2) өзге де мүдделі тұлғаларға - белгіленген тәртіппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге міндетті.
17-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты
1. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасу өсiмдiк шаруашылығының өнiмiн өндiрушiлер мен сақтандырушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ жаңа редакцияда; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Міндетті сақтандыру шарты кемінде бес ай және он екі айдан аспайтын мерзімге екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.
Мазмұнына қойылатын талаптар Ұлттық Банктің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн сақтанушының өтiнiшi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындаған егіс мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмейдi.
4. Мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) шарт күшiнiң мерзiмi аяқталғанда;
2) шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылғанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
5. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
6. Сақтанушы немесе шарт өзiнiң пайдасына жасалған өзге тұлға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылады.
18-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
19-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының