2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
446-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
Эротикалық мазмұндағы өнiмдi осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда сату, тарату немесе жарнамалау -
эротикалық мазмұндағы өнiм тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
447-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 448-бап өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
448-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі
Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауы -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
449-бап. Қоғамдық орындарда тиісу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 450-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
450-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну -
қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет -
қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
26-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 451-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
451-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу
1. Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп тану туралы шешім шығарылғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату -
бұқаралық ақпарат құралының өнімі тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген, сондай-ақ теле-, радиоарнаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда, қайта есепке алынбай бұқаралық ақпарат құралының өнімін жасап шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға алып келеді.
4. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, масс-медиада ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмаған адамның дербес және биометриялық деректерін, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Телерадиокомпаниялардың Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радио бағдарламаларды белгіленген пайыздық нормадан кем таратуы;
2) телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;
3) телеарнада кадр алаңының жиырма бес пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтіндік немесе ақпараттық материалды бұзатын коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпаратты тарату;
4) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын беру сапасын қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзушылығы -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Жергілікті уақытпен нөл сағаттан бастап есептелетін әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемін теле-, радиобағдарламалардың Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасында белгіленгеннен жалпы көлемінен кем тарату -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
телевизия және (немесе) радиохабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің он пайызынан асатын шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;
2) телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарнаны ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасаған бұзушылығы -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Телерадиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатты көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;
2) телерадио хабарларын тарату операторларының және телерадиокомпаниялардың адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру сигналын, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде сигналды уақтылы таратпауы;
3) телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;
4) радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына жерүсті спутниктік дара қабылдау құрылғылары арқылы бөгеуіл жасау;
5) телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке, қайта есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасаған бұзушылығы -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың он төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 16-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
16. Телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радио сигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдығын тарату -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 17-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
17. Осы баптың он алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын шартты қолжетімді карталар және жабдық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
452-бап. 2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 453-бап өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
453-бап. Масс-медиа өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау -
масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, телевизиялық бағдарламаларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, масс-медиаға жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
телевизиялық хабарларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
454-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеудiң, сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын беру тәртiбiн бұзу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын бермеу -
ескерту жасауға алып келеді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 455-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
455-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану -
жеке тұлғаларға - алпыс, лауазымды адамдарға - сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес келмейтін, букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар жарнамасын тарату және (немесе) орналастыру -
жеке тұлғаларға - алпыс, лауазымды адамдарға - сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын:
1) осы Кодекстің 163-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнама;
2) бейәдеп және жасырын жарнама;
3) ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналардағы жарнама;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) алкоголь өніміне, темекіге және темекі бұйымдарына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу, оның ішінде жүлделер, лотереялар ойнату нысанындағы жарнама;
5) ресми хабарларды, Қазақстан Республикасының Президенттiгіне және өкiлдi органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерiн, бiлiм беру және дiни телебағдарламаларды трансляциялауды, сондай-ақ балалар телебағдарламалары көрсетiлiмiн, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнаманы қоспағанда, жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен бөліп жіберу;
6) сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетуде фильм көрсетілімін жарнамамен бөлiп жiберу;
7) сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру;
8) тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген жобалау құжаттамасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарының жарнамасы түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - отыз бес, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, масс-медианы пайдалана отырып жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Осы баптың бірінші, 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -