18-бап. Кредиттік серіктестік жүзеге асыратын операциялар
1. Кредиттік серіктестік өзінің қатысушылары үшін ұлттық валютамен мынадай операцияларды:
1) аудару операцияларын: төлемдер және ақша аударымы жөніндегі тапсырмаларды орындау;
2) қарыз операцияларын: ақы төлеу, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарына сәйкес ақшалай нысанда кредиттер беру;
3) кредиттік серіктестік қатысушыларының төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
4) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
5) сейфтік операцияларды: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттар мен құндылықтарды сақтау жөніндегі қызметтерді;
6) лизинг қызметін жүзеге асыру;
7) кредиттік серіктестік қатысушыларының банк шоттарын ашу және жүргізу;
8) кредиттік серіктестіктің қатысушылары үшін Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары жөніндегі ережелерде көзделген сомалар шегінде ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктер, кепілгерлік және өзге де міндеттемелер беру;
9) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) кредиттік серіктестік қатысушысынан, сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды;
10) кассалық операцияларды: осы тармақта көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны қабылдау және беруді жүзеге асыруға құқылы.
2. Кредиттік серіктестік өз мүлкін пайдаланумен байланысты кіріс алуға құқылы.
3. Кредиттік серіктестік инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Кредиттік серіктестік «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді және ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
19-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң бiрлестiктерi
Кредиттiк серiктестiктер өз қызметiн үйлестiру, жалпы мүдделерiн қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де жалпы мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттiк серiктестiктердiң қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiн, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде консорциумдар құруы мүмкiн.
20-бап. Кредиттеу тәртібі
1. Кредиттiк серiктестiктiң қарыз операциялары кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысында бекітілетiн iшкi кредиттiк саясат туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Iшкi кредиттiк саясат туралы ережелерде кредиттердi қамтамасыз ету мен өтеу мерзiмдерi, шарттары, кредиттеу лимиттерi, кредиттiк серiктестiктiң бiр қатысушысына берiлетiн кредиттiң ең көп сомасы қамтылуға тиiс. Кредит кредиттiк серiктестiк жарғысындағы ережелерге сәйкес төленген мiндеттi салымға иелiк ететiн кредиттiк серiктестiктiң қатысушысына ғана берiлуi мүмкiн.
3. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушыларына жеңiлдiк шарттарымен кредиттер беру кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
4. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушыларына кредиттер, егер iшкi кредит саясаты туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, қамтамасыз етiлiп те, қамтамасыз етiлмей де берiлуi мүмкiн. Кепiл, кепiлдiк беру, кепiлгерлiк және Қазақстан Республикасының заңдарында, шартта немесе кредиттiк серiктестiктiң iшкi құжаттарында көзделген басқа да әдiстер кредиттi қайтарудың қамтамасыз етiлуi болуы мүмкiн.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Кредиттік шартта, осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақы ставкасының мөлшері, жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері (кредиттің нақты құны), сондай-ақ қарыз алушының таңдауы бойынша кредиттi өтеу әдісі қамтылуға тиіс.
5. Тексеру комиссиясы (ревизор) басқарма төрағасына берiлген кредиттер туралы мәлiметтердi жыл сайынғы жалпы жиналыста кредиттiк серiктестiктiң барлық қатысушыларының назарына мiндеттi түрде жеткізуге тиiс.
6. Кредиттi ресiмдеуге және беруге байланысты барлық қажеттi шығыстарды кредит алған қатысушы өтейдi.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жылдық тиімді сыйақы ставкасы - кредит бергені, қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін кредиттік серіктестікке төлеуге жататын сыйақыны, бар болған кезде - комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, кредиттік серіктестікке қатысушының шығыстарын ескере отырып есептелетін, кредит бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы ставкасы.
Кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.
2. Кредиттік серіктестіктер жылдық тиімді сыйақы ставкасын кредиттік шарттың тармағында көрсетеді, онда сыйақы ставкасының мөлшері көрсетіледі.
3. Берілетін кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша есептеледі:
(СЖС +ТЖС) / (БҚ / М)
ЖТСС = ___________________________ x 12 x 100, мұнда:
М
ЖТСС - кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы;
СЖС - кредитті пайдаланудың бүкіл мерзім ішіндегі сыйақының жалпы сомасы;
ТЖС - кредитті пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде кредит бергені, қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін кредиттік серіктестіктің комиссиялық және өзге де төлемдерінің жалпы сомасы;
БҚ - кредитті пайдаланудың бүкіл мерзімі ішіндегі кредит бойынша ай сайынғы берешек қалдықтарының жалпы сомасы;
М - кредитті айлар бойынша өтеу мерзімі.
4. Кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу кезінде:
1) кредитті өтеудің бүкіл мерзімі ішіндегі кредит бойынша сыйақы;
2) комиссиялық және өзге де төлемдер - кредиттік шартқа сәйкес кредиттік серіктестікке төлеуге жататын кредитті алуға, пайдалануға және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты, кредиттік шарт жасасқан кезде мөлшері мен төлеу мерзімдері белгілі болған кредиттік серіктестікке қатысушының шығыстары ескеріледі.
5. Кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу кезінде:
1) тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), оның ішінде кредиттік серіктестікке қатысушының кредиттік шарттың талаптарын сақтамағаны үшін;
2) кредитке қызмет көрсету бойынша кредиттік шартта көзделген, шамасы және (немесе) төлеу мерзімдері шарт жасасқан күні белгісіз болған және кредиттік серіктестікке қатысушының шешіміне және (немесе) оның жасаған әрекетіне (кредитті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу) байланысты төлемдер ескерілмейді.
6. Кредиттік серіктестікке қатысушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімдерін өзгертуге әкеп соғатын кредиттік шарттың талаптары өзгерген кезде жылдық тиімді сыйақы ставкасының нақтыланған мәнін есептеу, кредиттік шарттың қолданылу мерзімі басталғанда кредит бойынша төлемдер ескерілмей, кредиттік серіктестікке қатысушы жүргізген, талаптары өзгертілетін күнгі кредитті өтеудің қалған мерзіміндегі берешек қалдығы негізге алынып жүргізіледі.
21-бап. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясы
1. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялар туралы мәлiметтер коммерциялық құпияға жатады және оған қатысушылардың ең төменгi мөлшерден асатын мiндеттi салымдары мен қосымша жарналары туралы, қарыз алушылар туралы, кредиттiк серiктестiктiң операциялары туралы мәлiметтер (операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүліктiң иелерi, олардың болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер жатады.
2. Кредиттiк серiктестiктер жүргiзiлетiн операциялар жөніндегі құпияға, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң құпиялылығына кепiлдiк бередi.
3. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыру барысында кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн, осы баптың 4-7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңдарда көзделген жауаптылықта болады.
4. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясы тек мүлiктiң иесiне ғана, оның өзiнiң қатысуы кезiнде берген жазбаша келісімi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 5-7-тармақтарында аталған тұлғаларға осы бапта көзделген негiздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкiн.
5. Қарыз алушылар, клиенттер және кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялар туралы анықтамалар, сондай-ақ банк шоттары, кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң сипаты және құны туралы мәлiметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: бiрiншi басшы немесе тергеушi қол қойған, анықтау немесе алдын ала тергеу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал салу негiзiнде кредиттiк серiктестiктiң сақтауында тұрған иесiнiң ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлiктi тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажет болатын ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2) соттарға: кредиттiк серiктестiктiң сақтауында тұрған иесiнiң ақшасына және өзге де мүлкіне тыйым салынуы, өндiрiп алынуы немесе мүлікті тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi, үкімі негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
3) прокурорға: оның құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде оның қарауында жатқан материал бойынша;
4) кредиттiк серiктестiк қатысушысының өкiлдерiне: нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде берiледi.
6. Иесi қайтыс болған жағдайда банк шоттары, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер:
1) шот (мүлiк) иесiнiң өсиет хатында аталған адамдарға;
2) соттарға және нотариат кеңселерiне: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
7. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтер оның сауал салуы бойынша уәкiлеттi органға да берiлуi мүмкiн.
22-бап. Кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк комитетi
1. Кредиттiк комитеттiң мүшелерiн қатысушылар және (немесе) кредиттiк серiктестiктiң қызметкерлерi болып табылатын өзге де тұлғалар арасынан кредиттiк серiктестiктiң басқармасы тағайындайды.
2. Кредиттiк комитет кредиттiк серiктестiк қатысушысының кредит алуға берген әрбiр өтiнiшi бойынша қорытынды әзiрлейдi және өзiнiң мәжілістерiн қажеттiлiгiне қарай өткiзедi.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 7-тарау алып тасталды (бұр. ред. қара)
8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
28-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
29-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған кредиттiк серiктестiктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған селолық кредиттiк серiктестiктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап төрт жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының