1. Экспорт кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оның шегінен тыс жерде тұрақты болуы үшін әкетіледі.
2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар, осы Кодекстің 386-бабының 4 және 7-тармақтарына сәйкес осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайтын жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін жоғалтады.
3. Мыналарға қатысты экспорт кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген:
осы Кодекстің 264-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін, осы Кодекстің 256-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;
осы Кодекстің 312-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;
Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Кодекстің 337-бабына сәйкес айқындаған жағдайларда арнайы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар;
осы Кодекстің 359-бабының 5-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдау көлік құралдары;
осы Кодекстің 386-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары;
2) осы Кодекстің 264-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін қайта өңдеу өнімдері;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін осы Кодекстің 312-бабының 5-тармағында көрсетілген тауарлар.
4. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оларды әкелместен экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
5. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің немесе еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 287-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарлар және осы Кодекстің 296-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан осындай тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырған күннен кейінгі күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде әкетілуге тиіс.
Аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін экспорт кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылады, ал осындай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
Көрсетілген тауарларды кеден органдары, егер экспорт кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған кезде олар АЭА аумағында не еркін қоймада болса, кідіртпейді.
220-бап. Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
осы Кодекске сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу;
осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы екіжақты халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де шарттарды сақтау болып табылады.
221-бап. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі
1. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанда;
2) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде олар өндіріп алынғанда;
3) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
6) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет, егер осы Кодексте өзге мерзім белгіленбесе, экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін орындауға жатады (кедендік әкету баждары төлеуге жатады).
4. Кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескеріле отырып, кедендік әкету баждары тауарларға арналған декларацияда есептелген кедендік әкету баждары сомасының мөлшерінде төлеуге жатады.
24-тарау. КЕДЕНДІК ТРАНЗИТ КЕДЕНДІК РӘСІМІ
222-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімінің мазмұны және оның қолданылуы
1. Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.
2. Кедендік транзит кедендік рәсімі:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылмаған шетелдік тауарларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың:
Комиссия айқындайтын жағдайларда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған;
осы Кодекстің 287-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, АЭА бір аумағынан АЭА басқа аумағына тасымалданатын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларын тасымалдау (тасу) үшін;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мен осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау (тасу) үшін қолданылады.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды:
1) келу орнындағы кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;
2) келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін;
3) ішкі кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;
4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін;
5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен кеден органдары арасында тасымалдау (тасу) кезінде қолданылады.
4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
5. Осы Кодекстің 390-бабы 3-тармағында көрсетілген жағдайды және осы Кодекстің 387-бабы 17-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін сақтайды.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін мынадай шетелдік тауарлар:
1) халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде тауарларды түсірмей (тиеп-жөнелтпей) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына аралық, мәжбүрлі немесе техникалық қонған әуе кемесіндегі осы тауарлар;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарынан қозғалмаған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кететін тауарлар;
3) электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар;
4) осы Кодексте көзделген жағдайлардағы өзге де тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайды.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.
8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтықтың тауарлары мен осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі осы Кодекстің 45-тарауында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
9. Жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне, құбыржол көлігімен алып өтілетін тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі осы Кодекстің 346, 368 және 377-баптарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
10. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін уәкілетті орган айқындайды.
11. Халықаралық тасымалдың бір немесе бірнеше көлік құралымен белгілі бір кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа екі немесе одан да көп мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалданатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
12. Көліктің әртүрлі (екі және одан да көп) түрімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
223-бап. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) шетелдік тауарларға қатысты - осы Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
2) шетелдік тауарларға қатысты - Комиссия айқындайтын жағдайларда осы Кодекстің 226-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген тәсілдермен тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4) егер тауарлар көлік құралының кедендік пломбалар салынған және мөр басылған жүкжайларында (бөлікжайларында) тасымалданатын болса, халықаралық тасымалдау көлік құралының осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
5) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын, оның ішінде пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары осы Кодекстің 387, 388 және 389-баптарында айқындалған.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын, көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданатын тауарлардың декларанты ретінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие болатын және тауарлардың осылай тасымалдануын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы әрекет ете алады.
4. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес кедендік транзит мерзімін белгілейді, осы Кодекстің 225, 346, 387-баптарына сәйкес тауарларды жеткізу орнын айқындайды, осы Кодекстің 427-бабына сәйкес тауарларды, оларға арналған құжаттарды сәйкестендіруді жүзеге асырады.
Тауарларды су немесе әуе кемелерімен тасымалдауды қоспағанда, егер тауарларды тасымалдау осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін көлік құралының жүкжайларында (бөлікжайларында) немесе оның бөлігінде жүзеге асырылатын болса, осы Кодекстің 427-бабында көзделген сәйкестендірудің өзге де тәсілдерінен басқа, сәйкестендіру осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралының осындай жүкжайларына (бөлікжайларына) немесе оның бөлігіне пломбалар салу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
Тірі жануарларды, пошта ыдыстарындағы (пошта қаптарындағы, пошта контейнерлеріндегі) халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайтын тауарлармен бірге көлік құралының бір жүкжайларында (бөлікжайларында) немесе оның бөлігінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы бойынша тасымалдау кезінде көлік құралдарының жүкжайларына (бөлікжайларына) немесе оның бөлігіне пломбалар салу талап етілмейді.
224-бап. Кедендік транзит мерзімі
1. Жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі - кедендік транзит мерзімі) белгілейді.
2. Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.
Көліктің өзге де түрлерімен тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі көліктің түрі және көлік құралының мүмкіндіктері, тауарлар тасымалдаудың белгіленген маршруты, басқа да тасымалдау шарттары және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушының өтініші негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көлік құралы жүргізушісінің еңбек пен демалыс режимінің талаптары ескеріле отырып, тауарлар тасымалдаудың (тасудың) қалыпты мерзіміне сәйкес белгіленеді, бірақ ол кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспауға тиіс.
3. Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін негізге ала отырып, Комиссия айқындайтын мерзімнен аспауға тиіс.
4. Кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалдаушының уәжді өтініш жасауы бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнің шегінде ұзартылуы мүмкін.
Кедендік транзит мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
225-бап. Тауарларды жеткізу орны. Тауарларды жеткізу орнын өзгерту
1. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар жеткізілуге тиіс орынды (бұдан әрі - тауарларды жеткізу орны) айқындайды.
2. Егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, тауарларды жеткізу орны көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген межелі пункт туралы мәліметтер негізінде айқындалады.
Межелі кеден органы қызметінің аймағындағы кедендік бақылау аймағы тауарларды жеткізу орны болып табылады. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, келу орнынан тасымалданатын тауарлар кеден органы тұрған жерге жеткізіледі.
Осы Кодекстің 404-бабына сәйкес құрылған, межелі станциядағы, межелі станцияның кірме жолдарындағы немесе межелі станцияға тікелей жапсарлас жатқан жалпы пайдаланыламайтын теміржолдардағы кедендік бақылау аймағы теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлардың жеткізу орны болып табылады.
3. Жөнелтуші кеден органы Қазақстан Республикасының аумағы шегінде тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын:
1) көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, жеткізу орнын белгілеу үшін негізді растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның сұрау салуы бойынша;
2) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын жағдайларда белгілеуге құқылы. Бұл ретте жөнелтуші кеден органы белгілеген жеткізу орнына дейін тауарларды жеткізу бойынша тасымалдаушының шығындары көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген жеткізу орнына дейін тауарларды жеткізу бойынша шығындарға сәйкес болуға тиіс.
4. Жөнелтуші кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және (немесе) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын айқындауға құқылы.
5. Жөнелтуші кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде осы Кодекстің 387-бабының 8 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда және (немесе) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын айқындауға құқылы.
6. Кедендік бақылау аймағы болып табылатын, екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайлары, үй-жайлары (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдары (ашық алаңдардың бөліктері), егер осындай тауарлар көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес осындай уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдардың бөліктеріне) апарылатын болса, келу орнынан тасымалданатын тауарларды жеткізу орны ретінде айқындалуы мүмкін.
7. Егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес межелі пункт өзгеретін болса, тауарларды жеткізу орны кеден органының рұқсатымен өзгертілуі мүмкін. Тасымалдаушы жеткізу орнын өзгертуге кеден органының рұқсатын алу үшін тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы еркін нысанда жасалған өтінішпен өзі жүретін жолдағы кез келген кеден органына жүгінуге құқылы. Тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен бірге межелі пункттің өзгеруін растайтын құжаттар, транзиттік декларация және тауарларға арналған өзге де құжаттар ұсынылады.
Тауарларды жеткізу орнын өзгертуге арналған рұқсатты кеден органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті және құжаттарды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қабылдайды. Жеткізу орнын өзгертуге арналған рұқсатты бергеннен кейін жеткізу орны өзгертілген тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталады және тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
Тауарларды жеткізу орнын өзгертуге кеден органының рұқсатын алуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгертуге, егер мұндай жеткізу орны жөнелтуші кеден органы бастапқыда белгілеген тауарларды жеткізу орны орналасқандай кеден органы қызметінің сол бір аймағында орналасқан болса, жол беріледі.
226-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету
1. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы баптың және осы Кодекстің 354 және 370-баптарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес ұсынылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырудың шарты болған жағдайларда, мұндай қамтамасыз ету осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес ұсынылады.
2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды және халықаралық пошта жөнелтілімдерін қоспағанда, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер транзиттік декларацияны тіркеген күні тауарлар тарифтік преференциялар және тиісінше кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер немесе кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төлеуге жататын кедендік баждар, салықтар сомасы негізге алына отырып, бірақ егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа осы мүше мемлекеттердің аумағына тарифтік преференциялар және тиісінше кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер немесе кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған болса, аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа басқа мүше мемлекеттерде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан кем емес мөлшерде айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың сомасы осы Кодексте пайдалану тәртібі белгіленетін, қолда бар мәліметтердің негізінде айқындалуы мүмкін кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің ең жоғары шамасы, тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамалары (саны, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) негізге алына отырып айқындалады.
3. Комиссия құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды (тауарлардың құрауыштарын) кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін анықтау ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер мұндай қамтамасыз етуді ұсыну осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырудың шарты болып табылса, жиынтық түрде транзиттік декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз еуроға балама сомадан аспаса;
2) декларацияланатын тауарларды тасымалдауды (тасуды) жүзеге асыратын кедендік тасымалдаушы немесе бірінші немесе үшінші типтегі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет етсе;
3) осындай тасымалдау (тасу) көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып, тауарларды тасымалдаудың (тасудың) бір бөлігі болып табылатын жағдайды қоспағанда, тауарлар теміржол, әуе көлігімен тасымалданса немесе құбыржол көлігімен алып өтілсе;