10) 15-10-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жиілік пен қуатты автоматты түрде реттеу жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін гидроаккумуляциялайтын электр станциясының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімсіздіктерді сату уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.»;
11) мынадай мазмұндағы 15-12 жəне 15-13-баптармен толықтырылсын:
«15-12-бап. Жобалық аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тəртібі
1. Уəкілетті орган гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу жобаларын жобалық аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу арқылы іріктейді.
2. Бірыңғай сатып алушы уəкілетті органның тапсырысы бойынша жүйелік оператор əзірлеген техникалық тапсырма негізінде жобалау құжаттамасын дайындайды.
3. Жобалық аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.
15-13-бап. Қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларын жəне (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуды жоспарлап отырған заңды тұлғаларды іріктеу өлшемшарттары
Осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 1-2) тармақшасына сəйкес жаңадан пайдалануға берілетін қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларын жəне (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуды жүзеге асыруды жоспарлап отырған заңды тұлғалар мынадай өлшемшарттарға сай болуға тиіс:
1) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
2) заңды тұлғаның немесе онымен үлестес тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртіппен расталатын, қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларын жəне (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу жəне (немесе) пайдалану тəжірибесінің болуы;
3) жаңадан пайдалануға берілетін қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларын жəне (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу жөніндегі жобалардың су шаруашылығы құрылысжайлары стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін осындай құрылысжайлардың тізбесіне енгізілуге тиіс;
4) жаңадан пайдалануға берілетін қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станциясын немесе гидроаккумуляциялайтын электр станциясын салу жөніндегі жобаға техникалық-экономикалық негіздеменің болуы;
5) ұсынылу тəртібі мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржылық қамтамасыз етудің болуы.»;
12) 19-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 15) жəне 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) уəкілетті орган айқындаған тəртіппен сорғы режимінде жұмыс істеуі үшін гидроаккумуляциялайтын электр станциясына электр энергиясын сатады.
Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушының гидроаккумуляциялайтын электр станциясы тұтынатын электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан сатып алуға жұмсалатын шығындары электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын сату бағасын айқындау кезінде ескеріледі;
16) электр энергиясын гидроаккумуляциялайтын электр станциясынан уəкілетті орган айқындаған тəртіппен сатып алады.»;
4-тармағы 13) тармақшасы 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
13) 25-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін жұмыс істеген энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметті 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін лицензиясыз жүзеге асыруға құқылы.
Көрсетілген ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны 2027 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей алуға міндетті.
Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде алмаған электр желілерінің меншік иелері 2027 жылғы 1 шілдеге дейін осы Заңның 13-1-бабының 2 жəне 3-тармақтарында көзделген тəртіппен өз желілерін беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелері 2027 жылғы 1 шілдеге дейін электр энергиясын беру жөніндегі қызметті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті орган бекітетін тарифтер бойынша көрсетуге, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды өздерінің электр желілеріне лицензиясыз қосуға жəне қосылуға арналған техникалық шарттарды беруге құқылы.».
5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 83-баптың 2-тармағы «119-2,» деген цифрлардан кейін «119-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 119-4-баппен толықтырылсын:
«119-4-бап. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін өтеусіз беру
Жергілікті атқарушы органдар тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен газ жəне газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы газ жəне газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау жəне (немесе) газ тарату ұйымдарына өтеусіз береді.».
6. «Газ жəне газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға», «цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар», «цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға», «цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды», «цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың» деген сөздер тиісінше «цифрлық майнер», «цифрлық майнерлер», «цифрлық майнерлерге», «цифрлық майнерлерді», «цифрлық майнерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автогаз құю станциясы - сұйытылған мұнай газын сақтауды жəне оны отын ретінде пайдаланатын автомобиль көлік құралдарының иелеріне бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін технологиялық кешен жəне жабдық.
Автогаз құю станциялары мынадай типтерге бөлінеді:
стационарлық - сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер астында немесе жер үстінде орналасқан, автомобиль көлік құралдарына газ тарату колонкалары арқылы құюға арналған автогаз құю станциясы;
модульдік (моноблок) - сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі бірыңғай зауыттық бұйым ретінде жасалған, сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары бар платформада газ тарату колонкаларын орналастырумен сипатталатын автогаз құю станциясы;»;
24) тармақша:
«мұқтаждар» деген сөзден кейін «(тамақ дайындау, ыстық сумен жабдықтау, жылыту)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте тауарлық газды сатып алатын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін тауарлық газдың шығысын есепке алу шегі сағатына алпыс бес текше метрден аспауға тиіс;»;
26) тармақшадағы «жəне электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға» деген сөздер алып тасталсын;
28-1) тармақша «дайын өнім» деген сөздерден кейін «(мұнай өнімдерін қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) өндіріс паспорты - өндірушінің өндірістік қуатының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын қамтитын, өндірістің технологиялық процесін сақтау үшін қолда бар жабдықты пайдалануды регламенттейтін белгіленген нысандағы құжат;»;
30) тармақшада:
«өнеркəсіп» деген сөзден кейін «жəне ауыл шаруашылығы» деген сөздермен толықтырылсын;
«заңды тұлға» деген сөздер «дара кəсіпкер немесе заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарлық газ шығысын есепке алу шегі сағатына алпыс бес текше метрден асатын тауарлық газды сатып алатын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар да өнеркəсіптік тұтынушыларға жатқызылады;»;
34-1) тармақшадағы «- тауарлық» деген сөз «- өндіріс паспортына сəйкес тауарлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2027 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі
38) тармақшадағы «есепке алу аспаптары жоқ» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «пайдаланудың» деген сөзден кейін «, оның ішінде газды үнемді тұтынудың» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 4) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 6-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшада:
«бағаларын» деген сөзден кейін «белгілейді» деген сөзбен толықтырылсын;
«бекітеді» деген сөз «əзірлеп, бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 4) тармақшасының алтыншы жəне жетінші абзацтары 2027 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағаларын коэффициенттерді қолдану арқылы айқындау қағидаларын əзірлеп, бекітеді;»;
6-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші абзацы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) ұлттық оператормен бірлесіп тауарлық газды өндірудің, өткізудің жəне тұтынудың болжамды балансын қалыптастырады;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) жəне 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің жəне тұтынудың болжамды балансын қалыптастырады;
10-2) тауарлық жəне сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің жəне тұтынудың болжамды балансын қалыптастыру қағидаларын əзірлеп, бекітеді;»;
6-тармақтың 4) тармақшасының он төртінші абзацы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) жəне 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін газ тарату жүйесіне қосу қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
14-2) газ тарату жүйелерін пайдалану қағидаларын əзірлеп, бекітеді;»;
6-тармақтың 4) тармақшасының он сегізінші абзацы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16), 18-3) жəне 18-7) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14) жəне 18-15) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-9) өндіріс паспортын бекіту жəне кері қайтарып алу қағидаларын, өндіріс паспортының нысанын əзірлеп, бекітеді;
18-10) өндіріс паспортын бекітеді жəне кері қайтарып алады;
18-11) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекіту қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
18-12) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекітеді;
18-13) сұйытылған мұнай газын жылумен жабдықтау үшін отын ретінде таңдау кезінде əлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен көппəтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жобалауға арналған тапсырманы келіседі;
18-14) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындау қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
18-15) қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту жəне (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыру кезінде қазақстандық кадрларды тарту бойынша мониторингтеуді жүзеге асырады;»;
6-тармақтың 5) тармақшасының бірінші - жетінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 7-бапта:
4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2. Мемлекеттік кіріс органы:
1) уəкілетті органға сұйытылған мұнай газының айналымы туралы ақпарат береді;
2) сұйытылған мұнай газының айналымы бойынша дербес сəйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын əзірлеп, бекітеді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) жəне 6-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) тауарлық газды тұтыну көлемі мен пайдалануға беру мерзімдері бар, өнеркəсіптік тұтынушыларды тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің пайдалануға беру жоспарланып отырған объектілерінің тізбесін уəкілетті органға ұсынады;»;
«6-5) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындайды;»;
6) 8-бапта:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Нормативтік техникалық ысыраптарды қоса алғанда, тауарлық газды өз мұқтажына пайдаланатын газ тасымалдау жəне газ тарату ұйымдарын, сондай-ақ:
əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын;
жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері тауарлық газды тұтынушылар болып саналған жағдайда, жылу энергиясын;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сəйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өткізілетін электр энергиясын;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сəйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар тауарлық газды тұтынушылар болып саналған жағдайда, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясын өндіру үшін тікелей пайдаланылатын көлемде тауарлық газды тұтынушыларды қоспағанда, газ тұтыну жабдығының санына қарамастан, жылына он миллион текше метр жəне одан көп көлемде тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғалар ірі коммерциялық тұтынушылар болып саналады.
Егер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сəйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілген электр энергиясын баланс провайдері болып саналатын не теңгерімсіздіктер үшін жауапкершілікті баланс провайдеріне беру шартын жасасқан энергия өндіруші ұйым өндірсе, осы тармақтың бірінші бөлігі бесінші абзацының ережесі қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 7, 8 жəне 9-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Газ тарату ұйымының меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбыржолына тікелей қосылған газ тарату жүйесі болуға тиіс.
8. Екі жəне одан көп газ тарату ұйымының тауарлық газды газ тарату жүйесі арқылы бір мезгілде тасымалдауына тыйым салынады.
9. Газ тарату ұйымдары болып саналмайтын тұлғаларға газ тарату жүйесінің жекелеген объектілерін салуға жол беріледі.
Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін қосу есебінен құрылысқа жұмсалған шығыстар өтелгеннен кейін мұндай объектілер газ тарату жүйесіне өздері қосылған газ тарату ұйымының меншігіне өтеусіз негізде беріледі.»;
7) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) жəне 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) тауарлық газды өндірудің, өткізудің жəне тұтынудың болжамды балансын қалыптастыруға қатысады;
2-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын жəне (немесе) реконструкциялануын жобалауға арналған тапсырманы келіседі;
2-3) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын жəне (немесе) реконструкциялануын техникалық мониторингтеуді жүзеге асырады;»;
6-тармақтың 8) тармақшасының бірінші жəне екінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 10-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «үшін Қазақстан Республикасының аумағына» деген сөздер «жəне (немесе) одан əрі өткізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісіне кіретін жекелеген технологиялық объектілер (резервуарлық парк, сұйытылған мұнай газын автомобильмен жəне теміржолмен құю эстакадалары) салынуы мүмкін жəне дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі болуы мүмкін.»;
5-тармақ 2) тармақшасындағы «беруіне тыйым салынады.» деген сөздер «беруіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) жəне 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер үстінде орналасқан модульдік (моноблок) жəне (немесе) стационарлық типтегі автогаз құю станцияларын салуға немесе орналастыруға, пайдалануға;
4) жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай келмейтін автогаз құю станцияларын осындай учаскелерде салуға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының аумағында тек сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер астында орналасқан стационарлық типтегі автогаз құю станцияларын салуға жəне пайдалануға жол беріледі.»;
9) 12-бапта:
5-тармақта:
«шығыстар» деген сөз «жұмыстарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«иелері есебінен жүргізіледі» деген сөздер «иелерінен төлемақы өндіріп алу есебінен газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иелері жүргізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7, 8, 9, 10 жəне 11-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салуды, жаңғыртуды жəне (немесе) реконструкциялауды жобалауға арналған тапсырма ұлттық оператормен немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау жəне (немесе) газ тарату ұйымдарымен уəкілетті орган айқындаған тəртіппен келісілуге тиіс.
8. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салудың, жаңғыртудың жəне (немесе) реконструкциялаудың техникалық мониторингін ұлттық оператор немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау жəне (немесе) газ тарату ұйымдары уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырады.
6-тармағы 9) тармақшасының сегізінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9. Салынуы, жаңғыртылуы жəне (немесе) реконструкциялануы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілері пайдалануға берілген күннен бастап бір жыл ішінде ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау жəне (немесе) газ тарату ұйымдарына өтеусіз беріледі.
10. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту жəне (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден сатып алуға, қазақстандық кадрларды тартуға басымдық беріледі.
11. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту жəне (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыруды жүзеге асыратын тұлғалар уəкілетті органның сұрау салуы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі мəліметтерді осындай сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.»;
10) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беру жəне оның нысаналы мақсатын өзгерту автогаз құю станцияларының шекті саны ескеріліп жүзеге асырылады.
Автогаз құю станцияларының шекті саны асып кеткен жағдайда автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беруге жəне оның нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.»;
11) 14-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 8-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне сəйкес газ тарату жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруға;»;
6-тармақтың 12) тармақшасының бірінші жəне екінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 15-бапта:
4-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «өндіретін» деген сөзден кейін «, мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтың 8) тармақшасындағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 13) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13) 17-бапта:
тақырып:
«газды» деген сөзден кейін «өндіру мен» деген сөздермен толықтырылсын;
«шарттары» деген сөзден кейін «жəне оларға қойылатын талаптар» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 13) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақта:
3) тармақшадағы «үшін Қазақстан Республикасының аумағына» деген сөздер «жəне (немесе) одан əрі өткізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 13) тармақшасының он жетінші жəне он сегізінші абзацтары 2027 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі
5) тармақшадағы «иелерінің;» деген сөз «иелерінің өткізуіне жол беріледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 жəне 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Өндірушілерге белгіленген тəртіппен бекітілген өндіріс паспортынсыз тауарлық, сұйытылған мұнай жəне (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіруді жүзеге асыруға тыйым салынады.
4-2. Өндірушілер уəкілетті органға өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекітуге ұсынуға жəне бекітілген графикті сақтауға міндетті.»;
6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық жəне өнеркəсіптік тұтынушыларға;»;
6-1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі» деген сөздер «Ірі» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац алып тасталсын;
үшінші абзацтағы «халық пен заңды тұлғалар үшін» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағасын айқындау кезінде пайдаланылатын коэффициенттерді қолданудан алынған табысты тауарлық газды есепке алуды цифрландыру жəне газ тарату жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатын өтеуге жіберуге міндетті.»;
14) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Тауарлық жəне сұйытылған мұнай газына баға белгілеу
1. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уəкілетті орган айқындаған жағдайларда жəне тəртіппен Қазақстан Республикасында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде көтерме жəне бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын мемлекеттік реттеу белгіленуі мүмкін.
2. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары өнім беру өңіріне байланысты, оның ішінде тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша белгіленуі мүмкін:
1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркəсіптік өндірісте отын жəне (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркəсіптік тұтынушы-инвесторлар;
2) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар;
3) сығымдалған жəне (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркəсіптік тұтынушы-инвесторлар;
4) ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнерлер, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнерлерді электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалар.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шекті бағалар, егер тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін:
1) мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркəсіптік өндірісте отын жəне (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркəсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін - əрбір тұтынушы үшін жеке он бес жылға;
2) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін - əрбір тұтынушы үшін жеке бес жылға;
3) ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнерлер, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнерлерді электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалар үшін - жыл сайын болып өзгедей белгіленбесе, əрбір бес жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде белгіленеді.
Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын түзету тауарлық газды сатып алу бағасының, тауарлық газ құрылымының жəне (немесе) көздерінің жəне (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уəкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырмай, жыл сайын 1 шілдеде жүргізіледі.
4. Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің осы бапқа сəйкес белгіленген шекті бағалары:
1) ұлттық операторға;
2) газ жəне (немесе) газ конденсаты кен орындарынан алынатын шикі газдан өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің;
3) сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген жəне тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына əкелінген тауарлық газдың меншік иелерінің;