Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен жасалған үлгілік шарт шеңберінде қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне төленетін төлемдердің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы төлемдердің мөлшерін осы бөліктің 9) тармақшасына сәйкес есептейді.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген ережелер қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілерге (импорттаушыларға) қолданылмайды;
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен төлемдер жасау арқылы ұйымдастыру.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен жасалған үлгілік шарт шеңберінде, Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне төленетін төлемдердің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы төлемдердің мөлшерін осы бөліктің 9) тармақшасына сәйкес есептейді.
7) қалдықтар мен қайталама ресурстарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру, маркетингтік іс-шараларды қаржыландыру;
8) тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік-навигациялық жүйелердің деректері бойынша қадағалайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыру және жүргізу;
9) қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы эксперименттік, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды қаржыландыру;
10) Қазақстан Республикасында қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, сұрыптау, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, сұрыптау және (немесе) кәдеге жарату бойынша зауыттар (өндірістер) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
11) электрлік қуаттау станциялары желісін, оның ішінде электрлік қуаттау станцияларының қызметін сатып алу, орналастыру және ұйымдастыру арқылы құру және дамыту;
12) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыру;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілердің құрылысын қайтарымдылық шарттарында қаржыландыру не қоса қаржыландыру;
14) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды, жоюды ұйымдастыру;
15) қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда қаржыландыру.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді және осы қағидалар:
1) қаржыландыру мерзімдері мен көлемдерін көрсете отырып, экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын жасап шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарттың нысанын;
2) қаржыландыру мерзімдері мен көлемдерін көрсете отырып, техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарттың нысанын;
3) экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) жасап шығару туралы есептілік нысанын және оны өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына ұсыну мерзімдерін;
4) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару туралы есептілік нысанын және оны өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына ұсыну мерзімдерін;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын жасап шығарушыларға қойылатын талаптарды;
6) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушыларға қойылатын талаптарды;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) пайдаланудан шығып қалған көлік құралының және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын, Қазақстан Республикасында жасап шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжат ұсынылған кезде Қазақстан Республикасында жасап шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде жасап шығарушы жеке және заңды тұлғаларға берген жеңілдікті қаржыландыру шарттары мен тәртібін, оның ішінде оны қаржыландыру мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді.
3. 2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату объектілері жоқ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы төлемдердің мөлшерін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес есептейді.
389-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктері
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктеріне мыналар жатады:
1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілермен (импорттаушылармен) өндірушілердің импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу;
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына өндірушілер (импорттаушылар) аударатын кәдеге жарату төлемін жинау;
3) кәдеге жарату төлемін өндірушілердің (импорттаушылардың) дұрыс есептеуіне, толық және уақтылы аударуына бақылауды жүзеге асыру;
4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы кәдеге жарату төлемі енгізілген есепті кезең үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны ұсынатын мерзімге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, артық төленген сомалар расталған жағдайда, өндірушілер мен импорттаушылардың жолданымдары негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы белгілеген тәртіппен жүргізілетін артық төленген сомаларды қайтару және (немесе) алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызу;
5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қаптау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстардың бір бөлігіне өтемақы алуға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілердің құжаттарды дұрыс ұсынуын бақылауды жүзеге асыру;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылу барысы туралы есепті ұсыну;
7) автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушылар мен импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) тізілімін қалыптастыру, бекіту, жүргізу;
8) автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушылар мен импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) тізілімін тіркеу және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
9) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары саласында өзара іс-қимыл жасау;
10) Қазақстан Республикасында қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, сұрыптау, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату бойынша зауыттар (өндірістер) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес іс жүргізілуі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер анықталған кезде, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы мұндай құқық бұзушылықтар бойынша қолда бар материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруге міндетті;
12) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қағидатын іске асыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпараттан кәдеге жарату төлемін есептеу үшін деректер алуға құқылы;
13) пайдаланудан шығып қалған көлік құралының және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасында жасап шығарылған көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжатты беру;
14) пайдаланудан шығып қалған көлік құралының және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасында жасап шығарылған көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжатты беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
15) кәдеге жарату төлемі түрінде өзінің банктік шотына келіп түскен ақшаны осы Кодекстің 388-бабында көзделген бағыттарға сәйкес жіберу;
16) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттың нысанын әзірлеу және бекіту.
2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы осы Кодекстің 388-бабына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген кәдеге жарату төлемін елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бойынша жеке және заңды тұлғалар төлейтін қаражат есебінен өзін-өзі ақтамайтын мақсаттарға пайдалану басымдығын қамтитын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы қызметінің даму стратегиясына сәйкес кәдеге жарату төлемін жұмсауды жүргізеді.
390-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауапкершілігі
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасаспаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес өтінім бермеген, сондай-ақ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына кәдеге жарату төлемі түріндегі ақшаны енгізбеген немесе уақтылы енгізбеген өндірушілер (импорттаушылар) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Осы баптың 1-тармағының кәдеге жарату төлемін есептеу бөлігіндегі талаптары қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілерге (импорттаушыларға) қолданылмайды.
Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы кәдеге жарату төлемдерін мақсатсыз пайдаланғаны, өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
391-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы қызметінің айқындығын қамтамасыз ету
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы:
1) өз қызметінің даму стратегиясын және инвестициялық саясатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
392-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау осы Кодекске сәйкес өндірушілер (импорттаушылар) мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасау арқылы жүзеге асырылады.
Шарт өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы - ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы, өндіруші (импорттаушы) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) әкелген немесе өндірген кезден бастап қол қойған жағдайда жасалды деп есептеледі.
2. Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсынады.
20-БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЕРЕКШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
393-бап. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін жобалау кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
1. Қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған, осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер етуін міндетті бағалау жүргізілетін ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін салу жобалары қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша тиісті қорытындыда көзделген талаптар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін шешімдерді қамтуға тиіс.
2. I және II санаттағы объектілерге жататын ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін салу жобалары оларды пайдаланудан қауіпсіз шығаруды, кейіннен кәдеге жаратуды, жерді рекультивациялауды қамтамасыз ететін шешімдерді және көрсетілген операциялар нәтижесінде түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату немесе жою жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.
394-бап. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
1. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін пайдалануға беру Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер I және II санаттағы объектілерге жататын ғимараттарды, құрылысжайлар мен олардың кешендерін пайдалануға беру кезінде экологиялық рұқсатта белгіленген қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер етудің тиісті нормативтерінің сақталуы қамтамасыз етілмесе, осындай объектілерді пайдалануға беруге жол берілмейді.
3. І немесе ІІ санаттағы объектінің құрамына кіретін ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін құрылыс жобасында көзделген, шығарындылар мен төгінділерді тазартуға және (немесе) залалсыздандыруға, сондай-ақ қалдықтарды басқаруға арналған құрылысжайларсыз, қондырғылар мен жабдықтарсыз пайдалануға беруге және пайдалануға тыйым салынады.
395-бап. Авариялар кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
1. Авариялық шығарындылардан немесе төгінділерден туындаған және содан адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төнетін қоршаған ортаның сапасы нашарлаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес халықты қорғау жөніндегі шұғыл шаралар қабылданады.
2. І және ІІ санаттағы объектілерде авариялық жағдай туындап, соның салдарынан белгіленген экологиялық нормативтердің бұзылуы орын алған немесе орын алуы мүмкін болған кезде объектінің операторы дереу, бірақ кез келген жағдайда авариялық жағдай анықталған кезден бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға және қоршаған ортаның ластануын болғызбау бойынша, тіпті, тиісті стационарлық көздерді немесе тұтас объектіні пайдалануды ішінара немесе толық тоқтатуға дейін, сондай-ақ қоршаған ортаға осындай авариялық жағдайдан туындаған жағымсыз салдарларды жою жөнінде барлық қажетті шараны қабылдауға міндетті.