1) бiрiншi кезекте инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн үшiншi тұлғалардың және олардың алдындағы қор мiндеттемелерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындағанға дейiн құралған өзге де кредиторлардың, сондай-ақ пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдерi iшiнара орындалған тұлғалардың (пайлардың ақысын төлеген, бiрақ қор пайларын ұстаушылардың тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұлғалардың және пайларды сатып алуға өтiнiмдерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн негiз туындаған кезге дейiн қабылданған пай ұстаушылардың) шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
2) екiншi кезекте инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мен кастодианын қоспағанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезеңiнде оның активтерiн өткізудi және пайларын сатып алуды қамтамасыз ететiн тұлғалардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
3) үшiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату кастодианның қызметiне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылса, оның кастодиандық қызметке лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қоры кастодианының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
4) төртiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату басқарушы компанияның қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
5) бесiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату тiркеушiнiң қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, инвестициялық пай қоры тiркеушiсiнiң қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
6) алтыншы кезекте пай ұстаушылар арасында активтерді бөлу жүзеге асырылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тоқтатылған кезде, қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты басқарушы компанияның шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.
3. Басқарушы компанияның инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ қор кастодианының кастодиандық қызметке берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қор активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезiнде басқарушы компанияның немесе кастодианның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.
4. Басқарушы компанияға және кастодианға берiлетiн сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының барлық активтерiн сату нәтижесiнде алынған ақша сомасының бес процентiнен аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының есебiнен өтеледi.
5. Осы бапқа сәйкес есеп айырысулар аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы:
1) қор кастодианының осы қордың барлық активтерiн бөлу туралы хабарламасын;
2) тiркеушiнiң осы қордың пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнiң жабылғаны туралы хабарламасын қоса отырып, уәкiлеттi органға ақпаратты табыс етедi.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті органға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы ұсынылған құжаттар алынған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қаралады. Ұсынылған құжаттар осы баптың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне пайлардың өтелгенi туралы мәлiметтер енгiзедi.
Құжаттар ұсынылмаған немесе оларда осы баптың 2-тармағында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатудан бас тартады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
7. Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тарту туралы шешімдері ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тартылған жағдайда, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған құжаттарды уәкілетті органға қайтадан ұсынады.
4-тарау. Иивестициялық қор активтерінің құрамы мен құны
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап тармақ өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы
1. Акционерлік (жылжымайтын мүлiк қорларынан басқа) және инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды.
2. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн қаржы құралдары, сондай-ақ мынадай инвестициялау объектiлерi:
1) ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелерi;
2) өндiрiстiк құрал-сайман және ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге қажеттi негiзгi құралдар құрайды.
Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) оны тәуелсiз бағалаушы мiндеттi түрде бағалауға тиiс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.
4. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен пайызын жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс.
Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына кiретiн мүлiк сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлiк қоры осы активтердiң мөлшерiндей резервтiк қор құрылуға тиiс.
5. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын жылжымайтын мүлiктi қайта бағалаудан түсетін табыстарды шегергендегі жылжымайтын мүлiк қорының инвестициялық табысының кемiнде елу пайызын жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған табыстар құрауға тиiс.
6. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:
1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;
2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;
3) коммерциялық емес ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар немесе қатысу үлестерi;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын және қаржы агенттiктерiнің агенттiк облигацияларын қоспағанда, бір заңды тұлғаның бір түрдегі (шығарылымдағы) орналастырылған қаржы құралдарының жалпы санының он бес пайызынан асатын мөлшерде осы түрдегі (шығарылымдағы) қаржы құралдары болмауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде не өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.
8. Бiр басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерi мен басқарушы компанияның өз активтерiнің қаржы рыногы лицензиаттарының дауыс беретiн акцияларына инвестицияларының жиынтық көлемi оларды сатып алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алуды талап ететiн мөлшерден аз болуға тиiс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9. Бiр тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтерi есебiнен инвестициялардың жинақталған мөлшерi:
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлiк қоры үшiн таза активтер құнының он бес пайызынан;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) акционерлiк инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшiн таза активтер құнының жиырма пайызынан аспауға тиіс.
3) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Осы тармақта белгіленген шектеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты қолданылмайды.
10. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайлардың номиналды құны көрсетілген валютамен екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне ғана инвестициялануы мүмкiн.
Инвестициялық пай қорының пайлары бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін депозиттеріне орналастырылатын екінші деңгейдегі банктер мына талаптарға сай болуға тиіс:
1) осы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты үлестес болып табылмауға тиіс;
2) екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс.
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Бухгалтерлік есеп және инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау
1. Инвестициялық қор активтерiнің, инвестициялық қордың таза активтерiнің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен, әдiстеме бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
3. Уәкiлеттi орган инвестициялық қор активтерiнiң, оның таза активтерiнiң құнын, пайдың есептiк құнын, пайды кейiннен орналастыру немесе сатып алу бағаларын, акционерлiк инвестициялық қордың акциясын сатып алу бағасын бағалау әдiстерi дұрыс қолданылмаған немесе құны дұрыс есептелмеген жағдайда, басқарушы компанияларға орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Акционерлік инвестициялық қордың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
5-тарау. Инвестициялық қордың активтерін басқару
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы
1. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында:
1) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының, кастодианы мен аудиторлық ұйымының толық атауы, олардың лицензияларының деректемелерi және орналасқан жерi;
2) инвестициялық қор активтерiн есепке алу және олардың құнын айқындау тәртiбi;
3) инвестициялық қордың активтерi есебiнен төленуге жататын, басқарушы компанияға, кастодиан мен өзге де тұлғаларға төленетiн шығыстар мен сыйақылардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерлерi;
4) дивидендтiк саясат;
5) инвестициялық қордың инвестициялық саясаты мақсаттарының, мiндеттерiнiң сипаттамасы;
6) инвестициялық қордың инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесi, мәмiле түрлерi, инвестициялаудың шарттары мен лимиттерi;
7) инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;
8) инвестициялық декларацияда айқындалған объектiлерге инвестициялауға байланысты тәуекелдер сипаттамасы, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар;
9) инвестициялық саясат бойынша осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шектеулер қамтылуға тиіс.
2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтыруларды осы инвестициялық қордың директорлар кеңесі бекітеді және олар бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға келiсуге табыс етіледі.
Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен келiсiлгенi туралы көрсетiле отырып, осы өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнi баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгiленген тәртiппен оны алғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң күшiне енедi.
40-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметi
1. Басқарушы компания осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде, сенiмгерлiк басқару шартында, инвестициялық декларацияда немесе инвестициялық қордың келісілген ережесінде белгiленген талаптарға сәйкес iс-әрекет жасау арқылы осы инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын ұстаушылардың мүддесiнде қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.
2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы акционерлік қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында қордың пай ұстаушыларының өкiлi болып табылады, оның дауыс беретiн акциялары осы қордың активтерiнiң құрамына кiреді.
3. Инвестициялық қорды басқарушы компания осы Заңда, сенiмгерлiк басқару шартында немесе қордың ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен инвестициялық декларацияға немесе қордың ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болуға құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Басқарушы компания қордың активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметке байланысты инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының өкiлi ретiнде болуға, сондай-ақ пай ұстаушылардың мүдделерi үшiн сотқа талап-арыз беруге құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бола алмайды.
6. Инвестициялық қордың мүлкi жетiмсiз болған жағдайда, инвестициялық қордың мүлкiне тиiсiнше басшылық жасалмауына байланысты туындаған берешектi басқарушы компанияның өз мүлкiнен ғана өндiрiп алуға болады.
41-бап. Инвестициялық қордың активтерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға байланысты тыйымдар
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Басқарушы компанияның өзi басқаратын инвестициялық қорға қатысты: 1) нәтижесiнде Қазақстан Республикасы заңдарында, инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе ережесінде белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;
2) инвестициялық қор активтерiн өтеусiз иелiктен шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;
3) инвестициялық қордың активтерiн өз мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың осы инвестициялық қордың активтерiн басқару жөніндегі қызметiмен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн пайдалануға;
4) өзiне тиесiлi активтердi инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);
5) активтердi кредитке сатуға;
6) инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу не инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алу үшiн қордың ақша нысанындағы активтерi жетiспеген кезде бұл үшiн осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып қарыз ақшаны пайдалану жағдайларын қоспағанда, инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен қайтарылуға тиiстi ақшаны немесе өзге де мүлiктi қарыз шарттарының талаптарымен алуға;
7) сенiмгерлiк басқару шартына, инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес шығыстарды өтеу мен сыйақы алу, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, басқарушы компанияның ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу үшiн пайдаланған ақша сомасын өтеу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын инвестициялық қордың активтерiн сатып алуға;
8) өзi басқаратын басқа инвестициялық қордың активтерiн инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатып алуға;
9) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда-саттық жүйесiнде ашық сауда-саттық әдiстерiмен жасалған мәмiлелердi қоспағанда, инвестициялық қордың активтерi есебiнен басқарушы компанияның аффилиирлендiрiлген тұлғаларынан инвестициялау объектiлерiн сатып алуға не оларға осы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың активтерiн сатуға;
10) бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында инвестициялық қор активтерiнiң құрамына осы қордың кастодианы, осы қор пайларын ұстаушылардың тiзiлімiн жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушiсі, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11) егер бағалы қағаздар актив болып табылған жағдайда, қамтамасыз етiлмеген мәмiлелер жасасуға («қысқа сауда-саттық») немесе мұндай мiндеттемелердi қабылдау кезiнде инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiрмейтiн не инвестициялық қордың кастодиандағы шотына есепке жатқызылмаған активтерді беру жөнiндегі мiндеттемелерді қабылдауға;
11-1) инвестициялық қордың акцияларын және пайларын осы жабық инвестициялық пай қорының активтері құрамына кіретін қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтерді шығарған (берген) заңды тұлғаларға өткізуге;
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу мақсатында жасалған мәмiлелердi, сондай-ақ базалық актив эмитентiнiң депозитарлық қолхаттарымен және опциондарымен мәмiлелердi қоспағанда, туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуға;
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен тармақ 13) тармақшамен толықтырылды
13) жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында инвестициялық қордың инвестициялық қызметінің бір жылға жетпейтін кезең ішіндегі кірістілігі туралы ақпаратты көрсетуге құқылы емес.
Осы баптың 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген шарттар сақталған жағдайда, осы тармақтың 6) тармақшасының талабы жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) және 11) тармақшаларының талаптары орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, ашық сауда-саттық әдісімен сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған қаржы құралдарымен мәмілелерге қолданылмайды.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн алынған қарыздың кез келген түрi бойынша инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын берешектердiң жиынтық көлемi инвестициялық қордың таза активтерi құнының он процентiнен аспауға тиiс.
Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн қарызға қаражат тарту мерзiмi (ұзарту мерзiмiн қосқанда) үш айдан аспауға тиiс.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған қарыз ақшаны пайдаланғаны үшiн сыйақы төлемдерi басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен өтелуге жататын қарыздың кез келген түрі бойынша берешектің жиынтық көлемі жылжымайтын мүлік қорының активтері құнының алпыс процентінен аспауға тиіс.
42-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының мiндеттерi
1. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы:
1) инвестициялық қор активтерiнiң құнын бағалауды, қозғалысын, құрамын және құнын есепке алуды, сондай-ақ пайларды одан әрi орналастырған немесе сатып алған кезде олардың құнын есептеуді жүзеге асыруға;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiнің бухгалтерлік есебін бөлек жүргiзудi және олар бойынша қаржылық және өзге де есептемені берудi жүзеге асыруға;
3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет кастодианмен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;
4) сенiмгерлiк басқару шартына немесе қордың ережелерiне сәйкес, мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет акционерлік инвестициялық қорға немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушыларға қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептiк құны туралы хабарлауға;
5) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор туралы ақпаратты ашуға мiндеттi.
2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерiмен мәмiлелер жасасқан кезде соның мүддесi үшiн iс-әрекет ететiн инвестициялық қордың атауын көрсетуге мiндеттi. Аталған талап бұзылған жағдайда басқарушы компания қабылданған мiндеттеменi өз есебiнен орындайды.
3. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн басқарушы компания үш жұмыс күнi iшiнде кастодианмен бiрлесiп инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын есептеуге және уәкiлеттi органға пайларды бастапқы орналастырудың нәтижелерi туралы есептi табыс етуге мiндеттi.
6-тарау. Инвестициялық қордың активтерін есепке алу және сақтау
43-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң сақталуын қамтамасыз ету
1. Инвестициялық қордың активтерiн кастодиан өз активтерiнен және оның өзге клиенттерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және сақтайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялық қордың активтерiн есепке алу және сақтау мақсатында, сондай-ақ қордың активтерiн инвестициялық басқаруға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу үшiн кастодиан шотты инвестициялық басқаруды қордың басқарушы компаниясының жүзеге асыратынын көрсете отырып, инвестициялық қордың шоттарын ашады (жүргiзедi).
3. Акционердiң немесе пайларды ұстаушының, басқарушы компанияның немесе кастодианның мiндеттемелерi бойынша, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, инвестициялық қордың активтерiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi.