3. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оларды тағайындау үшін өтініш беру талап етілмейді.
4. Уәкілетті мемлекеттік орган:
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;
еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;
мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.
5. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгілеген мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде оған күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық жазалау мерзімі аяқталғанға дейін тағайындалады.
6. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгілеген еңбекке қабілеттіліктен айырылудың бүкіл кезеңіне әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған мерзімнен асырылмай тағайындалады.
7. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады.
172-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдем ақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту
1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:
1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, оларды тағайындау үшін проактивті көрсетілетін қызмет арқылы өтініш беру немесе келісу фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау құқығының болмауы;
5) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш беруші келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартуға:
1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Қор сұратқан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттың және (немесе) мәліметтердің ұсынылмауы;
4) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады.
3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:
1) күтім жасайтын адамның кәмелетке толмауы;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша күтім жасайтын адамның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
3) күтім жасайтын адамды психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепке қою;
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде болуын қоспағанда, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы;
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның және оған күтім жасайтын адамның әртүрлі елді мекендерде тұруы негіз болып табылады.
173-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының құқықтары мен міндеттері
1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының:
1) осы Кодексте көзделген тәртіппен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға;
2) мүгедектігі бар адамдарға төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды алатынына қарамастан, осы Кодексте көзделген тәртіппен еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға;
3) Мемлекеттік корпорациядан және Қордан мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;
4) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;
2) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін өзгерту немесе мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді төлеуді тоқтату үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оларды тағайындаған кезден ерте емес қайта қаралады;
3) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің артық есептелген (төленген) сомаларын ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда - заңды күшіне енген сот шешімі негізінде сот тәртібімен қайтаруға міндетті.
3. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) Қордың кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің сомалары оларға құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей төленеді.
174-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу
1. Алушының өтініші негізінде ұсталып қалатын мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің артық есепке жазылған (төленген) сомаларын қоспағанда, мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізіле алады.
2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу төленуге тиесілі сомадан жүргізіледі.
3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және осы Кодекске сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
4. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен төленуге тиісті соманың 25 пайызынан артық ұстап қалуға болмайды.
5-параграф. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
175-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқық және оны тағайындау шарттары
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жәрдемақы тағайындауға жүгінген уақытқа жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, мүгедектік белгіленген жағдайда тағайындалады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектіктің қашан - жұмыс істеу немесе қызмет ету кезеңінде, жұмысқа тұрғанға дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін болғанына қарамастан тағайындалады.
4. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға жүгінген күнге дейін немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
5. Зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толған мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру олардың өтініші бойынша ғана жүргізіледі.
6. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екінші түріне ауыстыру өтініш тіркелген күннен бастап жүргізіледі.
7. Осы Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында, 212-бабында белгіленген шарттар болған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімен ауыстырылуы мүмкін.
176-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттары
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектігі бар адамдарға:
1) жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан болған мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
3) мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлардың салдарынан болған адамдар;
4) мүгедектігі әскери қызметтегі міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауруға шалдығу салдарынан болған кезде әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;
6) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектігі бар адамдар жатады.
2. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнамамен мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін іс жүзінде алып келген зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде төленеді.
177-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері
1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді.
2. Осы Кодекстің 176-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бірінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 1,76 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерлерінде тағайындалады.
3. Осы Кодекстің 176-бабының 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 3,22 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2,75 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
4. Осы Кодекстің 176-бабының 5) тармақшасында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 3,94 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 3,04 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
5. Мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері осы Кодекстің 236-бабына сәйкес белгіленген, қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған асыраушының асырауында болу фактісіне қарамастан жоғары мөлшерде белгіленеді.
6. Мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері осы Кодекстің 236-бабына сәйкес белгіленген, қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы осы Кодекстің 234-бабының талаптарына сәйкес аталған адамдар қайтыс болған асыраушының асырауында болған жағдайда жоғары мөлшерде белгіленеді.
7. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.
8. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.
178-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
2. Осы Кодекстің 207-бабының 1 - 3-тармақтарында және 212-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатылады немесе осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.
3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны жаңа мөлшерде төлеу мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.
Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы оны еңбекке қабілетті деп таныған айды қоса алғанда төленеді.
4. Егер мүгедектігі бар адам белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келмесе, онда оған мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал оны мүгедектігі бар адам деп қайта таныған жағдайда тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем қайта басталады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған кезде төлем тоқтатылған күннен бастап қайта куәландырудан өткен айды қоса алғанда, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
5. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.
Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының тағайындалған мөлшерінің 70 пайызы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жеке банктік шотына немесе қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде төленеді.
7. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.
8. Алушы уақтылы талап етпеген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының есептелген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға жүгінудің алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
179-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;