78) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені әзірлеу;
79) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін айқындау;
80) шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беруге бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін айқындау;
81) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және жалға беру, күрделі жөндеу және ғимараттарды (құрылыстарды) жөндеу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау тәртібін бекіту;
82) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібін бекіту;
83) шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша шетелде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;
84) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қатарынан консультанттар мен сарапшыларды тарту;
85) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру;
86) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмге қоса берілетін инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілеу;
87) инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын белгілеу;
88) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актінің нысанын белгілеу;
89) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру тәртібін айқындау;
90) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмінің нысанын белгілеу;
91) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін бекіту;
92) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;
93) мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвесторларға осы қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындау;
94) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту;
95) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бекіту;
96) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындауды және енгізуді жүзеге асыру;
97) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеуді жүзеге асыру;
98) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;
99) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
100) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
101) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
102) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлеу және бекіту;
103) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимылының тәртібін бекіту;
104) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
105) дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын әзірлеу және бекіту;
106) мемлекеттік органдардың, оператордың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;
107) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асыру;
108) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналарды төлеу жоспарын бекіту және оны іске асыру;
109) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
110) оператордың дамуға ресми көмек үшін бөлінген бюджет қаражатын пайдалану саласындағы қызметіне мониторингті жүзеге асыру;
111) дамуға ресми көмек жобасына мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;
112) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
113) мыналарды:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді;
дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеуді жүзеге асыру;
114) мыналарды:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу;
дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу тәртібін бекіту;
115) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының делимитациялауға, демаркациялауға және қайта демаркациялауға байланысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимі туралы шарттарды жасасу бойынша келіссөздерге қатысу;
116) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
117) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тәртiбі, шектес мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды немесе қайта демаркациялауды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар ету;
118) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін сақтау мәселелерін және шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен және әдістермен шешу;
119) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау;
120) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерін алмасуды жүзеге асыру;
121) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
122) Қазақстан Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде оларға қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
123) Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін белгілеу;
124) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пункттеріндегі үй-жайларға және өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асыру;
125) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдау және келісу;
126) қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту;
127) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша қосылған құн салығын қайтару жөнінде шектеулер белгіленетін шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту;
128) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелуі мен орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде беру;
129) дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету;
130) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
131) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
132) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдесу;
133) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
134) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
135) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдеу;
136) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындау;
137) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру;
138) шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым ставкаларын бекіту;
139) консулдық мекемелердің консулдық алымды қолма-қол ақшамен қабылдауы үшін қатаң есептілік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
140) жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту;
141) шет елде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ шет елде тұратын отандастардың ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
142) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;
143) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру;
144) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдау, тіркеу, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдеу;
145) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына жәрдемдесу;
146) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір өтініш берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің орындылығы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында жұмысқа, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды ұсыну;
147) Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту және одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және оларды қарау тәртібін әзірлеу және бекіту;
148) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
149) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне енгізу қағидаларын бекіту;
150) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
151) шет елдердегі мекемелерге жұмысқа барудан бас тарту үшін дәлелді деп танылатын себептердің тізбесін белгілеу;
152) сирек шет тілдерінің тізбесін белгілеу;
153) дипломатиялық қызмет персоналын шетелде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау;
154) құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту;
155) Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және онда тұрақты тұру үшін қалуға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту;
156) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп, консулдық мекеме басшыларының консулдық орналасқан елде олардың қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу қағидаларын бекіту;
157) шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
158) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу тәртібін айқындау;
159) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жөніндегі агенттікті және оларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу мүмкіндігі туралы қорытынды ұсыну;
160) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу тәртібін айқындау;
161) шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
162) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің өкілдіктеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (қызметкерлеріне, лауазымды адамдарына) өткізілетін бажсыз сауда дүкендерін кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
163) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
ведомстволардың функциялары:
1) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - БАҚ) Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
3) халықаралық аренада Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру;
4) Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
5) шет елде бағдарламалық құжаттарды (Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары және басқалар) түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар ұйымдастыру;
6) өз құзыретi шегінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;
7) мемлекеттiң оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, отандық және шетелдік БАҚ-пен, талдамалық орталықтармен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
8) шет елдердегі мекемелерден, шетелдік контрәріптестерден түсетін шетелдік БАҚ материалдарын мониторингілеу мен талдау және Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын тиісті түрде хабардар ету;
9) отандық БАҚ-тың материалдарын мониторингтеу және талдау, Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлiмшелерiн және шет елдердегі мекемелерді хабардар етуді ұйымдастыру, дайджест шығару;
10) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
11) шетелде Қазақстан Республикасының оң имиджін нығайту мақсатында имидждік материалдар мен өнімдер әзірлеу;
12) ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру бойынша контрәріптестермен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;
13) Қазақстан Республикасының экономикалық, мәдени-тарихи, аумақтық-географиялық, зияткерлiк әлеуетінің имиджін ілгерілету жөніндегі жобаларды әзірлеу;
14) ақпараттық-имидждік саясаттың жекелеген бағыттарын iске асыру бойынша шетелдік БАҚ-пен, консалтингтік компаниялармен, пиар-агенттiктермен өзара іс-қимыл жасау;
15) ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерiнiң қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) Министрлiк басшылығына Қазақстан Республикасының имиджін жақсарту бойынша ұсынымдар тұжырымдау;
17) шет елде халықаралық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
18) Министрліктің қызметін БАҚ-та жариялауды қамтамасыз ету;
19) БАҚ-пен ағымдағы өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
20) шет елде жарияланатын Қазақстан туралы оң материалдарды отандық БАҚ-та тұрақты түрде жариялау;
21) Министрлiк веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
22) шет мемлекеттердің БАҚ тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiн аккредиттеу;
23) іс-шара бағдарламасына сәйкес ресми халықаралық іс-шаралар шеңберінде журналистер делегацияларымен жұмыс істеу;
24) Министрлiктің бейне және фото архивін қалыптастыру;
25) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
26) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
27) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
28) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;
29) инвестиция жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдемдесу;
30) инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелер орындалған жағдайда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беру;
31) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау;
32) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін әзірлеу;
33) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
34) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
35) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;
36) арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда, инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;
37) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісімдер жасасу;
38) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органға ұсыну;
39) инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысан байынша өзге де мәліметтерді салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беру;
40) инвесторлар үшін «бір терезе» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
41) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;
42) бюджетке салық пен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар тізбесін әзірлеу;