тегіс ұңғылы қарудың 200 000 дана патронын;
ойық ұзын ұңғылы қарудың ортадан соққылайтын 300 000 дана патронын;
ойық ұзын ұңғылы қарудың бүйірден соққылайтын 500 000 дана патронын;
қысқа ұңғылы ойық қарудың 50 000 дана патронын;
газды, травматикалық патронмен ату мүмкіндігі бар газды, ұңғысыз травматикалық қарудың 150 000 дана патронын;
жарық-дыбыстық әсері бар 10 000 дана патронды сақтауға рұқсат етіледі;
жекелеген жағдайларда, арнайы жабдықталған қойма алаңының, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару санының өзгеруіне байланысты оқ-дәрі мен патрондардың көрсетілген шекті саны ішкі істер органдарымен келісім бойынша азайтылады немесе көбейтіледі;
келісу хат жыл сайын еркін нысандағы жеке құжатпен ресімделеді, онда қару-жарақ бөлмесінің алаңы және ондағы нақты болған қарудың, қосалқы бөлшектерінің, түрлері мен калибрлері бойынша патрондарының нақты саны көрсетіледі және сақталатын түрлері мен калибрлері бойынша патрондарды азайту немесе көбейту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады;
10) азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлға басшысының немесе қару мен патрондар саудасы бойынша мамандандырылған дүкен директорының бұйрығымен қару мен оның патрондарының сақталуына жауапты адам тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 363 Қаулысымен 61-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.13.05. № 260 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 61-тармақ өзгертілді
61. Қару мен патрондар сатылатын сауда залы мынадай талаптарға сәйкес жабдықталады:
1) мыналарды:
дәлдік қабілеті фото-бейне сурет бойынша адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін («күн-түн» үлгісіндегі) бейнебақылау камераларын;
кемінде 7 тәулік мерзімге дейін бейнеақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін тиісті компьютерлік жабдықты қамтитын тәулік бойғы бейнебақылау жүйелерінің болуы;
2) орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік беретін ұтқыр не стационарлық дабыл беру («Дабыл түймелері») құралдарының болуы;
3) қару мен оның патрондары саудасы жөніндегі сауда залында экспонатталатын қарудың (суық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігі атуға жарамсыз күйінде сөрелерде (стендтерде) орналастырылады, шүріппе тұтқа (бар болған кезде) арқылы қаруға қолжетімділікті шектеуге арналған қару құлпына бекітіледі;
4) атыс қаруының патрондары сөрелерге оқ-дәрі зарядынсыз қойылады және шынының астында тұрады;
5) сөрелерде тұрған қару жылдам атуды болдырмайтын күйге келтіріледі;
6) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтау үшін сөрелердің артына кемінде екі шкаф орнатылады. Оқ-дәріні капсюльдермен немесе жасақталған патрондармен бірге бір шкафта сақтауға тыйым салынады.
Оқ-дәрі сатып алушыға тапсыру үшін ғана сөрелерге капсюльдермен бірге қойылуы мүмкін;
7) терезе ойықтарындағы қақпақтарды қоспағанда, осы Ереженің 60-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы;
8) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтауға арналған сауда залы мен шкафтар кілттерінің екі жиынтығының болуы;
кілттердің бір жиынтығы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екіншісі - ұйым басшысында ұдайы болады;
арнайы жабдықталған қойманың, қару мен оның патрондары бар металл жәшіктердің (шкафтардың) кілттерін үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға рұқсат етілмейді;
9) осы Ереженің 60-тармағының 1), 2) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы. Сауда залы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, дүкенді жапқаннан кейін (жұмыс уақытынан тыс) сатып алу ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша жүзеге асырылатын қаруды, сондай-ақ қарудың патрондарын және оқ-дәріні онда қалдыруға жол берілмейді;
10) сауда залында витражды қоршаулар болған жағдайда, олар соққыға төзімді немесе шыныны тесуге төзімді материалдан жасалады, оққа төзімді шыны орнатуға жол беріледі;
11) қару мен патрондар саудасы жөніндегі сауда залы аңшылық дүкенінің ғимаратында, сатып алушылардың ол арқылы дүкеннің басқа үй-жайларына өтуіне жол бермейтін жерде орналасады.
62. Азаматтар немесе ұйымдардың өкілдері қаруды комиссиялық сатуға ішкі істер органдарының жолдамасы мен жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша тапсырады. Қаруды комиссиялық сатуға көрсетілген жолдамасыз тапсырған жағдайда дүкен әкімшілігі оны қабылдап алады және қаруды тапсырған адам туралы мәліметтерді көрсете отырып, iшкi iстер органдарына тапсырады. Қаруды комиссиялық сатуға қабылдап алу туралы квитанцияны азамат қаруды сақтау рұқсатымен бірге оны тiркеген iшкi iстер органына он күндiк мерзімде ұсынады. Қарудың сатылғаны туралы хабарламаны алғаннан кейiн iшкi істер органы оны есептен шығарады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 63-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 63-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 63-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
63. Дүкендерде атыс және газды қарудың патрондары:
1) қарудың тиiстi түрлерiн сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде - жеке тұлғаларға;
2) жеке тұлғаларға аңшылық оқ-дәрі атыс қаруын сақтау немесе сақтау мен алып жүру құқығына рұқсатын және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткеннен кейiн беріледі (сатылған оқ-дәрінiң салмағы аңшылық куәлікке және есепке алу кiтабына жазылады);
3) қарудың тиiстi түрлерiн сатып алуға ішкi iстер органының рұқсаты мен сақтауға рұқсатын, сенiмхатты және қарудың сақталуына жауапты адамның жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткенде - заңды тұлғаларға сатылады.
ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 363 Қаулысымен 63-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 63-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 63-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
63-1. Ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс қаруды сатқан кезде дүкендердің сатушылары қаруды сатып алуға арналған рұқсатты сатып алушының жеке куәлігінің немесе паспортының түпнұсқасымен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Атыс қаруын қаруды сатып алуға рұқсатты және жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпеген сатып алушының, сондай-ақ дүкенге келушілердің «қолына» беруге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 64-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 64-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары саудасын жүзеге асыратын ұйымдарда келiп түсетiн және сатылған қару мен оның патрондарының есебі нөмірленген, тігілген кітаптар бойынша жүргiзiледi және аумақтық ішкi iстер органының «Лицензиялық-рұқсат ету жүйесi» деген бедерi бар арнайы мөрі басылады. Сатылған қарудың маркасы, калибрi, нөмiрi атыс және газ қаруын сатып алуға рұқсаттың телнұсқасына және есепке алу кiтабына, сатылған аңшылық пышақтың нөмiрi - сатып алушының аңшылық куәлігiне жазылады. Рұқсаттың телнұсқасы мен аңшылық куәлігінде көрсетiлген жазбалар сатушының қол қоюымен және осы заттарды сату күні көрсетiле отырып, дүкеннің мөртаңбасымен расталады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.17.04. № 363 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 65-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65. Қару мен оның патрондары саудасын жүзеге асыратын ұйымдар:
1) сәйкестікті растау жөніндегі органның сәйкестiк сертификаты бар қару мен оның патрондарын сатады;
2) сатып алынатын және сатылатын қаруды есепке алуды, сондай-ақ 10 жыл бойы есептік құжаттаманы сақтауды қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік оқ-гильза қоймасына сатылатын қызметтiк және азаматтық ойық атыс қаруынан атылған оқтар мен гильзаларды ұсынады.
Дайындап шығарушы кәсiпорындар зауыттық паспорттарына тиiстi жазбалар енгiзу арқылы отандық қарудың тексеру атыстарын жүргізеді.
Импорттық қарудың тексеру атыстарын iшкi iстер органдары жүргізеді. Оларды жүргізу үшiн ұйым патрондардың қажеттi санын ұсынады, қаруды атыс жүргiзiлетiн жерге тасымалдауды қамтамасыз етеді;
4) осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес сатып алынған және сатылған қызметтiк және азаматтық қару және оны сатып алушылар туралы мәлiметтердi қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен ай сайын iшкi iстер органдарына ұсынады;
5) қарудың сақталуын және оны сақтау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді;
6) персоналдың Қазақстан Республикасының қару айналымы туралы заңнамасын бiлуiн қамтамасыз етеді;
7) жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес әкелінген қару және оның сатылуы туралы жылдық есеп береді;
8) қару мен патрондарды орналастыру және сақтау орындарына (сатушы сөресінің артына) бөгде адамдардың, сондай-ақ дүкеннің қаруға рұқсаты жоқ жұмыскерлерінің кіруіне жол бермейді.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 66-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66. Қарудың осы түрін сатып алуға рұқсатын ұсынбаған заңды және жеке тұлғаларға қарумен сауда жасауға, сондай-ақ нөмірсіз және таңбасыз қару не азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестік белгісі жоқ патрондарды сатуға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 67-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының саудасына лицензиясы бар заңды тұлғаларға спорт, аң және балық аулау құрал-жабдықтары мен осы қарудың қосалқы бөлшектерiн қоспағанда, бiр сауда залында қару мен өзге де тауар түрлерiн қатар сатуға тыйым салынады.
68. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатуға берiлген лицензия азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сату үшiн құрылған заңды тұлғалардың филиалдарын ашуға құқық бермейдi.
69. Қаруды сақтау, пайдалану және сату ережелерiн бұзу анықталған жағдайда iшкi iстер органдарының қару сақталатын үй-жайларды мөрлеуге, ал қажет болған жағдайда анықталған кемшiлiктер жойылғанға дейiн ұйымның жұмысын тоқтата тұруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 70-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуды:
1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары;
2) лауазымды адамдарына атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген мемлекеттік органдар;
3) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар;
4) қару өндірумен немесе оны сатумен айналысатын заңды тұлғалар;
5) қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
6) аңшылық шаруашылығы ұйымдары;
7) спорттық ұйымдар;
8) білім беру ұйымдары;
9) Қазақстан Республикасының азаматтары;
10) шетелдіктер;
11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыра алады.
71. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 72-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72. Осы Ереженің 70-тармағының 2) - 11) тармақшаларында көрсетілген субъектілер өз қарамағында заңды негізде болатын қару мен патрондарды көрсетілген қарудың есепке алынған жеріндегі ішкі істер органдарына ол туралы алдын ала хабарлау арқылы қарумен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 73-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
73. Қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат берген уәкілетті органының (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінде меншік құқығында заңды негізде болатын қаруды, қару мен оның патрондары айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органға алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қаруды сатуға, коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарында қайта тіркегеннен кейін қару сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға иеліктен шығаруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 73-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 73-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
73-1. Қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды тасымалдауды оларды сатумен айналысатын заңды тұлғалар ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша жүзеге асырады.
Қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында қарулы күзетпен қамтамасыз етеді (күзет қызметін көрсету жөніндегі шарт).
Спорттық тауарларды, аң және балық аулау құрал-жабдықтарын қоспағанда, қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды өзге тауарлармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
Аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тасымалданатын қару мен патрондар қорапқа орап салынады, оған жүк тасымалдаушы ұйым мөр басады немесе пломбылайды.
Қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды жеткізу шарты (келісімшарты) болған кезде, қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің сатуын қоспағанда, қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды тасымалдау кезінде жол бойында қорапты ашуға жол берілмейді.
Оқ-дәріні, жарақталған патрондарды тасымалдау кезінде жүру бағыты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
Жарақталған патрондар, оқ-дәрі қол жүгі ретінде темір жол, су көлігімен мынадай салмақтан аспайтын мөлшерде тасымалданады:
1) атыс қаруының жарақталған патрондары - 10 кг;
2) түтінсіз оқ-дәрі - 10 кг;
3) түтінді оқ-дәрі бұйымдары - 5 кг;
4) түтінді оқ-дәрі - 5 кг.
Ескертпе: қол жүгін тасымалдауға берілген рұқсатта жүктің нетто салмағы ғана көрсетіледі (металл гильзалар, ыдыстар жүктің салмағына кірмейді).
Салмағы:
1) атыс қаруының жарақталған патрондары - 300 кг;
2) оқ-дәрі - 50 кг аспайтын аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды автомобиль көлігімен тасымалдау ішкі істер органдарының оларды тасымалдауға рұқсатынсыз жүзеге асырылады, бұл ретте ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында қарулы күзетпен қамтамасыз етеді (күзет қызметін көрсету жөніндегі шарт).
Көрсетілген салмақтан асып кеткен жағдайда, оқ-дәрі мен жарақталған патрондарды тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Ескертпе. Тасымалдау азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылауды жүзеге асыратын бөлімшеге ресми түрде хабарланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
74. Қазақстан Республикасының аумағында:
а) iшкi iстер органдарында тiркелмеген не пайдалануға техникалық жағынан жарамсыз қару мен патрондарды;
б) нөмiрi мен таңбасы жоқ қаруды не стандартқа сәйкестiк белгiсi жоқ патрондарды;
в) мемлекеттік оқ-гильза қоймасына атылған оқтар мен гильзаларды ұсыну арқылы тексеру атыстары өткiзiлмеген ойық ұңғылы атыс қаруын;
г) уақытша пайдалануға алынған қару мен патрондарды;
д) кеден бақылауында болатын қару мен патрондарды;
е) азаматтардың жеке пайдалануы үшiн жарақталған тегiс ұңғылы аңшылық атыс қаруының патрондарын сатуға тыйым салынады.
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын сату заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 15-1-бөліммен толықтырылды
15-1. Заңды тұлғалардың қару мен патрондарға түгендеу жүргізу тәртібі Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдарда есепке алу мақсатында заңды тұлғалар қару мен патрондарға түгендеу жүргізеді
74-1. Түгендеу - қару мен патрондардың бар-жоғын есептік деректерге сәйкес келуі тұрғысынан, сондай-ақ олардың есебін жүргізу мен сақталуын қамтамасыз ету тәртібін толық салыстырып тексеру. Түгендеу ұйымдарда түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
74-2. Түгендеу:
1) тоқсан сайын;
2) қару мен патрондардың сақталуына жауапты адам немесе заңды тұлғаның басшысы ауысқан кезде (істерді қабылдау-тапсыру күніне);
3) дүлей зілзала, өрт, авария немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде (осындай оқиғаларға нақты қатысушы үшін) оның салдарынан қарудың немесе патрондардың орнын ауыстыру жүргізілгенде;
4) заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде тарату немесе бөлу баланстарын жасау алдында жүргізіледі.
Түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшысының бұйрығымен түгендеу басталғанға дейін 10 күн бұрын түгендеу комиссиясының төрағасы мен мүшелері тағайындалады, оның жұмыс істеу мерзімі мен түгендеу актісін, түгендеудің жүргізілгені туралы салыстыру ведомостерін ұсыну тәртібі айқындалады.
74-3. Түгендеу жүргізу үшін ұйымда кемінде үш адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеу комиссиясына түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшыларының біреуі, бухгалтерлік қызметтің қызметкерлері және салыстырып тексерілетін қарудың құрылымы мен номенклатурасын, сондай-ақ оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын зерделеген басқа да мамандар кіреді.
Түгендеу комиссиясының құрамы, әдетте, комиссияның жұмыс істеу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермеуге тиіс. Ерекше жағдайларда комиссияның мүшелерін ауыстыру түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Заңды тұлғаның басшысы қару мен патрондарға түгендеу жүргізу үшін жағдай жасайды, оны өткізу кезінде комиссия мүшелерін уақытша басқа міндеттерді орындаудан босатады, сондай-ақ қарумен және патрондармен жұмыс істеуге рұқсаты бар техникалық жұмыскерлердің қажетті санын бөледі.
74-4. Қару мен патрондардың сақталуына жауапты адамдар қару мен патрондардың қозғалысы бойынша аяқталған барлық операцияларды тізуді жүзеге асырады және олардың қалдықтарын есепке алу кітаптарына түгендеу күніне өзінің қолымен растай отырып, шығарады.
74-5. Түгендеуді бастар алдында комиссия мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының қару мен патрондар айналымы және оларға түгендеу жүргізу тәртібін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын зерделейді;
2) осы Ережеге 23-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемелерінің, осы Ережеге 24-қосымшаға сәйкес нөмірлік есепке алу тізімдемелерінің және осы Ережеге 25-қосымшаға сәйкес қару мен патрондарды түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомостерінің бланкілерін дайындайды, оларды белгіленген тәртіппен тіркейді. Бұл ретте қару мен патрондардың қалдықтарын көрсетілген құжаттарға алдын ала енгізуге жол берілмейді;
3) деректемелері қарудың сақталуына жауапты адамдардағы пломбылау құралдарынан ерекшеленуге тиіс пломбылау құралдары мен пломбылау материалының бар-жоғын салыстырып тексереді.
74-6. Қару мен патрондардың нақты бар-жоғын салыстырып тексеруді комиссия қару мен патрондардың сақталу орнын тексеруден және қару мен патрондар бар қолдағы сейфтерді, шкафтарды, пирамидаларды, жәшіктерді мөрлеуден бастайды.
Қару мен патрондарды қабылдау немесе беру үшін оларды сақтау орындарын ашуды және тексерілгендерін қайта мөрлеуді түгендеу комиссиясының мүшелері ғана жүзеге асырады.
74-7. Қарудың бар-жоғы оның сақталуына жауапты адамның қатысуымен оны міндетті түрде бір-бірден, жиынтық түрінде және нөмірі бойынша қайта санау, сондай-ақ қарудың техникалық құжаттамаға (паспорттарға, формулярларға не оның телнұсқаларына) сәйкес келмеуі тұрғысынан тексеру арқылы анықталады.
Герметикалық орамдарға немесе металл мырышқа, олар болған жағдайда, орап салынған патрондарды салыстырып тексеру басылған таңбалауға сәйкес ыдыстың тұтастығын қарап тексеру арқылы жүзеге асырылады, ол туралы түгендеу тізімдемесінде тиісті белгі қойылады. Таңбалау болмаған кезде, оның ішінде ішінара көрсетілген орамдар ашылуы, ал патрондар - бір-бірден қайта саналуы тиіс.
Тексерілген сейфтерге, шкафтарға, пирамидаларға, жәшіктер мен тығындауларға салыстырып тексеру жүргізілген күн көрсетіле отырып, комиссияның төрағасы растаған жазба белгілер салынады.
74-8. Түгендеу тізімдемелеріндегі және нөмірі бойынша есепке алу тізімдемелеріндегі түзетулер мен толықтыруларды түгендеу комиссиясының мүшелері және қару мен патрондардың сақталуына жауапты адамдар растайды.
Тізімдемелер бастапқы түгендеу құжаттары болып табылады, олар тікелей қару мен патрондарды сақтау орындарында (объектілерінде) олардың тексерілуіне қарай толтырылады. Салыстырып тексеру аяқталған соң, толтырылған тізімдемелердің әрбір парағына комиссия мүшелері және қару мен оның патрондарының сақталуына жауапты адам қол қояды.
74-9. Түгендеу процесінде келіп түскен қару мен патрондар жеке тізімдемелерге енгізіледі. Бұл ретте, қарудың пайдалану мақсатын көрсетуге арналған жолда «Түгендеу кезінде келіп түскен қару (патрондар)» деген жазу жазылады, ал «Ескертпе» деген бағанда қарудың кімнен келіп түскені, келіп түскен күні және кіріс (ілеспе, көліктік) құжаттарының нөмірлері көрсетіледі.
74-10. Түгендеу кезінде ұйымның іссапарға кеткен қызметкерлерінде болған қару мен патрондар есептік құжаттар бойынша есепке алынады. Бұл ретте «Ескертпе» деген бағанда берілген күні, оларды қабылдап алған адамдардың тектері мен аты-жөндері және беру негіздері көрсетіледі (ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар үшін).
74-11. Қару мен патрондарды түгендеу нәтижелері салыстыру ведомосында көрсетіледі. Ведомосқа комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ тексерілген қару немесе патрондардың сақталуына жауапты адам қол қояды.
74-12. Қару мен патрондардың жетіспеуі немесе артық болуы фактілері анықталған кезде, түгендеу комиссиясы бұл туралы заңды тұлғаның басшысына дереу хабарлайды.
74-13. Түгендеу қорытындысы бойынша комиссия акт толтырады (еркін нысанда), онда қару мен патрондарды сақтаудың, есепке алудың жай-күйі, жетіспеуі, артық болуы, бүліну және жоғалу фактілері, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар көрсетіледі.
Актіні комиссия оған қол қойған және ұсынған күннен бастап үш күн мерзімде түгендеу жүргізіліп жатқан заңды тұлғаның басшысы қарайды және бекітеді.
74-14. Акт, түгендеу тізімдемесі, нөмірлік есепке алу тізімдемесі, салыстыру ведомосы және басқа да материалдар ұйымдағы қару мен патрондардың сақталуына жауапты адамның жеке есептік ісінде сақталады.
16. Азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алудың, есепке алудың, сақтаудың, алып жүрудiң, тасымалдаудың, алып қоюдың және жою тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.07.11. № 1301 Қаулысымен 75-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75. Осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алу үшін рұқсат алғаннан кейін азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 76-тармақ өзгертілді
76. Азаматтық атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді, электр қаруын, сондай-ақ үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан асатын, 25 Дж-ға дейінгі аңшылық пневматикалық қаруды азаматтар тек қана ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сатып алады.
Ескерту. Сұқпалы аңшылық суық қару («Пайдалану құқығынсыз уақытша сақтауға» дегеннен басқа) сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бойынша сатып алынады және аңшылық куәлігіне жазылады.