Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлуі мүмкін.
809-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн тоқтату
Осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарады.
42-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу
810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған адам анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ескерту жасауды қоспағанда, баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;
2) 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
5) 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) олар бойынша істерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілеттік берілген жұмыскерлері осы Кодекстің 804-бабының екінші бөлігінде көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған жағдайда қолданылмайды.
811-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға анықталған кезде, осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізу қозғайды және тұлғаға айыппұлды баптың санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.
Хаттама жасаған уәкілетті адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге адамға табыс етеді.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамның айыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төлеуге құқығы бар.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.
Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 43-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43-тарау. Уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы
812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын орын
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алыну жері бойынша қаралуы мүмкін.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы Кодекстiң 333, 334, 571, 572, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 625, 626, 627, 628, 629, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстiң 378, 379, 382, 383, 440 және 481-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде:
1) аталған iстi қарау өздерiнiң құзыретiне жата ма;
2) аталған iстi лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар бар ма;
3) өтiнiшхаттар, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттар және бас тартулар бар ма;
4) осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iстің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланған ба деген мәселелердi анықтайды.
2. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 814-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
814-бап. Лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар
Қарауына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс берiлген лауазымды адам, егер бұл адам:
1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болған;
2) iстiң шешiлуiне жеке өзі, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болған жағдайларда, аталған iстi қарай алмайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 815-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
815-бап. Лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде лауазымды адам өздігінен бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор лауазымды адамға қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдемелер жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жоғары тұрған лауазымды адам өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 816-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
816-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде орган (лауазымды адам) мынадай шешім қабылдайды:
1) iстiң қаралатын уақыты мен орнын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) егер осы iстi қарау өзінің құзыретiне жатпаса не судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіру туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;
5) осы Кодекстiң 812-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
3. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) іс жүргізуде сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекстiң 744-бабының төртiншi бөлiгiнде, 746-бабының алтыншы бөлiгiнде және 754-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмеуіне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын орган (лауазымды адам) аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 817-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді iстi қарауға құқық берілген орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап он бес тәулік өткен соң қаралды деп есептеледі.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстi қарап жатқан орган (лауазымды адам) iстiң қаралатын мерзiмiн ұзартуы, бiрақ бiр айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
3. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей қаралады.
4. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болатын тексеру нәтижелеріне және өзге де мән-жайларға шағым жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін соттың тиісті шешімі шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өткенге дейін ұзартады.
818-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртiбi
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралуға жататынын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылатынын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс бойынша іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті қарау туралы не iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iсті қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) iсті қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;
7) іс жүргізу тілін айқындайды, мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде ана тiлiнде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам өзі бiлетiн басқа да тiлде сөз сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегiн пайдалану құқығын түсiндiредi;
8) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiшхаттарды шешедi;
9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;
10) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
11) мыналарға: егер iсті қарайтын лауазымды адамға қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, оның өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуіне; егер қорғаушының, уәкiлеттi өкiлдің, сарапшының немесе аудармашының қарсылық білдіруі iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, олардың қарсылық білдіруіне; iстi қарауға қатысатын адамдардың келу немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
12) осы Кодекстiң 816-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
2. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер қозғауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі істі қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.
4. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер жүзеге асырылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 819-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
1. Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды ма, осы тұлға оны жасауға кiнәлi ме, ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады ма, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүлiктiк залал келтiрiлген бе, осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, істің өзге де материалдары дұрыс ресімделген бе, іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар, сондай-ақ тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар бар ма, соны анықтауға, сондай-ақ iстiң дұрыс шешілуі үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
2. Орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың анықталуын ескере отырып, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға салынған және осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.
820-бап. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
820-1-бап. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
821-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, мынадай қаулылардың бiрiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шешiм айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, ол қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, осы Кодекстің 817-бабына сәйкес қаралған деп саналады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орган (лауазымды адам) істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның қате екенін мойындай отырып, құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына немесе бап бөлігіне өзгертуге міндетті.
3. Көлік құралы жүргізушісін жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1. Азаматтық және қызметтік қару иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберу кезінде азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілетін адамға беріледі.
4. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 741-бабында көзделген іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 742-бабында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 32-бабына сәйкес тұлғаны тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдары тиiстi органдарға берілетiн жағдайларда шығарылады.
822-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаулы шығарған лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні;
2) iстiң қаралған күнi мен орны;
3) өзiне қатысты iс қаралған тұлға туралы мәлiметтер: жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, сәйкестендіру нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелерi;
4) қаралып жатқан iс бойынша iс жүргiзу тiлi;
5) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
6) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
7) iс бойынша шешiм;
8) қаулыға шағым жасаудың тәртiбi мен мерзімдері;
9) айыппұлды ерікті түрде төлеу немесе әкімшілік жазаның өзге түрін орындау мерзімдері көрсетілуге тиіс.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген, алынып қойылған заттары мен құжаттары туралы, заңды тұлғаға тиесiлi алынып қойылған құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге және көрсетілуге тиiс, бұл ретте:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнің Ерекше бөлiгi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады; қалған жағдайларда тиесiлiлігі бойынша қайтарылады;
2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;
3) құнды болып табылмайтын және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалар өтiнiшхат берген жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;
4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi тұлғаларға берiледi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы жазбаша ресімделеді және осындай қаулы шығарған лауазымды адам оған қол қояды не осындай қаулы шығарған лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 822-1-баппен толықтырылды
822-1-бап. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама және оны жіберу тәртібі
1. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамада мыналар көрсетілуге тиіс: