5) бесінші бөлiкте - тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;
6) алтыншы бөлiкте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
7) жетінші бөлiкте - конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;
8) сегізінші бөлікте - конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін;
9) тоғызыншы, он бірінші және он екінші бөліктерде - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
10) он үшінші бөлікте - конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзуы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпараты бар кредиттiк тарих субъектiсi және (немесе) кредиттік есеп туралы терiс ақпарат ұсыну жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушiнiң кредиттік тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы мәліметтерді кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) беруі және (немесе) кредиттiк есептi алушының ақпарат субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды беруi, сондай-ақ оны дұрыс ресiмдемеу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ақпарат берушiнiң Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттiк тарих субъектiсiнен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.
209-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу
Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтiнiмi үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзу барысында концессиялық өтiнiмнiң бастапқы параметрлерiне және сипаттамаларына өзгерiстер енгiзу -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта лауазымды адамдар деп концессия жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшыларын немесе конкурсты ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн жауапты, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдарды түсiну керек.
210-бап. Тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық шартты (түпнұсқаны немесе оның көшірмелерін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзу
1. Уәкiлеттi банктердiң тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық шартты (түпнұсқа немесе оның көшірмелерін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзуi -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Егер валюталық шарт экспортпен немесе импортпен байланысты болса және келісімшарттың есепке алу нөмірін алуды талап етсе, валюталық шарттың түпнұсқасы немесе келісімшарттың есепке алу нөмірі алынғаны туралы белгісі бар оның көшірмесі беріледі.
211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Микроқаржы ұйымдарының «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микроқаржы ұйымының шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күнi таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында талап етiлетiн ақпаратты бермеуi, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуi не микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн мәлiметтердi қамтымайтын ақпаратты беруi не анық емес ақпаратты беруi -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Микроқаржы ұйымдарының клиенттермен жасасқан микрокредит беру туралы шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, сол сияқты микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Микроқаржы ұйымдарының клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну мерзiмдерiн бұзуы
1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы -
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банк холдингтерінiң, сақтандыру холдингтерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
213-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуі -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұратылатын ақпаратты беруі -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi, екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы -
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы -
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзып, сол сияқты олардың құқықтық қабiлетiнің шегiнен шығатын операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы -
заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға мәмiле сомасының бiр пайызы, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде төрт жүз және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есептіліктегі көрсеткiштердiң не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттермен жасасылатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде міндеттерін орындамауы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін асыруы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғалармен жасасылатын банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттары бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның қолданылу шарттарын бұзуы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын операциялар, өздерінің клиенттерi туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы не ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарының өз клиенттері мен өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға берілген ақпарат туралы хабарлауы -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алты айға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан (куәлігінен) уақытша айыра отырып не олардан айырып, немесе үш айға дейінгі мерзімге заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, адвокаттарға, нотариустарға, дара кәсіпкерлерге - төрт жүз, тауар биржалары, бухгалтерлік қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, микроқаржы ұйымдарына, банк болып табылмайтын электронды ақша жүйесі опреаторларына, ойын бизнесін және лотореяны ұйымдастырушыларға, пошта операторларына, аудиторлық ұйымдарға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
215-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзу
1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзуы, егер қаржы ұйымы анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде жоймаған жағдайда, -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банк конгломератының немесе сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, шоғырландырылған негізде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бұзуы, егер банк конгломератының немесе сақтандыру тобының бас ұйымы анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде жоймаған жағдайда, -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
216-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі
1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі -
лауазымды адамдарға - бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі -
лауазымды адамдарға - бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзуы
1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептілікті уақтылы ұсынбауы -
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша анық емес есептілікті ұсынуы -
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептілікті ұсынбауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
218-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзуы
1. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті уақтылы ұсынбауы -
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін анық емес есептілікті ұсынуы -
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті ұсынбауы -
заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыру
Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыруы -
бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 220-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды уақтылы орындамауы немесе «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерді бұза отырып, оны орындаудан уақтылы бас тартпау -
заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін, бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы -
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға әрбір төлем құжаты үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Нұсқауды орындаудан бас тарту үшін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған негіздер болмаған жағдайда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартуы -
заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.