8) 17-1-бапта:
тақырыптағы «Аумақтық бөлімшелердің» деген сөздер «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «осы Заңның 23-бабында көрсетілген» деген сөздер «уәкілетті орган айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің» деген сөздер «уәкілетті орган жұмыскерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақта:
1) тармақшадағы «осы Заңның 23-бабында көрсетілген» деген сөздер «уәкілетті орган айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «аумақтық бөлімшелер қызметкерлері» деген сөздер «уәкілетті орган жұмыскерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші және үшінші бөліктердегі «аумақтық бөлімшенің қызметкері» деген сөздер «уәкілетті органның жұмыскері» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «аумақтық бөлімшеде» деген сөздер «уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «аумақтық бөлімшенің» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «аумақтық бөлімшеде» деген сөздер «уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі «аумақтық бөлімше қызметкерлері» деген сөздер «уәкілетті орган жұмыскерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 20-баптың 7-тармағының бірінші абзацындағы «аумақтық бөлімшеге» деген сөздер «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шешім қабылдауға құқылы, ол туралы мұндай шектеудің қолданылу мерзімдері жөнінде шешім қабылдайтын уәкілетті органға дереу хабарлайды» деген сөздер «және мұндай шектеудің қолданылу мерзімдері туралы шешім қабылдауға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Аумақтық бөлімше» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 22-баптың 3-тармағындағы «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 23-бапта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемеде тізбесін, берілуі мен жүргізілуі тәртібін уәкілетті орган айқындайтын кеме құжаттары болуға тиіс.
1-1. Ішкі су жолдарында және өзге де су айдындарында пайдаланылатын мемлекеттік тіркелуге тиісті шағын көлемді кемеде тізбесін, берілуі мен жүргізілуі тәртібін уәкілетті орган айқындайтын құжаттар болуға тиіс.»;
2-тармақтағы «кемеге меншік құқығы туралы куәлікті» деген сөздер «кеме куәлігін (кемеге меншік құқығы туралы куәлікті)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында» деген сөздер «ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру мен жүргізудің тиісті қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 24-баптың 7-тармағындағы «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 25-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 26-баптың 7-тармағындағы «Аумақтық бөлімше» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті өтініштер нысандары, құжаттардың тізбесі уәкілетті орган бекітетін кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленеді.»;
17) 29-баптың 2-тармағындағы «аумақтық бөлімшеге» деген сөздер «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 31-баптағы «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 32-1-баптың 1-тармағындағы «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 32-2-баптың 1-тармағындағы «аумақтық бөлімше» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тіркеп сүйретілетін объектілерді тіркеп сүйреу (бұдан әрі - тіркеп сүйреу) тіркеп сүйреу шартына және уәкілетті орган бекітетін кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
11. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
22) тармақшадағы «ұшуға жарамдылығының нормаларына» деген сөздер «тиісті ұшуға жарамдылық нормаларында көзделген конструкциялауға қойылатын талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын:
«29-3) әзірлеуші мемлекет - әуе кемесі типінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе бұрандасының конструкциясына жауапты ұйымға қатысты юрисдикциясы бар мемлекет;»;
67-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«67-2) техникалық қызмет көрсету - бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, бөлек те, біріктіріп те орындалатын тексеруді, ауыстыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе бұрандасының немесе компонентінің ұшуға жарамдылығын ұстап тұру үшін қажетті, әуе кемесінде, ұшуды қашықтан басқару пунктінде, қозғалтқышта, әуе бұрандасында немесе компонентіне жұмыстар жүргізу, сондай-ақ модификациялауды немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 67-3) тармақшамен толықтырылсын:
«67-3) тип сертификаты - әуе кемесі типінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе бұрандасының конструкциясын айқындау және осы конструкцияның шет мемлекеттің ұшуға жарамдылық нормаларына сай екенін растау үшін әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе әзірлеуші шет мемлекеттің авиациялық билігі берген құжат;»;
75) тармақша алып тасталсын;
76), 76-1) және 76-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«76-1) ұшуға жарамдылық жөніндегі директива - жай-күйі қауіпсіз болып саналмайтын не осындай жай-күй нақ сол типтік конструкцияның басқа бұйымдарында орын алуы немесе дамуы мүмкін авиациялық бұйымдарды айқындайтын және көрсетілген бұйымдарды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетін, орындау үшін міндетті түзету іс-қимылдары, талаптар немесе шектеулер ұйғарылатын құжат;
76-1) ұшуға жарамдылық нормалары - әуе кемелерінің, ұшуды қашықтан басқару пункттерінің, қозғалтқыштардың немесе әуе бұрандаларының қаралатын сыныбы үшін Қазақстан Республикасында белгіленген, қабылданған немесе танылған нормалар;
76-2) ұшуға жарамдылықты ұстап тұру - әуе кемесінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың, әуе бұрандасының немесе компонентінің ұшуға жарамдылыққа қойылатын қолданыстағы талаптарға сәйкестігін және олардың қызмет ету мерзімі ішінде қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келетін жай-күйде ұсталуын қамтамасыз ететін процестер жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 76-3) және 76-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«76-3) ұшуға шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;
76-4) ұшуды орындауға жарамдылық - әуе кемесінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың, әуе бұрандасының немесе компонентінің олардың бекітілген конструкциясына және оларды қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келетін жай-күйі;»;
2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты - азаматтар мен экономиканың әуе тасымалдарына, авиациялық жұмыстарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың оны қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, адамдардың өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қатер төндірмей ұшуды орындау;
2) әуе кеңістігін пайдалануға және ұшуды орындауға байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;
3) Қазақстан Республикасы экономикасының және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қорғау.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік;
2) заңдылық;
3) авиациялық көрсетілетін қызметтерге және қызметке тең қолжетімділік;
4) әуе көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау;
5) азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі.»;
3) 4-бапта:
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық әуе кемелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған уақытта оларға қолданылады.» деген сөздер «Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелеріне;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық міндеттемелерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелеріне қолданылады.»;
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асырады.»;
5) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:
«12-3-бап. Азаматтық авиация саласындағы уақытша босатулар (ерекшеліктер, ауытқулар)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарынан уақытша босатуларды (ерекшеліктерді, ауытқуларды), егер мұндай босатулар (ерекшеліктер, ауытқулар) белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша және (немесе) баламалы шаралар енгізіліп өтелетін болса, пайдаланушыларға, азаматтық авиация ұйымдарына, сондай-ақ авиация персоналына ұсынады.
Уақытша босатулар (ерекшеліктер, ауытқулар) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен ұсынылады.
2. Уақытша босатуларды (ерекшеліктерді, ауытқуларды) ұсыну азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізетін ілеспе тәуекелдерді талдауға негізделуге тиіс.
Ілеспе тәуекелдерді талдау пайдаланушылар, азаматтық авиация ұйымдары және авиация персоналы ұсынатын, белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін көрсетуге тиіс тәуекелдерді бағалау негізінде жүргізіледі.
3. Пайдаланушыларға, азаматтық авиация ұйымдарына, сондай-ақ авиация персоналына ұсынылған уақытша босатулар (ерекшеліктер, ауытқулар) туралы ақпарат азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады. Көрсетілген ақпаратта нақты жағдайға байланысты уақытша шектеулер және (немесе) жеңілдететін шаралар туралы деректерді қоса алғанда, уақытша босатуларды (ерекшеліктерді, ауытқуларды) ұсыну талаптары және осындай босатулардың (ерекшеліктердің, ауытқулардың) қолданылу мерзімі қамтылуға тиіс.»;
6) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-79) және 41-80) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-79) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
41-80) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекітеді;»;
7) 15-2-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
8) 16-5-баптың 9-тармағында:
бірінші абзацтағы «Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына» деген сөздер «Әуе кемесінің ұшуды орындауға жарамдылығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына» деген сөздер «әуе кемесінің ұшуды орындауға жарамдылығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 16-6-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
«инспекторлары», «әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» деген сөздер тиісінше «инспекторларын», «оларға техникалық қызмет көрсету, олардың ұшуға жарамдылығын ұстап тұру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тағайындалады» деген сөз «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы тағайындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы талаптарына» деген сөздер «ұшуға жарамдылық нормаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Авиация инспекторлары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы бекіткен ішкі рәсімдерге сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындау бойынша жұмысқа кіріседі.»;
10) 16-9-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап тексеру қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен медициналық сертификатты тоқтата тұрады, кері қайтарып алады;»;
18) тармақшадағы «ұшуға жарамдылығы» деген сөздер «ұшуды орындауға жарамдылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 35-1-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
12) 43-бапта:
4-тармақтағы «ұшуға жарамдылығына» деген сөздер «ұшуды орындауға жарамдылыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Шет мемлекет, әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым» деген сөздер «Әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын әзірлеуші шет мемлекеттің авиациялық билігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 45-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына және ұшуға жарамдылықты айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына» деген сөздер «ұшуға жарамдылық нормаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтағы «талаптарына» деген сөз «нормаларына» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 47-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы сертификаты» деген сөздер «нақты ұшуға жарамдылық сертификаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтық әуе кемесінің тиісті ұшуға жарамдылық нормаларында көзделген конструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігі негізінде;»;
7-тармақтағы «ұшуға жарамдылығының жай-күйі» деген сөздер «ұшуды орындауға жарамдылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемесінің ұшуды орындауға жарамдылығын тексеру:»;
15) 48-баптың 3-тармағында:
«сәйкестендіру» деген сөзден кейін «және ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
«агрегаттарды» деген сөз «компоненттерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 54-баптың 6-1-тармағының 1) тармақшасындағы «әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына» деген сөздер «әуе кемесінің ұшуды орындауға жарамдылығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 54-1-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемде:
«сертификаттаған» деген сөз «тағайындаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сарапшылар» деген сөзден кейін «авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Медициналық сертификатты авиациялық медициналық сарапшы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап тексеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен береді.»;
3-тармақтың үшінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «өту кезінде» деген сөздер «, медициналық қарап тексеруден өту кезінде және медициналық куәландыру арасындағы кезеңде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «авиация персоналы куәлігін» деген сөздер «медициналық сертификатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 66-баптың 10-тармағы алып тасталсын;
19) 81-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
«қарауды» деген сөзден кейін «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қатысуымен» деген сөздермен толықтырылсын;
«жиырма» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің көшірмесін және оны беруге негіз болатын құжаттарды тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтайды;»;
11) тармақшадағы «тауардың шығарылған елін айқындау бойынша сараптаманы қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) тауардың шығарылған елін айқындау бойынша сараптаманы жүзеге асырады;».
13. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-қосымшаның 33-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«33-1. Тазартылған бағалы металдарды, бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама».
14. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақшадағы «немесе бейінді емес», «және (немесе) бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшадағы «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның», «немесе бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) өндірістік алаң - арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың бірыңғай технологиялық процесті жүзеге асыруға арналған объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) орналасқан аумағы;»;
17) тармақшадағы «немесе бейінді емес,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-бапта:
5) тармақшаның оныншы абзацы алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 14-бапта:
13) тармақшада:
«, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын» деген сөздер алып тасталсын;
«мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау» деген сөздер «мониторингті, сондай-ақ мониторинг деректерін талдауды жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-1) тармақшада:
«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғамен» деген сөздер алып тасталсын;
«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның» деген сөздер алып тасталсын;
4) 17-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі арнайы экономикалық аймақты құру мерзімінен аспайтын мерзімге мына шарттардың біреуімен ұзартылуы мүмкін:
арнайы экономикалық аймақ аумағының жалпы алаңының жиырма пайызынан астам игерілмеген аумақтың болуы;
әлеуетті инвесторлардың болуы.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі ұзартылған кезде басқарушы компанияның қызметті жүзеге асыру мерзімі тиісті арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзіміне сақталады.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «және бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасындағы «, бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт негізінде бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
«және бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
«елу» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
«Бұл ретте арнайы» деген сөздер «Арнайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды іске асыру үшін берілген, өндірістік алаңға кірмейтін аумақтың алаңы өндірістік алаңның отыз пайызынан аспауға тиіс.»;
бесінші бөлікте:
«немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға» деген сөздер алып тасталсын;
«тиісті шарт» деген сөздер «қызметті жүзеге асыру туралы шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның» деген сөздер тасталсын;
«немесе тұлғаның» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
жетінші бөліктегі «немесе бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «немесе бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың екінші және төртінші бөліктеріндегі «немесе бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақта:
бірінші абзацтағы «немесе бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалардағы «немесе бейінді емес» деген сөздер алып тасталсын;
5) 18-бапта:
тақырыптағы «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақта:
«немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның» деген сөздер алып тасталсын;
«немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа» деген сөздер алып тасталсын;
«оларды» деген сөз «оны» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
2) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушылары жобаларды іріктеудің мынадай өлшемшарттарының біріне сәйкес келуге:
өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында жоқ өнім өндіруді жүзеге асыруға;
өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында қажеттілікті жаппайтын өнім өндіруді жүзеге асыруға тиіс.
Осы тармақтың 2-бөлігінде көрсетілген өлшемшарттар өңдеу өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын әлеуетті қатысушыларға қатысты қолданылады.»;
7-тармақта:
«қызмет түрлеріне,» деген сөздерден кейін «осы баптың 6-тармағында көзделген» деген сөздермен толықтырылсын;
«3 немесе 4-тармақтарында» деген сөздер «3 және 4-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтағы «немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақта:
«осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып,» деген сөздер «осы баптың 6-тармағында көзделген талаптарға өтініштер сәйкес келген жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қызметті жүзеге асыру туралы шартта мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
іс-шаралар мен орындау мерзімдері ескерілген жобаны іске асырудың жоспар-графигі;
жобаның өндірістік және жоспарлы қуаттары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалатын қызметті жүзеге асыру туралы шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қарсы міндеттемесі қамтылуға тиіс.»;