2) эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізілген;
3) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен әкетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің партиясында анықталғаны туралы нотификациялар, хабарлар, хабарламалар келіп түскен;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкетуге немесе әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді, уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды бұзу фактілері анықталған кезде қабылдайды.
4. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқандаған өзге де орындарда, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуына, таралуына жол бермеу, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау күн сайын жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты түрде жүргізіледі.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актісін жасайды.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіпті жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) ветеринариялық есепке алу мен есептіліктен;
3) басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларынан;
4) ветеринария жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
5) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылауға жататын өнімді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, жергілікті атқарушы органдар және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ұсыным жасайды, ол бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Ұсынымда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсіндірмелер, орындау мерзімі көрсетіледі.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып беріледі немесе төменде санамаланған тәсілдердің бірімен:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап жіберіледі және табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімдерде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды тіркеудің арнайы журналында есепке алуға тиіс, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау актісі тексеру нәтижелері туралы актілерді тіркеудің арнайы журналында тіркеледі, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсімдіктердің сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдары, ыдыстың барлық түрлері, буып-түю материалдары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметі;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндірістік үй-жайлары мен қызметі;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бірдейлендірудің рәсімдері мен нысандары;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);
10) ішкі сауда объектілері;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
11) процессингтік орталық.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1) тармақшаға енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз кіруіне;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін, зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысуға, сондай-ақ аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртуге;
2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде:
фото- және бейнетүсірілім үшін техникалық құралдарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдалануға;
өзге де техникалық құралдарды (жабдықтар, аспаптар, өлшем құралдары, құрылғылар, құралдар және өзге де техникалық құралдар) оларды пайдалану (қолдану) жөніндегі нұсқаулықтарға және өзге де құжаттарға сәйкес пайдалануға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану ақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мынадай актiлер:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы нұсқама;
жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы нұсқама;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, шаруашылық қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
ауру жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;
1-1) эпизоотиялық зерттеу актісі;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы;
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тәуелсiздiгi
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.