1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 4-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі - объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығы берілген заңды тұлғалардың бірыңғай тізбесі;
3-2) аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«4-1) аттестатталған сарапшылардың тізілімі - жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері аттестаттаған және:
объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама), сондай-ақ аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына (әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобалары) сараптама бойынша жұмыстар жүргізу;
бұрыннан бар (пайдаланылатын) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау;
тапсырыс берушінің атынан техникалық қадағалау және жобаны әзірлеушілердің атынан авторлық қадағалау жүргізу жөнінде инжинирингтік қызметтер көрсету құқығы берілген жеке тұлғалардың үнемі жаңартылып отыратын бірыңғай тізімі;»;
«6-1) бірегей құрылыс объектісі - осы объект үшін арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген, ерекше, бұрын жекелеп немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын үйлер, ғимараттар және олардың кешендері;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жоба - жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынылған, адамның мекендеуі мен тыныс-тіршілігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;»;
15) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) жобалар сараптамасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізуден тұратын сараптамалық қызмет. Сараптама мынадай болып бөлінеді:
үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтиды);
қалалық және ауылдық елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды, сондай-ақ елді мекендерден тыс орналасатын өндірістік кешендерді дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілетін, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді қала құрылысы сараптамасы;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері - сараптама ұйымдары, сондай-ақ сараптама ұйымдарының штаттағы қызметкерлері болып табылатын не жоба құрамында жекелеген бөлім (бөлік) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы орындау үшін немесе кешенді қала құрылысы сараптамасы жөніндегі сараптама комиссияларының (топтарының) жұмысына қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде осы ұйымдар уақытша тартқан сарапшылар;
16-2) жобалау саласындағы сарапшы - жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;»;
17), 18-1) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) қаупі ықтимал құрылыс объектiлерi - өзінің функционалдық мақсаты және өндiрiстiк процестер салдарынан адамның денсаулығы мен өмiрiне зиян, орны толмас залал келтiретiн техногендiк және (немесе) экологиялық зiлзалалар туындау, жобалануы, салынуы және пайдаланылуы кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы іс-шаралар талап етілетін басқа да объектiлердiң жұмыс iстеуiн бұзу қатерi бар қауіпті өндірістік объектiлер;»;
мынадай мазмұндағы 30-1), 31-1) және 39-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі - мемлекеттік инвестициялар) - жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге жіберілетін нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
концессиялық жобаларды іске асыруға жіберілген қаражат болып табылады;»;
38-тармақтың 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«31-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды - техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын растайтын құжат;»;
«39-1) мемлекеттік сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
38-тармақтың 1) тармақшасының отыз бірінші, отыз екінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
44-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44-1) объектіні пайдалануға қабылдау актісі - объект құрылысының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 44-2), 44-3), 47-1) және 48-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«44-2) орманды саябақ - табиғи орманның барлық элементтерi бар орнықты табиғи кешен қалыптастыру үшiн iс-шаралар жүргiзудi қажет ететiн, елдi мекен шекарасындағы ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан табиғи және (немесе) қолдан өсiрiлетiн екпелер;
38-тармақтың 1) тармақшасының отыз бесінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
44-3) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды - авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкестігін растайтын құжат;»;
«47-1) сараптама ұйымдарының палатасы (бұдан әрі - палата) - мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметін жүзеге асыратын, аккредиттелген сараптама ұйымдарының кемінде үшеуінен заңды тұлғалар құратын, бірыңғай коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым;»;
38-тармақтың 1) тармақшасының отыз жетінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«48-1) сәйкестік туралы декларация - мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектіде орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;»;
2) 3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту;»;
3) 14-баптың 2)-тармақшасындағы «пайдалануға құқығы бар.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) кәсіби қоғамдық ұйымдар құруға құқығы бар.»;
4) 17-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеудiң, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған кезде, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
5) 19-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жалпы мемлекеттiк және мемлекетаралық маңызы бар объектiлердi жобалау және салу туралы шешiмдер қабылдайды;»;
15) тармақша алып тасталсын;
6) 20-бапта:
8) және 11-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;»;
«11-2) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 11-3), 11-4), 11-5), 11-6) және 11-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-3) объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11-4) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11-5) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11-6) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;
38-тармақтың 6) тармақшаның оныншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
11-7) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізу;»;
22) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
7) 24-баптың 1-тармағында:
12) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
38-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«12) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
«16) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;»;
17-2) тармақша алып тасталсын;
38-тармақтың 7) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 17-8) тармақшамен толықтырылсын:
«17-8) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;»;
8) 25-бапта:
1-тармақта:
38-тармақтың 8) тармақшаның үшінші, төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
18-2) тармақша алып тасталсын;
38-тармақтың 8) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 18-8) тармақшамен толықтырылсын:
«18-8) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;»;
38-тармақтың 8) тармақшаның сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
9) 26-баптың 9) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
38-тармақтың 9) тармақшаның екінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
«16) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау;»;
10) 30-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елдi мекендердiң аумақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жергiлiктi жерлерде реттейтiн, аумақтық (облыстық, қалалық) құрылыс салу қағидалары қолданылады.»;
«3. Құрылыс салу қағидалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалануы, елдi мекендер аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалауы және онда құрылыс салуы жөніндегі шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа жылжымайтын мүлiк объектiлерiн орналастыруға және салуға, бұрыннан барын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге), жер учаскесінің нысаналы мақсатын, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға беруге, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды бұзуға рұқсат беру рәсiмдерiнен өту тәртiбiн белгiлейдi.»;
11) 31-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
38-тармақтың 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалары 2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
12) 31-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналарды:
1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;
2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;
3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;
4) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;
5) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;
6) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;
7) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;
8) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Осы баптың 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптарды сақтауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылау арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары қамтамасыз етеді.
10. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған немесе анықталған бұзушылықтар объектіде жойылмаған жағдайда, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына бұл жөнінде хабарлайды.»;
13) 33-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;»;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «қолдану жүктеледі.» деген сөздер «қолдану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
6) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру жүктеледі.»;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;»;
4) тармақшадағы «бару құқығы беріледі.» деген сөздер «бару;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту құқығы беріледі.»;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Инспекциялау нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықтама және анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілер ведомосі жасалады, бұл жұмысы тексерілген, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға, сондай-ақ тапсырыс берушіге (меншік иесіне) беріледі.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтардағы немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар құрылыстан, Қазақстан Республикасының астанасында салынып жатқан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан жеке тұрғын үйлер құрылысынан басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы, оның орынбасарлары және лауазымдық мiндеттерiне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру кiретiн штат қызметкерлерi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелердiң басшылары, олардың орынбасарлары және лауазымдық мiндеттерiне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру кiретiн штат қызметкерлерi тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларына берiледi.»;
14) 34-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.
2. Объектiлердi салу барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Авторлық қадағалау міндетті түрде объектіні салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделi жөндеудің) не аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялаудың бүкiл кезеңi iшiнде қолданыстағы нормативтерге сәйкес объектілерді салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды береді.»;
мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-2. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
1) салынып жатқан тиісті объектіге еркін кіруге;
2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;
3) авторлық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
4) тапсырыс берушіден және мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;
5) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.
2-3. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:
1) құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын қамтамасыз етуге;
2) авторлық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;
3) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;