4. Уақытша өтемдік тариф шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ескеріле отырып бекітіледі.
34-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрген залалдарды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар туралы заңнамасына қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға, оның iшiнде тарифтi көтеру, реттеліп көрсетiлетiн қызметті ұсынуға шарт жасасудан және орындаудан негiзсiз бас тарту арқылы залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң залалдарды өтеуiне алып келеді.
35-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалдарды өтеу
Уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) табиғи монополия субъектiсiне залал келтiрілген жағдайда, ол бұл залалдардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуін талап етуге құқылы.
7-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 23-бабы 6-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуы, сауда-саттықтардың нәтижелерін жеке интернет-ресурстарында орналастыруды жүзеге асыратын тауар биржалары, электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, қағаз жеткізгіште немесе сатып алу процесінің әрбір сатысы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсына отырып электрондық нысанда жүзеге асырылады.».
3. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар; № 14, 54-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 27-і.
№ 204-VІ