Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, мүгедектігі бар адам өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден алып тасталғаннан кейін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жылдан кейін оны әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.
5. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.
Өнім берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу фактісі анықталған жағдайда, олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 32-3-баппен толықтырылды
32-3-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
1. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырысты жүзеге асырады.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келуге тиіс.
2. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алған кезде мүгедектігі бар адамның жергілікті атқарушы органдарға олардың құнын өтетуге, бірақ осы баптың 3-тармағында көзделген кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар. Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген соманың және сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырманы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мөлшерлерде төленеді.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома:
жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне күніне сегіз сағаттан;
ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен айқындалады.
4-тарау. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МҮГЕДЕКТЕРДI ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ IСIНЕ ҚАТЫСУЫ
33-бап. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне бара алуды қамтамасыз ету жөніндегі мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердiң өндiрiстiк үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға бара алуы үшiн жұмыс берушi жұмыс орындары мен жұмыс үй-жайларын жобалау және бейiмдеу арқылы жағдай жасайды, мүгедектi абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және көмекшi құрылғылармен жабдықтайды.
34-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектердi жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушi кәсiптiк оқытуды немесе қайта оқытуды, арнаулы жұмыс орындарын құруды осы Заңға сәйкес жеке қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.
35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектігі бар адамға келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға келтiрiлген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДIҢ ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРI
36-бап. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi
1. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi үйлестiру кеңесiнiң жұмысына және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға байланысты мәселелердi шешуге қатысады.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердiң мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi әзiрлеу мен қабылдау кезiнде мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен және олардың өкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасайды.
2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiне, сондай-ақ олардың ұйымдарына олардың меншiгіндегі үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған жер учаскелерiне меншiк құқығын мемлекеттік меншiктен жеке меншiкке беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi қызметiн тоқтатқан немесе мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң, олардың ұйымдарының меншiгіндегі жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырған жағдайда, олардың меншiгіндегі жер учаскелерi мемлекеттің меншiгiне қайтарылуға тиiс.
4. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) әлеуметтiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн көрсетудiң тиiмдiлiгiн бағалауға қатысу;
3) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiнде әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп спорттық iс-шараларды ұйымдастыру;
5) уәкiлеттi аумақтық мәдениет органдарымен бірлесiп ағарту және мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастыру арқылы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға құқылы.
6-тарау. OCЫ 3AҢHЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап жаңа редакцияда
37-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
38-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
1) 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 17) тармақшасын; 20-баптың 5-тармағын; 21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын; 22-баптың 3-тармағын; 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын; 28-бапты;
2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын; 25-баптың 3-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; № 15, 208-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 219-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2001 ж., № 1, 4-құжат; № 13-14, 173-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат);
2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң «Қазақ ССР-iнде мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» Қазақ ССР Заңын күшiне енгізу туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 346-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. сәуірдің 13-і.
№ 39-III