3. Концессия шарты бойынша концессионерді ауыстыру Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Дауларды шешу
1. Мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және концессия шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Концессия шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және концессия шартында келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер арқылы шешіледі.
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ «Төрелiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларға қатысты концессионер акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда төрелiк тараптардың келісімі бойынша айқындалады.
28-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған концессия шарттары осы шарттарда белгіленген мерзім өткенге дейін өзінің күшін сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 167-III ҚРЗ