6) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы куәлікті ресімдейді.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы берілген куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы білім алушының білім беру гранты бойынша осы ЖЖОКБҰ-да 2 немесе 3-курстан бастап өтініш білдірген білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім алуын жалғастыру туралы бұйрық шығарады.
Бұл ретте Қағидалардың осы тармақта көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған жоғары білімнің білім беру гранттарына қабылдау кезінде міндетті құрамдас пәндердегі академиялық айырмашылық түріндегі пререквизиттер курстың жоғалуына әкелмейді және тегін негізде меңгеріледі.
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын республикалық комиссия бір білім беру саласы ішінде өту балы жоғары адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мәлімделген тобы бойынша осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға, резервте көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын, сондай-ақ жекелеген ЖЖОКБҰ-ға көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын беру туралы шешімді республикалық комиссия қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган республикалық комиссия шешімінің негізінде бұйрық шығарады және оқуға түсушілерге жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік береді.
Жоғары білімнің білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары түсушілердің конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 20 тамыздан кешіктірмей береді.
Грант иегері жоғары білімнің білім беру грантынан бас тартқан жағдайда жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік және талапкердің өтініші білім саласындағы уәкілетті органға 29 тамызға дейін тапсырылады және күнтізбелік үш күн ішінде күші жойылады.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы күнді және білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акті жасайды және ЖЖОКБҰ-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады.
Босаған білім беру гранттарын республикалық комиссия осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы жоғары білімнің білім беру грантынан бас тартқан тұлғалардың куәліктерінің білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру грантын тағайындау, білім беру грантын беру туралы куәлікті беру, білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
3-тарау. «Магистр» дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.09.02. № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 20-тармақ жаңа редакцияда
20. «Магистр» дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ) нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде беріледі.
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.15.08. № 599 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста - КТ нәтижелерінің балдары, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша КТ нәтижелерінің балдары, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін КТ нәтижесі бойынша:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратураға, оның ішінде шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша - кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға - кемінде 50 балл жинау қажет.
КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары адамға басым құқық беріледі, одан кейін білім алуға әзірлігін айқындау бойынша тест нәтижесі, бұдан әрі - шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) ескеріледі.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының топтары, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар стандартталған GRE (Graduate Record Examinations - Грэдуэйт Рекорд Экзэминейшнс) тестілеуінің халықаралық сертификаты болған жағдайда оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуге арналған КТ-ден босатылады.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші 20 тамызға дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті береді.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
23. Республикалық комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 27 тамызға дейін береді.
Қабылданғанға дейін жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлік білім саласындағы уәкілетті органға жіберіледі және күнтізбелік үш күн ішінде күші жойылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы күнді және білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖЖОКБҰ-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады.
Босаған білім беру гранттарын республикалық комиссия осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттарынан бас тартқан тұлғалар куәліктерінің білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлікті беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
4-тарау. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.08.06. № 362 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі - босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.
Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖЖОКБҰ-ның сайтында (білім беру порталында) орналастырылады.
Үлгерімнің GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), одан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалары бар, бұдан әрі - аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
2) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;
3) ЖЖОКБҰ ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды.
Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімдері, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;
4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберілген бос білім беру гранттарын комиссия үміткерлердің болмауына байланысты конкурстық негізде қайта тағайындайды;
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және ЖЖОКБҰ ұсынған бос білім беру гранттары үміткерлер болмағанда білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында жарияланады;
6) конкурс білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;
7) білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және оң шешім шығарған жағдайда босаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранты даярлық бағытының ішінде немесе білім беру саласында қайта бөлінеді);
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО білім беру грантын беру туралы куәлікті ресімдейді және деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖЖОКБҰ-ға жібереді;
9) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады.
25. ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған, пайдаланылмаған бос білім беру гранттары куәліктерінің білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
5-тарау. «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру тәртібі
26. «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты (бұдан әрі - ЖАО білім беру гранттары) тиісті облыс және (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын ЖАО конкурстық комиссиясы өткізеді.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27. ЖАО білім беру гранттары өңірдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріліп, ҰБТ немесе КТ нәтижелеріне сәйкес беріледі.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. ЖАО білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 5-10 тамыз аралығында осы Қағидалардың 7-10-тармақтарына сәйкес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін 24-25 тамыз аралығында осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурс осы Қағидалардың 13-16, 21 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен өткізіледі.
29. ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.
ЖАО білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.
30. ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәліктің негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы ЖАО білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
ЖАО білім беру гранты иегерімен «ЖАО-студент-ЖЖОКБҰ» үш жақты шарт жасалады.
Грант иегері ЖАО білім беру грантынан бас тартқан жағдайда ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік жойылады, білім беру гранты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде беріледі.
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы күнді және ЖАО білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖЖОКБҰ-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде ЖАО-ға тапсырады.
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.
31. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ЖАО білім беру гранттарын беруді жазғы және қысқы демалыс кезінде осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде бос орындарға беруді ЖАО комиссиясы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 58 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Мемлекеттік білім гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 512-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы №1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 807 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 24, 206-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы №1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы № 1517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 40, 522-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 214-құжат).