1) жоғары оқу орындарына қабылдау кезіндегі мемлекеттік білім беру грантының нормативін (мөлшерін);
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған стипендияның нормативін (мөлшерін);
3) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру нормативін;
4) жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезіндегі қабылдау нормативін (квотасын);
5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормативін;
6) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларды жатақханада орындармен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды қамтиды.
27-бап. Отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт
1. Отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт отбасы және балалар мүдделерінің қорғалуына әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. «Отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) берілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
3. Отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.
28-бап. «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты:
1) патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемінің нормативін (мөлшерін);
2) қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған жәрдемақы төлемінің нормативін (мөлшерін);
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің нормативін (мөлшерін);
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім баланы немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға арналған төлем нормативін (мөлшерін) қамтиды.
29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
1. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiне әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
2. Мыналар:
1) «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты;
2) «Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда жазылады (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
30-бап. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2) тармақшаның бірінші абзацы осы Заңның 38-1-бабының редакциясында қолданылады
2) мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше көрсетімдері бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек;
4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) халықтың жекелеген санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі нормалары мен нормативтерін қамтиды.
31-бап. «Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін қамтиды.
32-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
1. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар мәдени құндылықтарға қол жеткізуге әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
2. Мыналар:
1) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты;
2) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
3. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.
33-бап. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты мемлекеттік мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен нормативін қамтиды.
34-бап. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты мемлекеттік мәдениет ұйымдары бюджет қаражаты есебінен өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуі нормаларын қамтиды.
35-бап. Денешынықтыру және спорт саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт
1. Денешынықтыру және спорт саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт жеке тұлғалардың денешынықтыру және спорт саласындағы әлеуметтік кепілдіктері мен әлеуметтік құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді.
2. «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты денешынықтыру және спорт саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.
36-бап. «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты:
1) азаматтардың мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарын «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленетін азаматтар санаттарының тізбесіне орай пайдалануы;
2) мүгедектердің мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарын «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалануы нормативтерін қамтиды.
37-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар құқықтық ақпарат беруге, құқықтық консультация беруге, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруіне әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар:
1) «Құқықтық ақпарат беру» ең төмен әлеуметтік стандарты;
2) «Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандарты;
3) «Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты болып табылады.
3. «Құқықтық ақпарат беру» ең төмен әлеуметтік стандарты «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беруі тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
4. «Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандарты «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы», «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың құқықтық консультация беруі тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
5. «Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
38-бап. Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 38-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 38-1-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-1-бап. Өтпелі ережелер
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 30-бабы 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылатын болып белгіленсін:
«2) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде мыналарды:
39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, 25-баптың 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 918-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы мамырдың 19-ы.
№ 314-V