аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды
10. Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі, - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды; 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кірмеуі және (немесе) уақтылы кірмеуі, -
лицензиядан айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
248-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар
1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі
Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару
Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
251-бап. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына ұлттық валюта мен шетел валютасын:
1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық валюта мен шетел валютасындағы түсiмдердi;
2) резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валюта мен шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған, ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып түскен және егер осы әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайларда басталады.
Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу
1. Қазақстан Республикасының резиденттері арасында тыйым салынған валюталық операцияларды жүргізу, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында осындай талап белгіленген кезде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүргізбеу, Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу
Арнаулы валюталық режимді:
1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау;
2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу -
жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің жарнаманы жариялау кезiнде анық емес мәлiметтер ұсыну және тарату арқылы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау -
жеке және заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 256-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
256-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп: облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын есептілік, білікті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының тізімі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушының есептілігі түсініледі.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір күннен кешіктірмей есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты берген жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары осы баптың екінші бөлігінде жауаптылық көзделген бұзушылықтарды уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасын алған күнге дейін жойған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Акционерлердің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көзделген құқықтарын бұзу және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бағалы қағаздар эмитентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын бұзуы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды жүзеге асырмауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
258-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 259-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәмiлелер жасауы -
жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы -
жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 260-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар нарығына басқа кәсiби қатысушыға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 261-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
261-бап. Эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібін бұзуы
1. Эмитенттің орталық депозитарийге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі эмитенттің жеке шоттары бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін құжаттарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Эмитенттің осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, шет мемлекеттің аумағында мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру және (немесе) қызметін шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздары тізіміне мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды енгізу шарттары мен тәртібін бұзуы -
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Эмитенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптарды бұзуы, эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Егер құқық бұзушылық анықталған кезде эмитент:
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;
сот банкрот деп таныса, осы бапта белгіленген әкімшілік жауаптылыққа эмитенттер тартылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 262-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
262-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ірі мәмілені және (немесе) жасалуына мүдделілік бар мәмілені жасау кезінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздар нарығында өзі жүзеге асыратын кәсіби қызмет шеңберінде шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына қайшы келетін қаржы құралдарымен мәмілені және (немесе) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында жасаудан бас тарту үшін негіздер көзделген мәмілені жасауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Брокердің және (немесе) дилердің мәмілені жасау кезінде клиенттің тапсырысы болмай оны жасауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Инсайдерлердің қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері және (немесе) эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпарат беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер бұл әрекеттер ірі залал келтірмесе, -
жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға - төрт жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда өз қызметі туралы анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп рет) жария етуі және (немесе) ақпаратты белгіленген мерзімдерде жария етпеуі -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы баптың алтыншы бөлігінің мақсаттары үшін, өз қызметі туралы ақпарат деп бағалы қағаздар нарығы субъектісі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жария етуге жататын ақпарат түсініледі.
Бағалы қағаздар нарығының субъектілері:
1) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда, осы ақпаратты ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жария етілген жағдайда;
2) егер құқық бұзушылық анықталған кезде бағалы қағаздар нарығының субъектісі:
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;
сот банкрот деп таныса, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
263-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзуы
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) дербес шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті зейнетақы жинақтаушы қорының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 265-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
265-бап. «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 266-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы -
төлемдi жүзеге асырған тұлғаларға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
267-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан асырып қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
268-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыруы -
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -
жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.