6) 9-баптың 2-тармағының 3), 3-2) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
4-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;»;
«3-2) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді;»;
4-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;»;
4-тармақтың 6) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 10-баптың 3) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;»;
«7) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;»;
8) 23-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді уәкілетті орган бекітеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 9) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 25-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.»;
10) 34-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету:
1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде - денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;
2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде - белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың 10) тармақшасының алтыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 3) тармақшасындағы «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
11) 35-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «дәрілік формулярға» деген сөздер «денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
12) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны стационарлық көмек болып табылады.»;
13) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны стационарды алмастыратын көмек болып табылады.»;
14) 77-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6-2) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
4-тармақтың 15) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 88-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;»;
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексеру жүргізу, оларды динамикалық байқау және сауықтыру;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде алуға құқығы бар.
Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.»;
4-тармақтың 16) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 89-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексерілуге және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцинация алуға құқығы бар.»;
4-тармақтың 17) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық, консультациялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде беріледі.»;
18) 135-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«135-бап. Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға медициналық көмек көрсету
Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетіледі.»;
4-тармақтың 19) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 135-1-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы бапқа сәйкес медициналық көмек:
1) осы Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Осы баптың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес медициналық көмек көрсеткені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзге де денсаулық сақтау субъектілерінде алуға құқылы.»;
20) 148-баптың 1-тармағындағы «(ерекше зиянды)» деген сөздер алып тасталсын;
21) 167-баптың 3-тармағындағы «(ерекше зиянды)» деген сөздер алып тасталсын.
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):
1) 162-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жөніндегі міндеттемелері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;»;
2) 165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.».
6-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
122-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке жұмсалатын шығыстар өтелуге жатпайды.».
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат):
51-баптың 1-тармағында:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгіленуі мүмкін.
Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мыналарға:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
4) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне;
6) уәкілетті орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Талап қою талаптарын қамтамасыз ету үшін тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақша сомасы талап қою сомасы мен мемлекеттік баж мөлшерінен және соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстардан аспауға тиіс. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салған кезде тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеуге қажетті сомадан, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдардан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және орындау жөніндегі шығыстардан аспауға тиіс.».
8-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауіпсіздік органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.».
9-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-IІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат):
27-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;».
10-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
26-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнен Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар ұсталып қалады және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жіберіледі.».
11-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):