4) 5-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өз құзыретінің мәселелері бойынша өкімдер шығарады;»;
5) 7-баптың 1-тармағында:
8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Сот жюриінің, Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Біліктілік комиссиясының, Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
13) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Кеңес аппараты қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;»;
10-тармақтың 8) тармақшасының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының штат кестесін келіседі;
16-2) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;»;
6) 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңестің жабық отырыстары, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяларды лауазымнан босату туралы, судьялардың, сот алқалары төрағаларының және соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс қорытындыларын шығару туралы мәселелерді қараған кезде, оның ішінде кандидатураларды талқылаған және олар бойынша шешімдер қабылдаған кезде өткізілмейді.»;
7) 11-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Комиссияны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оның отырыстарын өткізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары
Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары ашық және жария түрде өткізіледі. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, олар оның құқықтық күші бар деп есептеледі.
Комиссияның отырыстарына байқаушылар шақырылуы мүмкін.»;
10-тармақтың 9) тармақшасы 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар оқуды бітірген күннен бастап төрт жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.»;
10) 14-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Комиссия төрағасы өтініш берілген немесе осы Заңның 13-бабының 9-1-тармағында көрсетілген арнаулы тексеру нәтижелері алынған күннен бастап бір ай ішінде азаматқа уәжді жауап беруге міндетті.»;
11) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Судья лауазымына конкурс
10-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Кеңестің аудандық сот судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелері бойынша беріледі.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Кеңес бекітетін жекелеген құқық салаларында мамандар болып табылатын, облыстық сот судьясының бос лауазымына кандидаттар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін. Мұндай жеке конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
2. Конкурс жариялау туралы шешімді жыл сайын Кеңес бекітетін және Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылатын конкурстар өткізу графигінің негізінде Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды.
Конкурсты өткізу графигін бекіту тәртібі, сондай-ақ оған енгізілетін мәліметтер Кеңес регламентінде айқындалады.
3. График судьялардың ауысуын талдау мен болжау, жергілікті соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының өкілеттік мерзімдері, сондай-ақ бар бос орындар ескеріле отырып жасалады.
10-тармақтың 11) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Кеңестің аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Кеңестің регламентінде белгіленген мерзімдерде, бірақ конкурстан кемінде екі апта бұрын Кеңестің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Бұл ретте облыстық соттың сот алқасы төрағасының лауазымына орналасу үшін конкурс облыстық соттың сот алқасы төрағасы өкілеттіктерінің мерзімі өткенге дейін жариялануы мүмкін.
5. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін Кеңестің конкурс туралы хабарландыруында көрсетілген мерзімдер ішінде, бірақ Кеңестің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде екі апта ішінде Кеңес аппаратына өтінішті және тізбесі Кеңес регламентінде белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.
Үміткерлердің жеке басы туралы толық және объективті ақпарат алу мақсатында Кеңес аппараты құқық қорғау органдарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік органдардан, адвокаттар алқаларынан, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардан үміткерлер туралы қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.»;
12) 17-бапта:
10-тармақтың 12) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар»;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
10-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«төрағасы мен» деген сөздер алып тасталсын;
«Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының» деген сөздерден кейін «1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
«ал жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының және 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе,» деген сөздер «сондай-ақ жұмыс істеп жүрген судьялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 12) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
10-тармақтың 12) тармақшасының он екінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«төрағасы мен» деген сөздер алып тасталсын;
«лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе» деген сөздер «және облыстық соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының және жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындыларын алуға тиіс.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.»;
13) 18-бапта:
10-тармақтың 13) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға қосымша ұйымдастырушылық қабілетте ескеріледі.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Іріктеуден өткен және Кеңес тағайындауға ұсыным жасаған кандидатты аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына тағайындауға кедергі келтіретін негіздер болған кезде, сондай-ақ ол бос лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңес ұсыным беру туралы шешімнің күшін жояды және конкурсқа қатысқан адамдар қатарынан басқа кандидатты бос лауазымға тағайындау үшін ұсына алады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Судьялыққа кандидаттар Кеңестің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өтуі мүмкін.
Судьялыққа кандидат тағылымдама қорытындылары бойынша соттың жалпы отырысының теріс қорытындысын алған жағдайда, Кеңестің ұсынымы қайта қаралуға тиіс. Кеңестің ұсынымын қайта қарау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
Кеңес тағылымдама қорытындылары бойынша жалпы отырыстың теріс қорытындысын негізді деп таныған жағдайда, Кеңестің осындай кандидатқа қатысты бос судья лауазымына тағайындау туралы ұсынымының күші жойылады және осы бос судья лауазымына:
1) осы судья лауазымына конкурсқа қатысқан кандидат ұсынылуы мүмкін;
2) қайта конкурс жариялануы мүмкін.»;
10-тармақтың 14) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 19-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған және тиісті қорытынды алған адамдардың қатарынан қарайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе олардың судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.
Облыстық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларға, әдетте, облыстық сот судьяларының немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдардың қатарынан ұсыным жасалады.
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидатуралар Жоғарғы Сот судьяларының қатарынан ұсынылады.
Бұл ретте аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадрлық резервте тұрған және ұйымдастырушылық қабілеті бар адамдарға басымдық беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Аудандық сот төрағасының лауазымына бос орынды жариялау туралы шешімді аудандық соттар төрағалары өкілеттіктерінің мерзімі ескеріліп, Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды.
Бос орын туралы хабарландыру Кеңес регламентінде белгіленген мерзімдерде Кеңестің интернет-ресурсында жарияланады.
3-2. Кеңес аудандық сот төрағасының бос лауазымына өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Мұндай тексеруді жүргізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
3-3. Кеңестің кадрлық резервте тұрған адамдар және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдар қатарынан облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына кандидаттарды енгізу тәртібі, аудандық соттың төрағасы лауазымына облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында сайланған кандидаттарды іріктеу тәртібі, сондай-ақ кандидат лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайларда, Кеңестің ұсынымдарын қайта қарау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
3-4. Кандидат аудандық соттың төрағасы лауазымына тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңестің осындай кандидатқа қатысты бос судья лауазымына тағайындау туралы ұсынымының күші жойылады және:
1) аудандық сот төрағасының бос лауазымы кеңейтілген жалпы отырыста сайланған өзге кандидаттарға ұсынылуы мүмкін;
2) қайта іріктеу жариялануы мүмкін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеңес отырыста аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына сайланған немесе ұсынылған барлық кандидатураларды міндетті түрде қарайды.»;
15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары
10-тармақтың 15) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Облыстық соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары өздері атқаратын лауазымға немесе тең дәрежелі соттарда ұқсас лауазымға екі реттен артық тағайындалмайды.
10-тармақтың 15) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.»;
16) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның өтініші, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімі Кеңестің соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымдарынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растайтын құжат қоса берілген хабары Кеңестің сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымдарынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия судьяны кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімді Кеңеске енгізеді.
Сот жюриі соттың төрағасын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларды тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін атқаратын лауазымдарынан босату туралы шешімді Кеңеске енгізеді.»;
17) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеңес соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымдарынан босату туралы мәселені қараған кезде өзіне қатысты тиісті лауазымнан босату туралы мәселе қаралып жатқан судьяның түсініктемесін тыңдайды. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның Кеңес отырысына дәлелді себептерсіз келмеуі мәселені қарауға кедергі болмайды. Отырыста сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның, Кеңес хатшысының өтінішхаты бойынша шақырылған басқа да адамдардың хабары тыңдалуы, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.»;
18) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кәсіби қызметті мерзімдік бағалау нәтижелері бойынша Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судьяның шағымын қарау нәтижелері бойынша қабылданған Кеңестің судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Кеңес отырысында судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы, ал судья ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауға негіз болып табылады.».
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын және 3-тармағын;
2) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 4-тармағының 9), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларын, 10-тармағы 15) тармақшасының төртінші абзацын;
3) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларын;
4) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 11) тармақшасының үшінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 12) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы, тоғызыншы және он екінші абзацтарын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 14) тармақшасын, 15) тармақшасының үшінші абзацын;
5) 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағын, 9-тармағының үшінші абзацын, 10-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын, 5) тармақшасының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 наурыз
№ 216-VІІ ҚРЗ