1. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
592-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыруы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыруы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
593-бап. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы
1. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн, мотоциклдердi басқару және олармен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйрету, тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану қағидаларын сақтамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатсыз, салмақтық параметрлерді асыра отырып, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн жүрiп өтуi -
жол берілетін салмақтық параметрлер бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сегіз жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының көлемдік параметрлерін асыра отырып, арнайы рұқсатсыз, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн жүрiп өтуi -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімдерден ауытқи отырып жүрiп өтуi -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Барынша рұқсат етiлген массасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген автокөлiк құралының жол берiлген жалпы массасынан асып түсетiн өзi аударғышпен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүктердi тасымалдау -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілген салмақтық және көлемдiк параметрлерді асыруы -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
594-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
595-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
596-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу
1. Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу -
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
597-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу
1. Осы Кодекстің 593-бабының бірінші бөлігінде, 607-бабында және осы баптың екінші, үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-1-бөлікпен толықтырылды
4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару - үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-2-бөлікпен толықтырылды
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
598-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу
1. Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу -
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
599-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту
1. Осы Кодекстiң 607-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
600-бап. Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу
1. Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
601-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
603-бап. Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу
1. Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату -
көрсетілген аспаптар мен бейімдеме құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату -
көрсетілген құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
604-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаны біліктілік куәлігінен айыруға, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәсіптік бірлестіктердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрған себептерді жоймау -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аккредиттеу туралы куәліктен айыруға негіздер болып табылатын талаптарын бұзуы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
606-бап. Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы
1. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
607-бап. Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзу
1. Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өтпе кезекшiсiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу, сол сияқты темiржол өтпесiнде тоқтау немесе тоқтап тұру -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру
1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру -
көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер -
көлік құралын басқару құқығынан төрт жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер -
көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер -
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
609-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы