2) кемтар азаматтар үшін материалдар дайындауға;
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;
4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялауға;
5) көшпелі ақпараттық - көрме іс-шараларын ұйымдастыруға;
6) білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсетуге;
7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасауға;
8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;
9) құжаттарды электронды жеткізуге, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыруға;
10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсірілімдер жасауға;
11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге құқығы бар.
Кітапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.
5. Кітапхана ісі, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде кітапхана қорларын қалыптастырумен, сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттеледі.
6. Мүгедек немесе егде жаста болуынан кітапханаларға бара алмайтын кітапхана пайдаланушылар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізуге құқығы бар.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеме нысанында құрылған мәдениет ұйымы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы:
1) баспасөз архивін статистикалық есепке алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді;
2) баспасөз архивіндегі баспа өнімін мерзімсіз сақтауды қамтамасыз етуді;
3) баспа өнімін библиографиялық өңдеудi;
4) баспасөз архивінде сақталатын баспа өнімінің электрондық жеткізгіштерге көшірілуін ұйымдастыруды;
5) жарғыға сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
3. Баспасөз архиві басылымның міндетті тегін данасын алу, сондай-ақ өзге де баспа өнімін сыйға тарту, өтеусіз алу арқылы жинақталады.
4. Баспасөз архиві мемлекеттік меншік болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды
24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары
Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында басылымның міндетті тегін даналарын дайындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Музейлер
1. Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері құрылуы мүмкін.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі)
3. Музей заттары мен музей коллекциялары музей қорының құрамына енгізіледі және Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Музей қорларын жинақтау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, мемлекеттік музейлерде құрылатын қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиялары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік музейлерден музей заттары мен музей коллекцияларын жеке меншікке беруге тыйым салынады.
4. Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке және заңды тұлғалармен келісу бойынша айқындалатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге құқылы.
Мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
5. Мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлердің:
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсынуға;
3) фото және бейне түсірілімдер жасауға;
4) кәдесый және полиграфиялық өнімдерді өткізуге;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыруға құқығы бар.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Музей қорының құрамына енгізілген музей заттары және музей коллекциялары туралы алғашқы жариялау құқығы осы музей заттары және музей коллекциялары бекітіп берілген музейге тиесілі болады.
6. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі мен шарттары және музей ісі саласындағы басқа да қатынастар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен реттеледі.
7. Мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік музейлерге мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлінеді.
26-бап. Ауыл мәдениеті
1. Қазақстан Республикасында ауылдық елді мекендердің мәдениет объектілерімен қамтамасыз етілу нормативі талаптарымен айқындалатын деңгейде ауылдық жерде мәдениетті дамытуда, мемлекеттік мәдениет ұйымдары желісін қалыптастыруда, халыққа эстетикалық білім беру және мәдени қызмет көрсету үшін жағдайлар жасауда басымдық қамтамасыз етіледі.
2. Ауылдық жерлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдары материалдық-техникалық қамтамасыз етудің басым құқығын пайдаланады.
2008.24.12. № 111-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ауылдық елді мекендерде тұратын мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.
27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары
1. Мәдени-демалыс ұйымдары - қызметі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттелетін күнделікті көпшіліктің араласу (клубтар, мәдениет және демалыс парктері, мәдениет үйлері мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлері) және басқалары), жеке адамды, көркемөнерпаз халық шығармашылығын дамыту орталықтары.
2. Мәдени-демалыс ұйымдарының негізгі міндеті халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
3. Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметі:
1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;
2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыруға;
3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға;
4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;
5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;
6) этномәдени бірлестіктерді қолдауға;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады.
4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-демалыс ұйымдарын таратуға, егер мұндай тарату халыққа мәдени қызметтердің ең аз көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін болмаса, оған жол берілмейді.
5. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың мәдени-демалыс іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік мәдени-демалыс ұйымдарына бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Кинематография
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кинематография - фильмді жасауға, сақтауға және прокаттауға бағытталған шығармашылық, ғылыми, өндірістік, білім беру қызметі түрлерін біріктіретін мәдениет саласы.
2. Кинематографиядағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары:
1) киношежіре мен ұлттық, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер жасау;
2) кинематографияның материалдық-техникалық базасын сақтау және дамыту;
3) шетелдік фильмдерге қарағанда ұлттық фильмдерді шығаруға, олардың таралымын көбейтуге және прокаттауға басым жағдайлар жасау;
4) кинофестивальдер және басқа да іс-шаралар өткізу;
5) халықаралық кинематографистер ұйымдарына, сондай-ақ фестивальдер мен конкурстарға қатысу және өкілдік ету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасындағы кино өндірісінің негізін кинематографиялық ұйымдар құрайды.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28-1-бап. Ұлттық фильм
1. Фильм мынадай негіздердің жиынтығына сәйкес келсе:
1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалып, халықтың рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы әлемдік аренада танып-білуге қызмет ететін болса;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) фильмдерді шығару, тарату және прокаттау кезінде смета бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде жетпіс процентін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асыратын болса;
3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болып табылса;
4) фильм түсіретін топтың құрамына кіретіндердің (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын актерлер) отыз пайыздан аспайтыны Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар болса;
5) фильм шығарудағы шетелдік инвестициялар фильмнің сметалық құнының отыз процентінен аспаса;
6) фильмді шығару ішінара немесе толығымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылса, ұлттық деп танылады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.
3. Фильмді ұлттық деп тану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
28-2-бап. Фильмге прокаттау куәлігін беру
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ фильмге прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер, фестивальдерде, семинарларда, ретроспективада және басқа да іc-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілетін) фильмдерді қоспағанда, Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
Бұл талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды.
Фильмге прокаттау куәлігі - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болатын құжат.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Фильмге прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады.
3. Фильмге прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші:
1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті;
2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды; шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі;
3) фильмнің аннотациясын;
4) отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Фильмге прокаттау куәлігін алуға өтініш түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін береді.
5. Уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша:
1) өтініш беруші дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берсе;
2) өтініш беруші осы баптың 3-тармағының талаптарына сай келмейтін құжаттарды табыс етсе;
3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлттық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда, бас тартуы мүмкін.
6. Фильмге прокаттау куәлігін беру үшін бұдан бұрын негіз болған фильм туралы ақпараттың дәйексіздігі және (немесе) бұрмаланғандығы анықталған жағдайда, уәкілетті орган фильмді прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарып алуға құқылы.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-3-баппен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 28-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-3-бап. Фильмдердің жас сыныптамасы
1. Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдер мен Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау мақсатында әкелінетін (жеткізілген) фильмдерге мынадай жас санаттары беріле отырып, жас сыныптамасы жүзеге асырылады:
1) «6 жасқа дейін» - алты жасқа толмаған балаларға арналған фильмдер;
2) «6 жастан бастап» - алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
3) «12 жастан бастап» - он екі жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
4) «14 жастан бастап» - он төрт жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
5) «16 жастан бастап» - он алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
6) «18 жастан бастап» - он сегіз жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер;
7) «21 жастан бастап» - жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер.
2. Фильмдерді «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап» және «16 жастан бастап» жас санаттарына жатқызу өлшемшарттары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келеді.
«18 жастан бастап» жас санатына:
Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпарат;
кинотуындының сюжеті мен көркемдік міндеті тұрғысынан ақталу шартымен, суицидтің, адам өлтірудің, отбасы өмірінің проблемалары мен ажырасудың, есірткіге және алкогольге тәуелділіктің, аурулардың, нәсілшілдіктің, бейәлеуметтік жүріс-тұрыстың, жалаңаштанудың, жыныстық қатынас немесе басқа да эротикалық әрекеттер көріністерінің сипатталуы және (немесе) бейнеленуі;
дөрекі жаргон, былапыт сөздердің, нормативтік емес лексиканың эпизодтық қолданылуы бар фильмдер жатқызылады.
«21 жастан бастап» жас санатына:
Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, кез келген көріністердің сипатталуы және (немесе) бейнеленуі бар;
дөрекі жаргон, былапыт сөздерді, нормативтік емес лексиканы қолданудағы шектеулер болмайтын фильмдер жатқызылады.
3. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын фильмдерді қоспағанда, телеарналарда «18 жастан бастап» жас санаты бар фильмді - жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді жергiлiктi уақытпен сағат нөлден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн прокаттауға жол берiледi.
«21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді прокаттауға кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн жол берiледi.
4. Фильмге прокаттау куәлiгiн алған және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокаттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрерменге фильмнiң жас санаты туралы хабардар етуге мiндеттi.
5. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап», «16 жастан бастап» және «18 жастан бастап» жас санаты белгісі Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Фильмдердің «21 жастан бастап» жас санаты белгісі ромбтағы
«21+» белгісімен және (немесе) «жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескертумен белгіленеді.
6. Фильмнің жас санаты туралы ақпарат Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілуге және тұтынушылар үшін қолжетімді болуға тиіс.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-4-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
1. Қазақстан Республикасының аумағында барлық фильмді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады.
2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және қажеттігіне қарай басқа да тілдерде жүзеге асырылуға тиіс.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Шетел телеарналарынан ретрансляцияланған фильмдерді қоспағанда, прокаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) барлық фильмдерге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тiлiнде дубляж жасалуға тиiс.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-5-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28-5-бап. Фильмдердің түрлері
1. Фильмдер түрлері бойынша мыналарға бөлінеді:
1) анимациялық фильм - графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану жолымен қимылдар мен көріністер жандандырыла отырып жасалатын фильм;
2) деректі фильм - режиссер операторлық өнер, монтаждық құрау құралдарымен және басқа да құралдармен түсіндіретін өзекті оқиғалар, шындық фактілері жинақталып көрсетілген сценарий желісінің негізінде жасалатын фильм;
3) ойын фильмі - сценарийдің негізінде жасалатын және актер ойыны, режиссура, операторлық өнер, қоюшы-суретшінің, композитордың және кинематография саласындағы басқа да қатынас субъектілерінің шығармашылығы құралдарымен іске асырылатын фильм;
4) хроникалы фильм - өзекті оқиғалар мен шындық фактілері көрсетілген фильм.
2. Бейнелеуді көрсету тәсілдері бойынша фильмдер кинофильмдерге, телевизиялық фильмдерге және бейнефильмдерге бөлінеді.
3. Ұзақтығы алпыс минуттан кем емес фильм толық метражды болып табылады, ұзақтығы алпыс минутқа жетпейтін фильм қысқа метражды фильм болып табылады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-6-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28-6-бап. Фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау
1. Мемлекет ұлттық фильмдерді, бірлесіп түсірілген фильмдерді және киношежірені, оның ішінде ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
2. Ұлттық фильмдердің бастапқы материалдары Фильмдердің мемлекеттік қорына тұрақты сақтауға беріледі.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының аумағына көшірмесін жасау, таралымын көбейту және прокаттау үшін әкелінетін (жеткізілетін) бірлесіп түсірілген фильмдердің бастапқы материалдары да Фильмдердің мемлекеттік қорына тұрақты сақтауға беріледі.
4. Фильмдердің мемлекеттік қоры ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жеткізілетін) бірлесіп түсірілген фильмдердің бастапқы материалдарын сақтау кезінде фильмдердің бастапқы материалдарына олардың құқық иелерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
5. Киношежіренің бастапқы материалдары Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттік мұрағатына тұрақты сақтауға беріледі, ол киношежіренің бастапқы материалдарына олардың құқық иелерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
6. Негатив, контратип, бейне негативі, фонограмма негативі, эталонды көшірме, қондыру роликтері, паспорттары мен олардың жазбалары, фильмнің бақылау көшірмесі, қайта жазбалардың, музыканың, шулардың магнитті фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнің кез келген материалдық нысандағы таралымын көбейту үшін қажетті өзге де материалдар фильмнің және киношежіренің бастапқы материалдарына жатады.
29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың гастрольдік қызметі
1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы гастрольдік қызметі шарт негізінде жүзеге асырылады.
2. Шетелдік гастрольдерді шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылар авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз ететін шарттар негізінде өткізеді.
30-бап. Халық көркем шығармашылығы
1. Халық көркем шығармашылығы - халық көркем шығармашылығы шеберлерінің шығармашылық қол еңбегі және (немесе) механикаландырылған еңбегі процесінде белгілі бір жерде халық өнері дәстүрлерін ұжымдасып игеру және сабақтастықпен дамыту негізінде жүзеге асырылатын халық шығармашылығы нысандарының бірі, әсемдік мақсаттағы көркем бұйымдар жасау жөніндегі қызмет.
2. Бұйымдарды халық көркем шығармашылығы бұйымдарына жатқызу халық көркем шығармашылығы жөніндегі көркемдік-сарапшылық кеңестердің қорытындылары негізінде жүзеге асырылады.
3. Халық көркем шығармашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті қаржыландыру
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын, бюджет қаражаты және филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін қаражат және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет ұйымдарын қаржыландыру қызметтер көрсету, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
3. Мәдениетті дамыту қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік емес қаражаттарды тартуы мүмкін.
6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді
32-бап. Мәдени құндылықтар
1. Мәдени құндылықтарға материалдық және материалдық емес құндылықтар жатады.
2. Материалдық мәдени құндылықтарға:
1) археологиялық олжалар;
2) өсімдіктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның сирек коллекциялары мен үлгілері және палеонтология үшін қызығушылық тудыратын заттар;
3) ғылым мен техника тарихын, соғыстар мен қоғам тарихын, ұлттық мәдениет тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, ойшылдардың, ғалымдардың, ақын-жазушылар мен әртістердің өмірімен және ірі ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;