5) 28-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы уәкілетті органмен келісу бойынша, Республикалық адвокаттар алқасы айқындаған тәртіппен заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ұйымдастырады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, соттардың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың (лауазымды адамдардың) тағайындауы бойынша білікті заң көмегін көрсету үшін адвокатты таңдау заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық адвокаттар алқасы жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін орналастырады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Адвокаттар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есепті заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады.
Есеп нысанын Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.»;
11-тармақтың бірінші бөлігі «кешіктірмей» деген сөзден кейін «, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп таныған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам адвокат бола алмайды.
Мыналар:
қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
теріс себептер бойынша мемлекеттік және әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам - шығарылған (босатылған) күннен бастап үш жыл бойы;
әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
осы Заңның 44-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адам - сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл бойы;
теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам - шығарылған күннен бастап үш жыл бойы адвокат бола алмайды.»;
7) 33-бапта:
2-тармақтағы «Адвокат» деген сөз «Осы Заңның 63-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, адвокат» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «, процестік заңға сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшадағы «алдын ала тергеу» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Адвокаттың Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларынан басқа ретте, мемлекеттік қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақы төленетін лауазымда болуына тыйым салынады.
Коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кірген жағдайда, адвокат осы ұйымға және онымен үлестес тұлғаларға заң көмегін көмек көрсетуге құқылы емес.
Адвокат адвокаттық қызметті адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында, адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы және тағайындалатын лауазымдардағы жұмыспен қоса атқаруға құқылы.»;
8) 36-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер адвокат адвокаттық кеңсенің әріптесі болып табылса, онда оның кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуды адвокаттық кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі «сақтанушының» деген сөзден кейін «(сақтандырылғанның)» деген сөзбен толықтырылсын;
9) 38-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «шешім» деген сөзден кейін «өтініш берушінің өтініші адвокаттар алқасының төралқасына келіп түскен күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 44-баптың 4-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы жүргізген аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген біліктіліктің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындауы мүмкін болмаған;»;
4) тармақшадағы «адвокаттың» деген сөз «лицензиаттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 45-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «және анықтамалар» деген сөздер алып тасталсын;
12) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адвокат куәлігінің нысанын және оны толтыру тәртібін Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы әзірлейді және бекітеді.
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылуына немесе оның қолданысының тоқтатылуына, сондай-ақ қолданысының тоқтатыла тұруына байланысты адвокаттар алқасына мүшеліктен шығарылған адам тиісті шешім қабылданғаннан кейін өзінің куәлігін өзі мүшесі болған адвокаттар алқасына тапсыруға міндетті.»;
13) 54-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «не бір жылдан аз адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттар» деген сөздер «адвокаттар не бір жылдан аз адвокаттық қызмет өтілі бар жастар» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 55-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады.
Дәл сол бір адамдар адвокаттар алқасының төралқасында қатарынан екі мерзімнен артық бола алмайды.»;
15) 56-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «бір мерзімнен» деген сөздер «қатарынан екі мерзімнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 57-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) мынадай мазмұндағы 58-1-баппен толықтырылсын:
«58-1-бап. Адвокаттар тізілімі
1. Республикалық адвокаттар алқасы заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде адвокаттар тізілімін қалыптастырады.
2. Адвокаттар тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына мүше болу күні;
4) адвокаттық қызмет ұйымының адвокат таңдаған нысаны, заңды мекенжайы, байланыс телефондарының нөмірлері;
5) адвокатқа қатысты тәртіптік жазалау шараларының болуы немесе болмауы;
6) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру күні мен негіздері;
7) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату күні мен негіздері;
8) адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтата тұру не тоқтату күні мен негіздері.
3. Адвокат Республикалық адвокаттар алқасын адвокаттар тізілімінде қамтылған ақпаратты өзгертуге алып келетін кез келген оқиғалардың басталғаны туралы жазбаша нысанда немесе электрондық құжат жіберу арқылы осындай оқиғалар басталған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында қол жеткізу шектелген мәліметтерді қоспағанда, адвокаттар тізілімінде қамтылған ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.»;
18) 61-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «алқасының» деген сөзден кейін «және Республикалық адвокаттар алқасының» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 63-баптың 7-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң көмегін көрсету туралы шартты адвокаттық кеңсе өз атынан, соған кіретін барлық әріптестердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерінде жасасады.»;
20) 65-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар тізілімін жаңартылған күйде жүргізеді.»;
21) 66-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық алқаның жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.»;
22) 67-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 20) және 21) тармақшалары алып тасталсын;
23) 68-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9) және 18-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) заң көмегін көрсету стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-2) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-3) адвокаттық мантияның нысаны мен сипаттамасын бекітеді;
18-4) адвокат куәлігінің нысанын және оны толтыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18-5) адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-6) адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-7) адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібін бекітеді;
18-8) адвокаттық сұрау салудың нысанын, оны ресімдеу және жіберу тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-9) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;
18-10) адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;»;
24) 70-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
25) 72-бапта:
1-тармақтың жетінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тәртіптік істі адвокаттардың тәртіптік комиссиясы бұзушылық анықталған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қарайды. Тәртіптік іс жүргізу адвокат еңбекке уақытша жарамсыз болған және ол іссапарда болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. Тоқтата тұру мерзімі тәртіптік істі қараудың жалпы мерзіміне қосылмайды.»;
4-тармақтағы «деректердің» деген сөз «негіздердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешіміне осы шешім жария етілген кезден бастап үш ай ішінде адвокатураның тәртіптік комиссиясында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.»;
26) 73-баптың 1-тармағының жетінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) 5-тарау мынадай мазмұндағы 76-1, 77-1 және 77-2-баптармен толықтырылсын:
«76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері
1. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, заң консультантының құқықтары шектелмеуге тиіс. Заң консультантының заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
2. Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар заң консультантының заң көмегін көрсетуіне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге міндетті.
Егер ақпарат қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылған жағдайда, заң консультантына сұрау салынған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.
3. Заң консультантының қабылданған тапсырманы орындау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдарда заң көмегін көрсетуге қажетті компьютерлерді, смартфондарды және өзге де техникалық құралдарды Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға құқығы бар.»;
«77-1-бап. Заң консультантының көмекшілері
1. Заң консультанттарының көмекшілері болуы мүмкін.
2. Заң консультантының көмекшілері еңбек шарты негізінде жұмыс істей алады.
Заң консультанттарының көмекшілері заң консультантының нұсқауы бойынша және жауапкершілігімен оның тапсырмаларын орындауға құқылы.
77-2-бап. Заң консультантының құпиясы
1. Заң консультантына жүгіну фактісі, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да адамдармен ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүддесінде қабылданатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер заң консультантының құпиясын құрайды.
2. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультантының мәртебесінен айырылған адам заң көмегін көрсетуге байланысты және (немесе) өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған қандай да бір мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде пайдалануға құқылы емес.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заң консультантының құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария еткені үшін осы баптың 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпарат ұсыну заң консультантының құпиясын жария ету болып табылмайды.
5. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
6. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультанты мәртебесінен айырылған адам кәсіптік құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға міндетті.»;
28) 78-баптың 1-тармағындағы «елу» деген сөз «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) мынадай мазмұндағы 78-1-баппен толықтырылсын:
«78-1 бап. Республикалық заң консультанттары алқасы
1. Республикалық заң консультанттары алқасы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталарының ерікті мүшелігіне негізделген, қызметі мен өкілеттіктері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында, алқа жарғысында айқындалатын және өзінің мүшелері болып табылатын заң консультанттары палаталарына қатысты және олардың мүдделерінде жүзеге асырылатын коммерциялық емес ұйым.
Республикалық заң консультанттары алқасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталары өкілдерінің құрылтай съезі құрады.
2. Мыналар:
1) жоғары басқару органы - заң консультанттары палаталары өкілдерінің съезі;
2) тұрақты негізде жұмыс істейтін атқарушы басқару органы - төраға басқаратын басқарма;
3) қаржылық-шаруашылық қызметті ішкі бақылау органы - ревизиялық комиссия (ревизор) Республикалық заң консультанттары алқасының басқару органдары болып табылады.
3. Республикалық заң консультанттары алқасы:
1) заң консультанттары палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда заң консультанттары палаталарының мүдделерін білдіреді;
3) заң көмегі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және әдістемелік материалдар әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.
4. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл ретте дәл сол бір адам алқа төрағасының лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.
5. Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының өкілеттіктері алқаның жарғысында айқындалады.
9-тармақтың 29) тармақшасының он алтыншы абзацының қолданысы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-бабаның редакциясында қолданылады
6. Республикалық заң консультанттары алқасының съезі Республикалық заң консультанттары алқасының жалпы мұқтаждықтарына заң консультанттарының палаталары жүзеге асыратын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен тәртібін айқындайды.
7. Республикалық заң консультанттары алқасының басқармасы барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпаратты қамтитын, Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті жасайды және оны Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады.
8. Республикалық заң консультанттары алқасының ревизиялық комиссиясы (ревизоры) Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті тексеруді жүргізеді және оның нәтижелерін Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады.»;
30) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары
Заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді.
Жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем болмауға және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жүктілігі және босануы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде заң консультанттары және еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам кәсіптік қызметті жүзеге асырмаған заң консультанттары мүшелік жарна төлеуден босатылады.
Кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аз кәсіптік қызмет өтілі бар заң консультанттары мүшелік жарналарды белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде төлейді.
Кіру жарналарына тыйым салынады.».
2-бап.
1. Осы Заң 2021 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген заң консультанттары палаталары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заң талаптарына сәйкес келтіреді.
3. Заң консультанттарының палаталары осы баптың 2-тармағының талабын орындамаған жағдайда заң консультанттары палаталарының тізілімінен алып тасталуға тиіс.
4. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 2-тармағының екінші бөлігі 22) тармақшасының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«22) адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасының жалпы мұқтаждықтарына аударатын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен жүзеге асырылу тәртібін айқындау жатады, бұл ретте жарналардың мөлшері әрбір адвокат үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.
Адвокат «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық адвокаттар алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері есептелмейді. Адвокат «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық адвокаттар алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі;».
5. Осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 29) тармақшасы он алтыншы абзацының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Республикалық заң консультанттары алқасының съезі Республикалық заң консультанттары алқасының жалпы мұқтаждықтарына заң консультанттарының палаталары аударатын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен жүзеге асырылу тәртібін айқындайды, бұл ретте жарналардың мөлшері әрбір заң консультанты үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.
Заң консультанты «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес заң консультанттары палатасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына жарнаның мөлшері есептелмейді. Заң консультанты «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 9 маусым
№ 49-VІІ ҚРЗ