9. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауы, бөлiмі, бөлiгі, сондай-ақ тараудың параграфы мен бөлiмнің кіші бөлiмінің тақырыптары болуға тиiс.
Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актілерді қоспағанда, заңнамалық актілер баптарының тақырыптары болуға тиіс.
Нормативтік құқықтық акт бөліктерінің, бөлімдерінің, кіші бөлімдерінің, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екі, ал келесі мәтіннен бір жоларалық интервалмен бөлінеді.
10. Кодекстiң құрылымына мазмұн кіреді.
11. Нормативтік құқықтық актінің құрылымына қосымшалар енгізілуі мүмкін.
19-бап. Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұны мен жазылу стиліне қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi, функциялары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік басқару деңгейi бойынша аражігі айқын ажыратылып белгiленуге тиiс.
Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
2. Нормативтік құқықтық актінің мәтіні бірыңғай қаріппен басылуға тиіс.
3. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тіл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелері барынша қысқа болуға, нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде мағыналық және құқықтық жүктемесі жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиіс.
Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігінде жазылған құқық нормасы дәл осы актінің басқа құрылымдық бөліктерінде қайталап жазылмайды.
4. Нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар мемлекеттік органдардың не, қажет болғанда, олардың басшыларының атына жолдануға тиіс.
Тапсырма беруші адамға бағынысты емес мемлекеттік органдарға қатысты нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келісім бойынша жазылуға тиіс. Келісілген жағдайда мемлекеттік органның атауынан кейін «(келісім бойынша)» деген белгі көрсетіледі.
5. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың атаулары ресми атауына сәйкес толық және бүкіл мәтін бойынша бірізді жазылуға тиіс.
Нормативтік құқықтық акт мәтінінің қарапайым және ықшам болуын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық акт мәтінінің өзінде қысқартудың не аббревиатураның мағынасын таратып жаза отырып, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың атауларын қысқартуға жол беріледі.
6. Нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгілермен белгілеуге, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін ерекшелеп және астын сызып көрсетуге жол берілмейді.
20-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң құрылымдық бөліктеріне сiлтеме жасау, нормативтiк құқықтық актiлердің құрылымдық бөліктерінде осындай актілердің басқа құрылымдық бөліктеріне сiлтеме жасау. Нормативтiк құқықтық актiлерде басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң құрылымдық бөліктерін келтіру
1. Қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерде жоғары деңгейлердегі нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөліктеріне сілтемелер жасалуы, сондай-ақ осындай актілерге сілтеме жасала отырып, жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерден жекелеген құқық нормалары келтірілуі мүмкін.
2. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінде оның басқа құрылымдық бөліктеріне сілтемелер жасауға құқық нормаларының өзара байланысын көрсету не қайталауды болғызбау қажет болатын жағдайларда ғана жол беріледі.
3. Жолдарға және сөйлемдерге сілтеме жасау кезінде олардың нөмірленуі реттік сан есімдермен (жазумен) белгіленеді.
4. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде құрылымдық бөлікке сілтеме оның рет нөмірін жазумен немесе цифрлармен (оларды белгілеу үшін сын есімдерді пайдалануға жол берілмейді) көрсету арқылы келтіріледі.
5. Нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде келесі кезектілігімен оның тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және осы нормативтік құқықтық актінің нысаны көрсетіледі.
Заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарын қоспағанда, олар тіркелген нөмірлерді көрсету талап етілмейді.
6. Егер нормативтік құқықтық актінің мәтінінде бір нормативтік құқықтық актіге екі және одан артық сілтемелер қатарынан келтірілсе, онда осы нормативтік құқықтық актінің толық тақырыбы оған кейіннен сілтеме жасала отырып, бір рет (мәтінде бірінші аталған кезде) көрсетіледі.
7. Егер нормативтік құқықтық актіде қосымшаларға сілтемелер болса, онда, нормативтік құқықтық актіге бір қосымша болатын жағдайды қоспағанда, нормативтік құқықтық актінің мәтінінде олардың аталу тәртібімен берілетін қосымшалардың нөмірлері көрсетіледі.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
1. Заңдарды қоспағанда, нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында актінің нысанына, қабылданған күніне, тіркеу нөміріне және тақырыбына сілтеме қамтылуға тиіс.
Нормативтік құқықтық актіге немесе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында бірінші кезекте «өзгерістер» немесе «өзгеріс» деген сөз көрсетіледі.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, сондай-ақ жақшада - олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты, ал оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында тиісті заңнамалық актінің жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не, егер заңнамалық акт аталған жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымның өзге де дереккөзі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ, жақша ішінде - «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» жинағында олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер нормативтік құқықтық акт көрсетілген жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланған жылы, күні, айы және ресми жарияланымның өзге де дереккөзінің атауы көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
3. Үш және одан да артық нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жекелеген қосымшалармен ресімделетін тізбелер жасалады.
Көрсетілген талап заңнамалық актілерге қолданылмайды.
4. Сол бір нормативтік құқықтық актіге енгізілетін барлық өзгерістер және (немесе) толықтырулар бір тармақпен немесе тармақшамен көзделеді. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілер олардың заң күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған (шығарылған) күні бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
Қабылданған сол бір күннің шегінде нормативтік құқықтық актілер олардың тіркеу нөмірлеріне немесе ресми жарияланым дереккөздеріндегі құжаттардың нөмірлеріне сәйкес көрсетіледі.
5. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ондай құрылымдық бөлік жаңа редакцияда жазылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заң жобаларын қарау кезінде қолданылмауы мүмкін.
6. Жаңа құрылымдық бөліктер, сондай-ақ қосымшалар нормативтік құқықтық актінің мәтініне дәл сондай соңғы құрылымдық бөліктерден кейінгі рет нөмірлерімен немесе дәл сондай құрылымдық бөліктер арасына нормативтік құқықтық актінің өздері соңынан келетін сол құрылымдық бөліктерінің нөмірлерін қайталайтын қосымша нөмірлермен енгізіледі, мысалы: 2-1, 2-2-тармақтар; 8-1), 8-2) тармақшалар; 5-1-бөлім; 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалар.
Егер нормативтік құқықтық акт қосымшамен толықтырылса, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық актіні қосымшамен немесе нормативтік құқықтық актінің туынды түрімен толықтыру туралы тармақ (тармақша) енгізіледі.
7. Құпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер тізбеге олардың тақырыбы көрсетілместен енгізіледі.
8. Нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
Заң жобаларын жаңа редакцияда ресімдеу кезінде көлемді айқындау бірлігі бап болып табылады.
Өзге де нормативтік құқықтық актіні жаңа редакцияда ресімдеу кезінде көлемді айқындау бірлігі тармақ болып табылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заңдардың жобаларын қарау кезінде қолданылмайды.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 21-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-1-бап. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
1. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.
2. Жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылады.
Бұл талап жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің жекелеген құқық нормаларын іске асыру үшін төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, одан сол құқық нормалары алып тасталған жағдайларда да қолданылады.
Күші жойылды деп танылуға жататын нормативтік құқықтық актілер олардың заң күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған күні бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, сондай-ақ жақшада - олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты, ал оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында тиісті заңнамалық актінің жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер заңнамалық акт аталған жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымның өзге де дереккөзі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ, жақша ішінде - «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» жинағында олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер нормативтік құқықтық акт көрсетілген жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланған жылы, күні, айы және ресми жарияланымның өзге де дереккөзінің атауы көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
4. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға жататын нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың құрылымдық бөліктерінің тізбесі, не нормативтік құқықтық актінің өзінде немесе оны қолданысқа енгізу тәртібі туралы актіде қамтылуға тиіс.
5. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылған кезде ондай бөліктер алып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады. Сақталған нөмірге нормативтік құқықтық актінің (немесе оның құрылымдық бөлігінің) күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актіге сілтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөліктердің нөмірлері өзгермейді.
6. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша үлкен бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге өзінің заң күшін сақтайтын құрылымдық бөліктер туралы ескертіліп, бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша кіші бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актіге қайшы келетін құрылымдық бөліктер ғана енгізіледі.
Бұл жағдайларда нормативтік құқықтық актінің көлемі осы Заңның 21-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалады.
7. Басқа нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларын қайталайтын және жаңа құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер де күші жойылды деп танылуға жатады.
8. Негізгі нормативтік құқықтық акті де, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер (немесе олардың құрылымдық бөліктері) де күші жойылды деп танылуға жатады. Күші жойылды деп танылуға жататын қандай да бір нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық бөлігінің редакциясы бірнеше мәрте өзгерген жағдайда, тізбеге негізгі нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген барлық нормативтік құқықтық актілер дербес тармақтар түрінде енгізіледі.
Көрсетілген талап заңнамалық актілерге қолданылмайды.
9. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануды көздеген басқа нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық бөлігінің күші жойылды деп танылса, бұрын қабылданған актілердің қолданысы қайта жаңғыртылмайды.
10. Күшіне енбеген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға болмайды. Қажет болған жағдайда мұндай нормативтік құқықтық актілер қабылданбауы мүмкін.
11. Қолданылу мерзімі өткен нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөліктері күші жойылды деп танылуға жатпайды.
Егер нормативтік құқықтық актіде қолданылу мерзімі өткен құқық нормаларымен қатар күші жойылды деп танылуға жататын құқық нормалары қамтылса, тізбеге бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
12. Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігінде күші жойылды деп танылуға жататын қосымша көрсетілсе, онда тізбеге осы құрылымдық бөлік қана енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігінде қосымшаны бекітумен қатар өз күшін сақтайтын құқық нормасы қамтылса, ал қосымша күші жойылды деп танылуға жатса, онда тармақ тізбеге қосымшаға қатысты бөлігінде енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
13. Егер нормативтік құқықтық актінің жекелеген құрылымдық бөліктерінің күші толығымен, ал басқа құрылымдық бөліктердің күші ішінара жойылуға жатады деп танылса, онда ең алдымен толығымен күші жойылды деп танылуға жататын құрылымдық бөліктер көрсетіледі.
21-2-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу
1. Қосымшалар нормативтік құқықтық актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актіге берілетін графиктер, кестелер, схемалар, карталар, тізбелер және басқа да қосымша құжаттар қажет болған жағдайда бөлек қосымшалармен ресімделеді.
3. Қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында қосымша соған сәйкес бекітілген нормативтік құқықтық акт, актінің қабылданған күні және оның тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс.
4. Егер нормативтік құқықтық актіге бірнеше қосымша болған жағдайда, әрбір қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында оның рет нөмірі, сондай-ақ қосымша соған сәйкес бекітілген нормативтік құқықтық актінің түрі, актінің қабылданған күні және оның тіркеу нөмірі көрсетіледі. Егер нормативтік құқықтық актіге қосымша біреу болса, онда ол нөмірленбейді.
5. Құпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу осы бапқа және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
21-3-бап. Заңнамалық актiнiң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiне енгізу және оны Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алу
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі және ол тек қана Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiнде iске асырылады. Заңнамалық актiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қазақ және орыс тiлдерінде, қағаз және электрондық жеткiзгіштер арқылы енгiзiледi.
Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережелерiн қара
2. Заңнамалық актінің жобасы бойынша ұсынылатын материалдарда мынадай қосымшалар болуға тиiс:
1) жобаны дайындаған мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы;
2) жобаны қабылдаудың қажеттігі негізделген, мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері кеңінен сипатталған түсіндірме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін - арнайы жолдау;
3) жұмыс тобы құрылатын жағдайда оның құрамы;
4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісу рәсімінен өтпеген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртібімен заң жобасын енгізетін жағдайларды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
5) осы Заңның 22-бабына сәйкес ғылыми сараптаманың қорытындысы және бар болған жағдайда өзге де сараптамалық қорытындылар;
6) егер заңнамалық актінің жобасы мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, қаржы-экономикалық есептеулер, сондай-ақ, әдетте, статистикалық деректер, заңнамалық актiнi қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары, бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары қосылмайды.
Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актінің жобасына заңнамалық актінің құрылымдық бөліктерінің қолданыстағы және енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың тиісті негіздемесі бар ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі ұсынылады.
3. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі өздері заң шығару бастамашылығы тәртібімен енгізген заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінен оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.
4-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама
06.03.02 ж. № 298-II ҚР Заңымен; 16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 22-бап өзгертілді; 2009.14.10. № 194-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері
1. Нормативтік құқықтық актілермен реттелетін құқық қатынастарға карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті.
2. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қау іпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін заңнамалық және өз ге де нормативтік құқықтық актілер дің жобаларына міндетті ғылыми экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
4. сараптама:
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
3) жобаның нормативтік құқық тық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау үшін жүргізіледі.
5. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Ғылыми сараптаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
23-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар
1. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын тиісті бейімді ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.