғау және техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетілуге тиіс.»;
23) 209-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан әрi - жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
24) 264-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Теңізде өндіру бойынша мұнай операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұңғымалар сағаларында қадағалау және өлшеу арқылы өндірістік процеске мониторинг жүргізуге міндетті.»;
25) 284-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады.»;
26) 288-1-баптың 1, 5 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен әзірлейді.»;
«5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізбелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
«8. Қалдықтарды басқару бағдарламасы он жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді және құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.»;
27) 303-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасында жабу, рекультивациялау және ол жабылғаннан кейін ластануға мониторинг пен бақылау жүргізу үшін тарату қорын құру көзделеді. Тарату қорларын қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
28) 314-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»;
29) 315-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен есепке алынуға жатады.»;
30) 316-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.»;
31) 324-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодекске сәйкес лицензиялауға жатпайтын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензияның қолданысы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқтатылады.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайтаруға міндетті.».
8. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін айқындайды;
3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
8-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы 2015 ж. 1 шілдеге дейін қолданылады
4) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;
5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
6) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
7) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн азаматтық қызметшiлердің штат санының лимитін бекітеді;
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады;
3) еңбек қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;
6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
8) еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
9) тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдарымен келісу бойынша барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық), еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердi әзірлейді және бекiтеді;
10) әкiмшiлiк персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
12) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
13) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
14) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
15) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;
16) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
17) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
18) экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;
19) тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн белгілейді;
20) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындайды;
21) үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құрады;
22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады;
23) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін әзірлейді және бекітеді;
24) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекітеді;
25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды;
26) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді;
27) азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу тәртібін айқындайды;
28) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
29) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін бекітеді;
30) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
31) әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
32) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
33) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті кезеңділік аттестаттау тәртібін айқындайды;
34) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
35) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілейді;
36) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін айқындайды;
37) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібін бекітеді, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
38) қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 54-баптың 1-тармағы 17) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.»;
3) 136-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орташа жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.»;
4) 142-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
5) 159-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.»;
«4. Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды тағайындау және төлеу тәртібін - еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.»;
6) 202-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
7) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы
Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге жұмысы жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бұл түрінің ұзақтығын, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
8) 204-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Оларда жұмыс істеу еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
9) 205-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтіннен» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетіннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 229-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
11) 317-баптың 1-тармағының 6) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;»;
«10) еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес өндірістік объектілерде еңбек жағдайлары бойынша кемінде бес жылда бір рет мерзімдік аттестаттауды қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өткізуге;»;
12) 319-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
13) 320-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезеңділікпен міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
14) 323-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;»;
15) 325-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде үш адамға дейін қайтыс болған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.».
9. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
26-1) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26-1) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үшiн белгiлейтін, жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы, одан жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (тиiстi қаржы жылының соңына) нақты борышы аспауға тиiс;»;
«55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 26-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімдері негiзiнде жасалады.
4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
3) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
4) 32-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
5) 33-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
6) 35-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар айқындайды.»;
7) 39-1-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.
6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»;
8) 41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
9) 41-1-баптың төртінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін және көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.»;