7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі, актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің кәсіби қызметінің мәселелері бойынша уәкілетті орган беретін ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.
10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің, актуарийлер бірлестігінің ішкі құжаттары
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі, актуарийлер бірлестігі мынадай ішкі құжаттарды:
1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;
2) кәсіби әдеп кодексін;
3) дауларды шешу тәртібін;
4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.
Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестіктерін, актуарийлер бірлестіктерін басқарудың жоғары органы бекітеді және олар өз мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.»;
8) 11-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметтi;»;
5) тармақшадағы «бұрын» деген сөз алып тасталсын;
10) тармақша алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «таратылған жағдайда» деген сөздердің алдынан «мәжбүрлеп» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделеді.»;
9) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1-бап. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру қағидалары және ішкі қағидалары болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидалары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
2) ішкі аудит қызметінің және тұрақты жұмыс істейтін басқа да органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;
4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін;
6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;
7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) және олардың өкілдеріне жауап беру тәртібі мен мерзімдерін;
8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау немесе одан бас тартудың дәлелді негіздемесін ұсыну рәсімін;
9) сақтандыру тәуекелдерін (оның ішінде сақтандыруға қабылданатын мүлікті) және сақтандыру жағдайы бойынша залалдың мөлшерін бағалау тәртібін;
10) андеррайтердің, аджастердің және сюрвейердің өкілеттіктерін айқындауға тиіс.
3. Сақтандыру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидаларын директорлар кеңесі бекітеді.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
6-тармақтың 9) тармақшасының он жетінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, актуарий өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.
Осы тармақтың талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде тәуелсіз актуарийді тартқан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері болмауы;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл актуарийлік қызмет тәжірибесінің болуы;
3) уәкілетті органның актуарийлік қызметке арналған лицензиясы болуы немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуы.
6-тармақтың 9) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өмірді сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Жинақтаушы сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.
2. Сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы кезеңінде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен тұрақты сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.
6-тармақтың 10) тармақшасының бесінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» немесе «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аннуитеттік сақтандыру шарттарын жасасқанға дейін сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйыммен қатысу шартын жасасуға және аталған ұйымды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға міндетті.
4. Сақтандыру ұйымы сақтанушы инвестицияларға қатысқан, сондай-ақ сақтандырушының пайдасы жағдайында сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтін осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген сақтандыру сыныптары шеңберінде сақтандыру түрлерін әзірлеуге құқылы.
5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы ішкі резервтік қордың орнын толтыратын активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және жағдайларда инвестициялық портфельді басқаратын инвестициялық басқармаға беруге міндетті.
Ішкі резервтік қордың активтерін есепке алуды және сақтауды инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.
Ішкі резервтік қордың қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысумен байланысты төлемдерді есепке жазу - аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
6. Жинақталған сомаларды есепке ала отырып, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысуына байланысты төлемдерді жүзеге асыру:
1) сақтандыру төлемі құрамында сақтандыру жағдайы басталған;
2) сақтандыру төлемі құрамында жинақтаушы сақтандыру мерзімі аяқталған;
3) сатып алу сомасы құрамындағы сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда жүргізіледі.
Сақтанушының акционерлермен (жалғыз акционермен) және (немесе) сақтандыру ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен сақтандырушының пайдасына қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартын жасасуға жол берілмейді.»;
11) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы:
«жарнамада» деген сөзден кейін «сақтандыру», «қайта сақтандыру,», деген сөздермен толықтырылсын;
«сөздердi (сөз тiркестерiн)» деген сөздерден кейін «кез келген тілде» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 15-1-баптың 3-тармағындағы «міндеттемесін төлеу мүмкіндігін оған беру» деген сөздер «міндеттемесін төлеу мүмкіндіктерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 16-баптың 3-тармағы «аудиторлық есептi» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ сақтандыру құпиясын, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрамайтын өзге де ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 17-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «жүзеге асыруға құқығы жоқ» деген сөздер «жүзеге асыруына тыйым салынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Сақтандыру брокерінің атынан жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сыйақы тек қана сақтанушының (цеденттің) төлеуіне жатады.
6. Егер сақтандыру брокері сақтанушының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасуға байланысты қатынастарда болған жағдайда, сақтандыру брокеріне осы сақтандырушыға (цедентке) одан әрі сақтандыру тәуекелін қайта сақтандыруға беруге байланысты қызметтер көрсетуге тыйым салынады.»;
15) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар
1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады.
Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы өкілеттік берген іс-әрекеттерді өзі жасайды және оларды жасауды өзге адамға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес.
Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi.
2. Сақтандыру ұйымы өзiнiң атынан және оның тапсырысы бойынша сақтандыру агентi жасасқан сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi орындауға міндетті.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің мынадай іс-әрекеттерді жасағаны:
1) сақтандыру шарттарын жасасқаны, сондай-ақ сақтандыру агентінің белгіленген өкілеттіктерден тыс іс-әрекеттер жасағаны;
2) уәкілетті органның лицензиясы жоқ сақтандыру ұйымының сақтандыру сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру шарттарын жасасқаны;
3) сақтандыру шартын жасасу талаптары бойынша сақтанушыны әдейі шатастырғаны;
4) сақтандыру шартын және олардың негізінде сақтандыру шарты жасалатын құжаттарды ресімдеу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтамағаны;
5) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтары үшін жауаптылықта болады.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті жүзеге асыруына байланысты емес іс-әрекеті үшін жауаптылықта болмайды.
3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi шарттар, оның iшiнде сақтандыру есептілігі бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу мәселелерi жөнiндегi шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.
6-тармақтың 15) тармақшасының он алтыншы және он жетінші абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Сақтандыру агентiне сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге сақтанушыдан төлемді қолма-қол ақшамен қабылдауға тыйым салынады.
Осы шектеу сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келетін адамдардан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге төлемді қолма-қол ақшамен қабылдауына қолданылмайды.
5. Сақтандыру агентiне тапсырма шарты бойынша оған тиесілі сыйақыны сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақыларынан ұстап қалуына тыйым салынады.
6. Осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан да көп сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
7. Сақтандырушының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері:
жеке тұлға үшін - осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерінің он пайызынан;
заңды тұлға үшін - осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерінің он бес пайызынан аспауға тиіс.
8. Комиссиялық сыйақының құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру агентіне қатысты шығыстарының барлық түрлері, оның ішінде жалға алуға ақы төлеу жөніндегі шығыстары, сыйақылардың кез келген түрлері, сондай-ақ кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы беру кіреді.»;
16) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1-бап. Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдарға, сондай-ақ олардың есебін жүргізу және оқыту тәртібіне қойылатын талаптар
1. Мыналар:
1) кәмелеттік жасқа толмаған;
2) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) орта білімі жоқ;
4) осы баптың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес оқытудан өтпеген;
5) еңбек шарты негізінде сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметкері болып табылатын;
6) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
7) бұрын уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымын атқарған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Аталған талап уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан не заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танығаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
8) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған, бұрын сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның қызметкері болған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Аталған талап сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған күннен бастап бес жыл бойы қолданылады.
2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізуге және оны сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың шолу жасауы мен танысуы үшін (интернет-ресурстарды қоса алғанда) қолжетімді жерге орналастыруға міндетті.
Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдардың осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі және оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттың болуы сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізуге негіз болып табылады.
Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу лауазымдық міндеттеріне кіретін қызметкерлерді міндетті түрде көрсете отырып және оларда оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттары болған кезде сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілуге жатады.
Лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін сақтандыру агенті - заңды тұлға қызметкерлерінің саны екі адамнан кем болмауға тиіс.
3. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдардың тізілімін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
4. Оқуды ұйымдастыруды және оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын тиісті құжат беруді сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.
Оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентіне басқа сақтандыру ұйымы берген оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжатты танымауға құқылы.
5. Сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығаруға:
1) сақтандыру агентінің қатарынан он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет бұзғандығының анықталғаны туралы сақтандыру ұйымы шығарған уәкілетті органның жазбаша нұсқамасы;
2) тапсырма шартының талаптарынан туындайтын міндеттерді сақтандыру агентінің орындамағанын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін сақтандыру шарттарын жасасқанын сақтандыру ұйымының анықтауы;
3) сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамның осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуін уәкілетті органның, сақтандыру ұйымының анықтауы негіз болып табылады.
Сақтандыру агенті осы тармақта көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған адамға ол шығарылған сәттен бастап бес жыл бойы сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
17) 4-тарау мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:
«18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
1) осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулерді ескере отырып, бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және оның тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
2) сақтандыру ұйымынан лицензиясының бар екендігі және қаржылық есептілік деректері туралы дұрыс ақпарат алуға;
3) сақтандыру бойынша консультативтік қызметті жүзеге асыруға;
4) өзінің делдалдық қызметін қолма-қол ақшасыз төлеммен жүзеге асырғаны үшін сақтандыру ұйымынан сыйақы алуға құқылы.
2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
1) сақтанушыға тапсырма шартын, сондай-ақ:
оның жеке басын куәландыратын;
сақтандыру агенттерінің тізілімінде оның деректерінің бар екендігін растайтын құжаттарды көрсетуге;
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған сақтандыру ұйымы лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпарат беруге;
3) жасасатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қағидаларымен сақтанушыны таныстыруға және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 828-бабында көзделген жағдайларда қағидалардың көшірмесін беруге;
4) ақпарат және, бар болса, - жасасатын сақтандыру шарты бойынша барлық қажетті құжаттарды беруге;
5) сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;
6) делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың жабықтығын қамтамасыз етуге міндетті.»;
6-тармақтың 18) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 19-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға жібереді.»;
19) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Аудит
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ сақтандыру тобына кіретін ұйымдар өз қызметiнiң аудитiн қатарынан жетi жылдан астам - бiр аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам - аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторда жүргiзуге құқылы емес.
Осы тармақтың талабы банк конгломератының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
3. Сақтандыру тобына бас ұйым және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын оның еншілес ұйымдары ретінде кіретін ұйымдардың аудитін белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Сақтандыру тобының құрамына кіретін бас ұйымның және Қазақстан Республикасының резиденттері емес оның еншілес ұйымдарының аудитін, осындай аудит жүргізу олар резидент болып табылатын ел заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.
6-тармақтың 19) тармақшасының жетінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Аудиторлық ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тәуелсіз актуарийді тарту арқылы жүргізуге құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін басқа да заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында қызметі лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі (аудитор) болуы міндетті.
7. Ішкі аудит жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында айқындалады.
8. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері үшін міндетті. Аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебі мен ұсынымдарының көшірмелерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар мен аудиторлық ұйымдар осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға берген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етуге тиіс.