698) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;
699) егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын болып табылса, сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің, жекешелендірілетін кәсіпорын жасасқан шарттардың сомасы туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
700) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдал тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
701) сатып алу-сату шартын орындауға байланысты, оның ішінде өзінің қолданысын тоқтатқан бақылауды жүзеге асыру кезінде сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды жұмысқа тарту;
702) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болу;
703) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
704) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқығын жүзеге асыру;
705) республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органына беру;
706) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуін және олардың төленуін, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуін бақылауды жүзеге асыру;
707) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, жарғылық капиталға қатысу үлестерін енгізу арқылы акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуді және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды енгізуді жүзеге асыру;
708) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
709) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
710) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
711) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;
712) анық және объективті талдау үшін қажетті меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша сұрау салуды және ақпарат алуды жүзеге асыру;
713) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджет қаржысын бөлу көлемін негіздеу;
714) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі нысанасына жататын ақпаратты жинауға және талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарту;
715) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен сұратуды жүзеге асыру және алу;
716) мониторинг жүргізу тапсырылған адамдарды және танысу үшін берілуге тиіс ақпарат тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар ету;
717) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғалардың мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен танысу;
718) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;
719) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілеріне жүйелі тексеру жүргізуді ұйымдастыру;
720) республикалық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
721) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындау, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде - директорлар кеңестеріне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының бекітуіне ұсыну;
722) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгіленген жағдайларда және шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлік үшін өтем төлеуді жүзеге асыру;
723) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асыру;
724) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін әзірлеуге қатысу;
725) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлеуге қатысу;
726) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
727) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
728) республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
729) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;
730) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру;
731) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2023.01.03. № 172 Қаулысымен 731-1) және 731-2) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
731-1) Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру;
731-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы бекітуге ұсыну;
732) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарау;
733) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
734) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлеу және бекіту;
конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;
735) мемлекеттік сатып алу саласында республикалық тізілімдерді қалыптастыруды жүзеге асыру және жүргізу;
736) Министрліктің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
737) ведомстволар басшыларының олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрлік актілерінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын, оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық бұйрықтарды бекіту;
738) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
739) ведомстволардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;
740) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімдер қабылдау;
741) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауы мен қарауы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
742) өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнінің есебі;
743) құпия ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
744) ұлттық бақылану жүйесіне енгізілетін мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді және (немесе) бақылану тетігін іске асыруды қамтамасыз ету;
745) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын айқындау және оны беруді жүзеге асыру;
746) экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті беру бойынша есепке алуды тіркеу тәртібін айқындау;
747) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттеменің мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
748) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі бар экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
749) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттарын тіркеу, сондай-ақ оларды тіркеу тәртібін айқындау;
750) ауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісінің нысанын бекіту;
751) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 296-бабы 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындау;
752) аванстық төлемдердің, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ өзге де ақшаны төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген сомаларды есепке жатқызу (қайтару) тәртібін айқындау;
753) кеден органдарының тәуекелдерді басқару процесін іске асыру тәртібін айқындау;
754) тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралы декларациясын тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібін айқындау;
755) қызмет аймағында тауарлар бар кеден органынан басқа кеден органында тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындау;
756) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайларды айқындау;
757) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
758) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 41-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ерекшеліктерді ескере отырып, кедендік декларациялауды жүзеге асыру мақсатында оларға қатысты кеден органдары тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдайтын тауарлардың тізбесін бекіту;
758-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
758-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
758-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
758-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
758-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
758-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
758-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
758-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
758-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
758-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
758-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
758-12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебемен республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы тәртібін айқындау;
758-13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебемен республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік сыртқы қарыздарының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын келісу;
758-14) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
758-15) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын сатып алу, пайдалану;
758-16) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерін тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
758-17) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарын тоқтату, оларды қарап-тексеруді, жете тексеруді жүргізу;
758-18) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды және көлік құралдарын қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
758-19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін әзірлеу;
758-20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін, деректерді беру жүйелерін, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау, сатып алу және пайдалану;
758-21) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
758-22) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;
758-23) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;
758-24) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асыру;
758-25) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына немесе транзитіне тыйым салу туралы шешім қабылдау;
758-26) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
758-27) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, сарапшыларды және мамандарды тарту;
ҚР Үкіметінің 2023.27.04. № 335 Қаулысымен 758-28) - 758-30) тармақшалармен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
758-28) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу тәртібін айқындау;
758-29) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша электрондық кезек жүйесін әзірлеуді, ендіруді және оның жұмыс істеуін, сондай-ақ автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізгені және электрондық кезекті брондағаны үшін төлемақы алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
758-30) монополияға қарсы органмен келісу бойынша автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізгені, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өткені үшін төлемақы мөлшерін айқындау;
758-31) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оларды жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару тәртібін келісу;
758-32) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау;
758-33) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алудың бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау;
758-34) Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асыру;
758-35) тармақша 2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді және 2024 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
758-35) мыналарды:
кедендік декларациялаудың ерекшелігін;
сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлар санатын, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірді және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдануды айқындау;
758-36) тармақша 2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді және 2024 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
758-36) нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту;
758-37) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды уақытша әкелудің және уақытша әкетудің кедендік рәсімі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін айқындау;
758-38) заттай нормаларды әзірлеу тәртібін айқындау;
758-39) бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын белгілеу;
758-40) республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындауды келісу;
758-41) республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздар шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы мен ережесін бекіту;
758-42) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша бюджеттік кредитті қайта құрылымдауды жүзеге асыру;
758-43) кредиттік шарт тараптарының келісімі бойынша бюджеттік кредит бойынша борышты аудару жөнінде шешім қабылдау;
758-44) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін бекіту;
758-45) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару тәртібін белгілеу;
758-46) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер мен қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынуы тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
758-47) меншіктің мемлекеттік мониторингінің ақпаратына қолжетімділік беру тәртібін белгілеу;