2) жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінің төменгі кеңістіктік шекаралары көмірсутектер бойын- ша жер қойнауын пайдаланудан бос болса және оларға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салу белгіленбесе;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы жоймаған бұзушылықтар болмаса;
4) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және құзыретті орган бекіткен көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауыспаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекстің 129-бабының 1-тармағында көрсетілген міндеттемелер қабылданса, жүргізіледі.
Қабылданатын міндеттемелердің талаптары жер қойнауын пайдалану құқығы берілген талаптарға қарағанда, Қазақстан Республикасы үшін пайдасы аз болмауға тиіс;
5) кен орнын игеру жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) негізінде үш жылға дейінгі мерзімге жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде төменгі белдеулерді жете барлау бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі міндеттеме қабылданса, жүргізіледі.
Жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде төменгі белдеулерді жете барлау нәтижелері бойынша көмірсутектер кенжатынының (кенжатындар жиынтығының) табылғанын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 123-бабында көзделген тәртіппен осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген мерзім өткенге дейін растайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес берілетін өтінішке қосымша түрде мыналар:»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 1-1-тармағына сәйкес берілетін өтінішке қосымша түрде мыналар:
1) базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған және жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде төменгі белдеулерді жете барлау жөніндегі жұмыстарды көздейтін кен орнын игеру жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар);
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі, онда:
жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын тереңдету (келісімшартқа қосымша түрінде);
жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде төменгі белдеулерді жете барлау жөніндегі жұмыстарды жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын тереңдетуді көздейтін келісімшартқа толықтыру жасалған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімде жүргізу жөніндегі міндеттемелері;
жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган растаған төменгі белдеулерді жете барлау нәтижелері бойынша жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде табылған көмірсутектер кенжатыны (кенжатындар жиынтығы) болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 1-1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң жер қойнауы учаскесінің осындай бөлігін қайтару жөніндегі міндеттемелері көзделеді.»;
22) 114-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ консервациялауды көмірсутектер саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға жүзеге асырған жағдайда, жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайтару күніне дейін аяқталған;»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің немесе егер консервациялауды көмірсутектер саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жүзеге асырған болса, консервациялау актісінің көшірмесі;»;
23) 115-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының және екінші бөлігінің талаптары осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқандар санатына жататын кен орны (кен орындары) шегінде жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөліп шығаруға қолданылмайды.»;
24) 116-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «келісімшартты» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі үш жыл мерзімге белгіленеді.»;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «Бағалау» деген сөз «Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «жер қойнауын пайдаланушыға» деген сөздерден кейін «күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі «арналған келісімшарт бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 117-бапта:
тақырып «келісімшарт бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша барлаудың бастапқы кезеңінің жұмыстар бағдарламасы толық көлемде орындалған жағдайда, осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда ұзарту мүмкіндігі ескеріле отырып, осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі «келісімшарт бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақ «келісімшарт бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «келісімшарт бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3-2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
«келісімшарт бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«116-бабының 1-тармағында» деген сөздер «116-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «келісімшарттар бойынша» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңін ұзарту туралы өтінішке мыналар:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, барлау кезеңі ұзартылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемін, сипатын және орындау мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) мыналарды:
осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес барлау кезеңін ұзартуды;
жер қойнауын пайдаланушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшарттың ажырамас бөлігі ретінде оған қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру;
3) барлаудың бастапқы кезеңі ұзартылған жағдайда, осы Кодекстің 123-бабының 16-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп қоса беріледі.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «1 - 3» деген цифрлар «1, 2, 2-1, 3 және 3-2» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «болса, бас тартады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңінің жұмыстар бағдарламасы толық көлемде орындалмаса, бас тартады.»;
11-тармақтағы «келісімшарт шеңберінде барлау кезеңі аяқталған жағдайда» деген сөздер «келісімшарт, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде барлау кезеңі аяқталғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 118-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «келісімшарттар бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 119-бапта:
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді қабылдаудан басқа, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа елу және одан көп пайыз мөлшерінде үлестік қатысуы өндіру кезеңін бекіту шарты болып табылады. Бұл ретте көмірсутектер саласындағы ұлттық компания өндіру кезеңіне өту туралы өтініш берілген күнгі жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу деректеріне сәйкес барлауға жұмсалған шығындар үлесін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның пайдасына берілетін үлеске пропорционалды түрде жер қойнауын пайдаланушыға өтеуге міндетті. Шығындарды өтеу тәртібі мен шарттары тараптардың келісімімен айқындалады. Мұндай келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, көрсетілген шығындар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлес көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның пайдасына берілген күннен бастап алты ай ішінде өтелуге тиіс. Өндіру кезеңі бекітілгеннен кейін жұмсалған шығындар жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлестеріне пропорционалды түрде бөлінеді.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мен көмірсутектер саласындағы ұлттық компания осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттағы немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттағы үлесті беру шарттарын келісуге тиіс.»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа көмірсутектер саласындағы ұлттық компания да қол қоюға тиіс.»;
28) 123-бапта:
2-тармақ:
«ескере отырып,» деген сөздерден кейін «осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыға барлау кезеңінің алғашқы үш жылы үшін көзделген жұмыстар бағдарламасын толық көлемде орындағанға дейін ұңғымаларды бұрғылауды жүргізуге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу барлау кезеңінің алғашқы үш жылы үшін көзделген жұмыстар бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалған және осы баптың 16-тармағына сәйкес геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жағдайда қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
«16. Жер қойнауын пайдаланушы аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодекстің 132-бабына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті ұсынуға міндетті. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есепті барлаудың бастапқы кезеңінің жұмыстар бағдарламасында көзделген жұмыстардың толық көлемде орындалуы тұрғысынан бір ай мерзімде қарайды.
Есепті қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есепті келіседі немесе егер жұмыстар толық көлемде орындалмаған болса, келісуден бас тартады.
Есепті келісуден бас тартылған жағдайда, есепте мұндай бас тартудың негіздері, оларды жою жөніндегі шаралар мен мерзімдер көрсетілуге тиіс.
Егер есепті қарау немесе есепті келісуден бас тарту себептерін жою кезеңінде келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі аяқталған болса, онда аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың есепті қарау немесе есепте анықталған ескертулерді жою кезеңінде осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты қолданылуы жалғасады (шартты түрде ұзартылған деп есептеледі). Бұл ретте мұндай ұзартудың мерзімі үш айдан аспайды.
17. Егер шегінде жер қойнауы учаскесі орналасқан оның аумағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалғаннан кейін осы Кодекстің 36-бабының 1-5-тармағына сәйкес аз зерттелген аумақтарға жатпайтын аумақ ретінде танылса, келісімшарттың жұмыстар бағдарламасы жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, мұндай келісімшарт бойынша барлау шарттары барлау кезеңі ішінде сақталады.»;
29) 126-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бастауға міндетті. Егер жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланушының еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша басталмайтын болса, құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның өтініші бойынша көрсетілген мерзімді ұзартуы мүмкін;»;
30) 127-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстарды бастауға міндетті. Егер жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланушының еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша басталмайтын болса, құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның өтініші бойынша көрсетілген мерзімді ұзартуы мүмкін;»;
31) 130-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың талаптары:
1) осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар бойынша;
2) осы Кодекстің 148-1-бабына сәйкес мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлеміне қатысты көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өндіру кезеңінде қолданылмайды.»;
32) 132-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.»;
33) мынадай мазмұндағы 148-1-баппен толықтырылсын:
«148-1-бап. Мұнай алуды ұлғайту әдістерін қолдана отырып көмірсутектерді өндіру
Көмірсутек кен орындарында мұнай алуды ұлғайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар күрделілігіне қарай мұнай алуды ұлғайтудың дәстүрлі және арнаулы болып бөлінетін әдістерін қолдана алады.
Мұнай алуды ұлғайту әдістерін сыныптау, мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлемін есептеу тәртібі жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда айқындалады.
Мұнай алуды ұлғайтудың тиісті әдістерін қолдану түрлері мен шарттары кен орнын игеру жобасында белгіленеді.
Мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдануды ынталандыру мақсатында мынадай қолдау шаралары көзделеді:
мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлемін осы Кодекстің 130-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерден босату;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар.»;
34) 151-бап мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Табылған кенжатынның немесе кен орнының бір бөлігін қамтитын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, табылған кенжатынның немесе кен орнының басқа бөлігін қамтитын жер қойнауының басқа учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кенжатынның немесе кен орнының тиісті бөлігін қосу мақсатында жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтінішпен құзыретті органға жүгінуге құқылы.
Көрсетілген жағдайда жер қойнауы учаскесін ұлғайту осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жүргізіледі.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының ережелері қолданылмайды.
Бұл жағдайда бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы құрамы осы Кодекстің 107-бабының 9-1-тармағында айқындалатын жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлікті жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтініш берген жер қойнауын пайдаланушыға беруге міндетті. Берілетін жабдық пен өзге де мүлікті бағалау осындай жабдық пен мүлікті беру жүргізілетін салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тіркеп-белгіленген активтердің құны негізге алына отырып, салықтық есепке алу деректері бойынша жүргізіледі.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін басқа жер қойнауын пайдаланушыға бергеннен кейін оған жер қойнауын пайдаланудың салдарын жоюды қамтамасыз ететін кепіл нысанасы болып табылатын банктік салым шарты бойынша құқықтарды беруге міндетті.
6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелері жер қойнауының стратегиялық учаскелеріне қолданылмайды.»;
35) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) 153-1-баптың 3-тармағындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 723» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 757» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 160-баптың 3-тармағындағы «елу» деген сөз «жетпіс бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 163-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстің 176-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында немесе жобалау құжатында көзделген уранның алынатын қорларын толық әзірлеген;
2-2) осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған;»;
38) 164-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жабдық пен өзге де мүлік уран өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне ауысады, ол бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға осындай жабдық пен мүліктің құнын салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны негізінде мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерде төлейді:
берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны жер қойнауын пайдаланушының мүлкін беру жүргізілетін салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы салықтық есепке алуда көрсетілген, осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған құн мөлшерінде айқындалады. Берілетін тіркеп-белгіленген активтердің көрсетілген құны жер қойнауын пайдаланушының жабдығы мен өзге де мүлкін осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңде шығып қалған тіркеп-белгіленген активтердің сомасына да азайтылады.
Берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны болмаған немесе осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жабдық пен өзге де мүлікті беру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлік деп уранды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылатын мүліктік кешенді құрайтын өзара байланысты заттардың, мүліктік құқықтар мен материалдық емес активтердің жиынтығы түсініледі, олардың болмауы не жоғалуы жобалау құжаттарының көрсеткіштері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін қол жеткізілген өндірудің тоқтауына немесе өндіру деңгейінің төмендеуіне алып келеді және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне қатер төндіреді немесе төндіруі мүмкін. Оның ішінде, мұндай жабдық пен мүлікке ұңғымалар, құбыржолдар, өнімділік ерітінділері мен сілтісіздендірілген ерітінділерді бөлетін технологиялық тораптар, қышқылдандыратын технологиялық тораптар, құм тоғандар, жер қойнауы учаскесінде және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде орналасқан ғимараттар мен құрылысжайлар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың технологиялық процесін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілері, мүкәммал, шикізат, бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құжаттама, материалдық емес активтер және мүліктік кешеннің өзге де элементтері жатады.»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайда:»;
39) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) 173-бапта:
4-1-тармақ алып тасталсын;
39) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган уран өндіруге арналған келісімшарттың ережелерінде мынадай міндеттемелердің біреуінің бекітілуі шартымен өндіру кезеңін ұзарту туралы шешімді бес жұмыс күні ішінде қабылдайды:
1) уран саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы осындай ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушы болып табылады;
2) уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысының (акционерінің) уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын уран саласындағы ұлттық компанияға немесе онымен бірлесіп құрылған заңды тұлғаға мынадай шарттармен: