4. Сот шетелдік теле-, радиоарна тарататын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келеді деп таныса, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның таратылуы тоқтатыла тұрады не тоқтатылады.
4-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
22-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері
Теле-, радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиобағдарламаларды жасаушылар Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату субъектілері болып табылады.
23-бап. Теле-, радиокомпания
1. Теле-, радиокомпания теле-, радиоарналарды қалыптастырып, оларды телерадио хабарларын тарату желілерінде әрі қарай тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
2. Теле-, радиокомпаниялар:
1) уәкілетті органда теле-, радиоарнаны бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қоюды жүзеге асырады;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың техникалық параметрлерінің телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес сақталуын қамтамасыз етеді;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды беру сапасын қамтамасыз етеді;
4) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар теле-, радиоарналарды қалыптастырудың техникалық құралдарын пайдаланады.
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде:
1) теле-, радиоарналар топтамаларын трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес теле-, радиокомпаниялармен жасалған шарттар негізінде теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, теле-, радиоарналарды теле-, радиобағдарламаларының мазмұнын өзгертпестен ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін және шартты түрде қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары:
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар техникалық құралдарды теле-, радиоарналарды тарату үшін пайдалануға;
трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды телерадио хабарларын таратудың техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
цифрлық форматта сигнал алатын және контентті жеткізудің цифрлық технологиясын пайдаланатын телерадио хабарларын тарату операторы цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сәйкес бағдарламалық ағынның жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы
1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, меншік иесі ретінде мемлекет телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау және дамыту бойынша міндеттер жүктеген заңды тұлға.
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторларымен жасалған шарттардың негізінде теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторларына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін пайдалануға тең құқық береді;
2) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісінің біртұтас мүліктік кешенінің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау мен пайдалануды жүзеге асырады;
4) заманауи озық технологиялар негізінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін дамытуды және жаңғыртуды жүзеге асырады;
5) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкеннен кейін өз қаражаты есебінен теле-, радио хабарларын тарату жүйелерін одан әрі дамытуды жүзеге асырады;
6) міндетті теле-, радиоарналарды және еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды жүзеге асырады;
7) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметтерге тарифтерді интернет-русурста жариялайды;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) цифрлық және аналогтық эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурсты резервке қоюды қамтамасыз етеді.
Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
26-бап. Телерадио бағдарламаларды жасаушы
1. Теле-, радиобағдарламаларды жасауға маманданған жеке немесе заңды тұлға телерадио хабарларының бағдарламаларын жасаушы болып табылады.
2. Телерадио бағдарламаларын жасаушылар және телерадиокомпаниялар арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
27-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері
1. Телерадио хабарларын тарату желілері байланыс саласындағы заңнамаға сәйкес біртұтас телекоммуникация желісінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің аумағында теле-, радиоарналарды тарату және трансляциялау үшін пайдаланылатын жерүсті және спутниктік хабар тарату жүйелерінің біртұтас өндірістік-технологиялық кешенін құрайды.
2. Мемлекеттік теле-, радиоарналарды тарату және трансляциялау үшін телерадио хабарларын тарату операторларының техникалық құралдары мен арналарын пайдалана отырып, біртұтас телекоммуникация желісіне негізделетін республикалық және өңірлік телерадио хабарларын тарату желілері құрылады.
3. Теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиоарналарын тарату және трансляциялау үшін қазіргі бар телекоммуникация желілерін жасалған шарт талаптарымен пайдалануға құқылы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Телерадио хабарларын тарату желілері, меншік нысанына қарамастан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде пайдаланылады. Телерадио хабарларын тарату желілерін көрсетілген мақсаттарда пайдалану тәртібін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты хабардар етуді теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторлары меншік нысанына қарамастан міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Егер техникалық жағдайлар мүмкіндік берсе, тұрғын үйлерде кабельдік желілерді тарту үшін инженерлік инфрақұрылым объектілері барлық кабельдік телерадио хабарларын тарату операторларына бірдей шарттармен беріледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау
1. Отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалардың саны 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде елу пайызды құрауға тиіс.
2. Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармаларының және отандық радиобағдарламалардың саны:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде қырық бес пайызды;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде елу пайызды құрауға тиіс.
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 29-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Балаларды теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде қорғау
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Балаларға арналған теле-, радиобағдарламаларды тарату Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары шетелдік телеарналарды ретрансляциялау кезінде ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар арқылы балаларға тыйым салынған теле-, радиобағдарламаларды көруге қолжетімділікті шектеу жөніндегі шаралар қолдануға тиіс.
30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектердің құқықтарын қорғау
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарлар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
2. Осы баптың талаптары осы Заңның 19-бабына сәйкес тіркеу рәсімінен өткен шетелдік телеарналарға қолданылмайды.
31-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар
1. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес теле-, радиоарналарды қалыптастырудың, трансляциялаудың, рет-рансляциялаудың және (немесе) қабылдаудың техникалық құралдарының сәйкестігі расталуға жатады.
2. Өзге радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуілдер жасайтын және мәлімделген техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін, телерадио хабарларын тарату сигналын қабылдайтын және беретін радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
32-бап. Қосымша ақпаратты тарату
1. Қосымша ақпарат мазмұны телерадио хабарларын тарату сигналының құрамында берілетін негізгі телебағдарламаның мазмұнына байланысты емес, бір жиілікті және (немесе) эфир уақытын пайдалана отырып, негізгі бағдарламамен бір уақытта трансляцияланатын әріптік, цифрлық, графикалық ақпаратты білдіреді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері кадр алаңының жиырма бес пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.
33-бап. Теле-, радиоарналарда жарнаманы орналастыру
Жарнаманы теле-, радиоарналарда, оның ішінде көпарналы хабарлар тарату арқылы ретрансляцияланатын теле-, радиоарналарда орналастыру «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
34-бап. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялау
1. Теле,-радиоарнаны, теле,- радиобағдарламаны ретрансляциялау, егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен құқық иеленуші - теле-, радиокомпания арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, сондай-ақ осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мазмұнына өзгерістер енгізілместен жүзеге асырылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
1) әлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек қана жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда, жарнаманың таратылуына жол бермеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды) таратуға жол беріледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттың негізінде ғана жол беріледі.
4. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялауға байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс.
5-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ
35-бап. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату
1. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату сигналды өңдеудің аналогтік әдістерін пайдалана отырып, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату арқылы радиоарналарды тарату осы Заңның 15-бабына сәйкес берілген жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат және радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда жүзеге асырылады.
36-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бірегей сигналды цифрлау (жинау) әдісін пайдалана отырып, жер үстіндегі хабар беруші станциялар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телерадио хабарларын тарату операторларының цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 15-бабына сәйкес берілген жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсаты және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
37-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату
1. Спутниктік телерадио хабарларын тарату байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Спутниктік телерадио хабарларын тарату Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телерадио хабарларын тарату сигналдарын таратуға арналған.
3. Телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсаты және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты таратуға тыйым салынады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
38-бап. Кабельдік телерадио хабарларын тарату
1. Интернет жүйелеріне қолжетімділік қызметін көрсететін абоненттік желілерді қоспағанда, кабельдік телерадио хабарларын тарату кабельдік және эфирлік-кабельдік желілер арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың кабельдік және эфирлік-кабельдік желілері арқылы таратуы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
3. Телерадио хабарларын тарату операторларының эфирлік-кабельдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 15-бабына сәйкес берілген жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.
4. Кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле-, радиоарналар құқық иелері арасындағы өзара есепке жатқызу негізінде міндетті теле-, радиоарналардың трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары жүзеге асырады.
39-бап. Дара спутниктік қабылдау
1. Жеке және заңды тұлғалардың дара спутниктік қабылдауы одан әрі ретрансляциялау құқығынсыз жүзеге асырылады.
2. Телевизиялық сигналдың дара спутниктік қабылдауын қамтамасыз ету үшін «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестігі растаудан өткен дара спутниктік қабылдау құрылғылары пайдаланылуға тиіс.
40-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі
1. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі - бір үй және (немесе) бірнеше үй шегінде теле-, радиоарналарды қабылдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені.
2. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық мақсаттарды көздейтін қызмет кабельдік телерадио хабарларын таратуға теңестіріледі және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялануға жатады.
3. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін, бір үй шегіндегі ұжымдық қабылдау жүйесі үйдің меншік иелерінің жазбаша келісімімен ғана орнатыла алады. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін бірнеше үйлер шегінде ұжымдық қабылдау жүйесі, егер осы үйлердің меншік иесі бір жеке немесе заңды тұлға болып табылса, орнатыла алады.
4. Ұжымдық қабылдау жүйелері телерадио хабарларын таратудың басқа операторларының хабар тарату сапасына әсер етпеуге тиіс.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ғимараттарының күту залдарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар ғана таратылады.
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
41-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Өтпелі ережелер
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін аналогтік эфирлік телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеп тұруы қамтамасыз етіледі.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша уәкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындаған тәртібіне сәйкес цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу мерзiмдерiн оған көшкенге дейін кемiнде алты ай бұрын белгілейді.
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін мемлекеттік емес еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін телевизиялық хабарларды таратуды ұйымдастыру бойынша қызметпен айналысу үшін бұрын берілген лицензиялар және жиіліктер белдеуін, радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсаттар қолданылады. Бұл ретте теле-, радиокомпаниялар осы Заңның талаптарына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейінгі бір жыл ішінде телеарналарды есепке қоюды жүзеге асыруға міндетті.
4. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу кезінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер арқылы таратылатын телеарналар аталған жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) босатады және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы оларды цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың телеарналар топтамасына міндетті түрде тегін қосады. Бұл теле-, радиоарналарды тарату жасалған шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейін аналогтік телерадио хабарларын тарату кезінде телеарналарға радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттар және телевизиялық хабарларды таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиялар өз күшін тоқтатады.
6. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында теле-, радиохабарлар таратудың ұлттық операторы жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатты конкурс өткізілместен алады.
7. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде есепке қоюды жүзеге асырады.
8. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін телерадио хабарларын тарату қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторлары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде лиценциясын қайта ресімдеуге міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған шетелдік теле-, радиоарналар оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркетуді жүзеге асыруға міндетті.
Шетелдік теле-, радиоарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті алты ай өткеннен соң кері қайтарып алады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 9-2-тармақпен толықтырылды
9-2. 2020 жылғы 1 шілде - 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде уәкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына аналогтік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша таратуды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сәйкес өтейді.
10. 10-баптың 2-тармағының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.