Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1227 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесілілік табелі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Жедел | Статистикалық зерттеулерді аумақтық деңгейде жедел жүзеге асыру үшін | Ақмола облысының Статистика департаменті | 18 |
Ақтөбе облысының Статистика департаменті | 12 |
Алматы облысының Статистика департаменті | 19 |
Атырау облысының Статистика департаменті | 7 |
Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті | 18 |
Жамбыл облысының Статистика департаменті | 10 |
Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті | 12 |
Қарағанды облысының Статистика департаменті | 16 |
Қостанай облысының Статистика департаменті | 19 |
Қызылорда облысының Статистика департаменті | 7 |
Маңғыстау облысының Статистика департаменті | 6 |
Павлодар облысының Статистика департаменті | 12 |
Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті | 13 |
Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті | 14 |
»; |
2) «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағанындағы «1720151,0» деген сандар «1434671,0» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолда:
2-бағандағы «бағдарламалық өнімдерді» деген сөздерден кейін «, автокөлік құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
6-бағандағы «519333,0» деген сандар «804813,0» деген сандармен ауыстырылсын;
3) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:
осы қаулыға 384-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Облыстық департаменттер құрамындағы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың статистика бөлімдері үшін автокөлік құралдарын сатып алу».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |