8-тармақтағы «даму стратегиясының», «даму жоспарларын» деген сөздер тиісінше «даму жоспарларының», «іс-шаралар жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
13) 186-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың күші мемлекеттің «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде әрекет ету жағдайларына «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.»;
14) 199-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәліметтердің құрамына ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарлары, даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер кіреді.».
17. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 5-1), 5-3), 6-2) және 16-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 11-бап мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
14-2) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
14-3) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;»;
3) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді, оларды ұзартады және кері қайтарып алады;»;
4) 43-2-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген сөздер «халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасындағы «Қордың даму стратегиясы» деген сөздер «Қордың даму жоспары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Қордың даму стратегиясын» деген сөздер «Қордың даму жоспарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «Қордың даму стратегиясын» деген сөздер «Қордың даму жоспарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларындағы «даму жоспарын», «даму жоспарының», «даму жоспары» деген сөздер тиісінше «іс-шаралар жоспарын», «іс-шаралар жоспарының», «іс-шаралар жоспары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «даму жоспарларын» деген сөздер «іс-шаралар жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 16-бапта:
тақырыптағы «даму стратегиялары мен даму жоспарлары» деген сөздер «даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «даму стратегиясы» деген сөздер «даму жоспары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Даму стратегиясын», «даму жоспары», «даму жоспарының», «даму стратегиясын» деген сөздер тиісінше «Даму жоспарын», «іс-шаралар жоспары», «іс-шаралар жоспарының», «даму жоспарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «даму стратегиясы», «даму стратегиялары», «даму стратегиясын», «даму стратегияларын», «даму жоспарларын» деген сөздер тиісінше «даму жоспары», «даму жоспарлары», «даму жоспарын», «даму жоспарларын», «іс-шаралар жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 26-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;
2) 28-баптың 1) тармақшасы үшінші абзацындағы «куәлігінің үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді» деген сөздер «куәлігінің» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган - босқын куәлігінің үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді;».
20-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
20. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 16) тармақшасының үшінші абзацы «адамдарға» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды» деген сөздер «еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға» деген сөздер «еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 24-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 64-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға, штаттың қысқартылуына байланысты не денсаулық жағдайы салдарынан, не Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған кезде арнаулы атағы бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толуына байланысты жұмыстан шығарылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы жалпы еңбек өтілі жиырма бес және одан көп жыл болған, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құраған кезде туындайды. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
4-тармақтағы «арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған адамдарға,» деген сөздер «қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болмаған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «адамдар» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ «адамдардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 65-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «адамдарға» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдардағы жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «3) тармақшасына» деген сөздерден кейін «, 2-1-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «адамдарды» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ «адамдардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 66-баптың бірінші бөлігі «адамдардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 70-бап «адамдарға» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:
«26-2-бап. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес
1. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) төралқаның жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Ұлттық кеңес өз қызметінде Ұлттық палата органдарынан тәуелсіз болады.
2. Ұлттық кеңестің құрамы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық холдингтердің, қор биржаларының, бейінді халықаралық институттардың, өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы беделді халықаралық және ұлттық сарапшылардан қалыптастырылады.
3. Ұлттық кеңестің төрағасы мен мүшелері төралқаның шешімімен қайта сайлану мүмкіндігі беріліп, төрт жылдық мерзімге сайланады.
4. Ұлттық Кеңестің шешімдері Ұлттық кеңестің көзбе-көз немесе сырттай отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы дауыс санының үштен екісін құрайтын білікті көпшілік дауыспен қабылданады.
Ұлттық кеңестің көзбе-көз немесе сырттай отырыстарын өткізу үшін кворум сайланған мүшелердің жалпы санының үштен екісін құрайды.
5. Ұлттық кеңес:
1) Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін және корпоративтік басқарудың ұсынымдық сипаттағы өзге де стандарттарын әзірлейді және қабылдайды;
3) Ұлттық палата Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен жасайтын және Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту жөніндегі, оның ішінде қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі мен корпоративтік басқарудың өзге де стандарттарын практикалық тұрғыдан іске асыру, корпоративтік басқару деңгейін бағалау жөніндегі шараларды көздейтін келісім негізінде корпоративтік басқару деңгейін арттыруға жәрдемдеседі;
4) қазақстандық акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару практикасына жыл сайынғы шолуды дайындайды;
5) жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітеді;
6) атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті жариялайды;
7) Ұлттық кеңес жұмысының қажетті қағидалары мен рәсімдерін айқындайды.
6. Ұлттық кеңестің қызметі туралы ақпарат, оған қоса ол қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі және корпоративтік басқарудың өзге де стандарттары Ұлттық палатаның интернет-ресурсында жалпыға қолжетімді режимде орналастырылуға тиіс.».
22-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
22. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 32-1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарындағы «мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-2-бапта:
2) тармақшадағы «мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-баптың 3-тармағының 21) тармақшасындағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 36-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «мемлекеттік қадағалауға» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 38-бапта:
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексеру нысанында жүзеге асырылады.»;
бірінші бөлікте:
«4. Мемлекеттік» деген сөздер «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тексеру нәтижелерінде» деген сөздер «бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тексерілетін субъектіге» деген сөздер «бақылау субъектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұзушылықтарды жою» деген сөздер «анықталған бұзушылықтарды жою» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру аяқталған күні бақылау субъектісіне табыс етіледі.»;
үшінші бөлікте:
«Субъектiлер» деген сөз «Бақылау субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өтініші бойынша» деген сөздерден кейін «анықталған» деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақтағы «болмашы» деген сөз «төмен» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ «қорытынды қолданылатын кезеңге» деген сөздерден кейін «бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 39-бапта:
тақырып «мемлекеттік» деген сөзден кейін «бақылау мен» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«қадағалау» деген сөз «бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бағытталады» деген сөз «бағытталған» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацта:
«қадағалау» деген сөз «бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшалардағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 69-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 77-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 78-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 86-баптың 4-тармағындағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бапта:
8) тармақшадағы «, халықтың көші-қоны және босқындар» деген сөздер «және халықтың көші-қоны» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалар алып тасталсын;
2) 6-бапта:
1-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жол жүру құжатын беруді жүзеге асыруға;»;
2-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде болғанын анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуге;»;
3) 11-бапта:
5) тармақшадағы «және босқындар» деген сөздер алып тасталсын;
25) тармақшада:
жиырма тоғызыншы абзац алып тасталсын;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жол жүру құжатының үлгілерін;».
24. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) заңдылық.»;
2) 1-тарау мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Заңдылық
Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары рұқсат беру және хабарламаны қабылдау кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.»;