4. Тексерулер мен профилактикалық бақылаудың түрлері және оларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалады.
5. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау орталық және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс бойынша санаттандырылған ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың және азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтық қорғаныс жөніндегі талаптар мен іс-шараларды атқаруды қамтамасыз етуіне бағытталған.
2. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.
38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған және осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бақылауды қоспағанда, оны мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды - орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, әуе, ішкі су және теміржол көлігінде - көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Шахталар мен кеніштердің, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау процесінде бақыланады.
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан тексеру нәтижелерінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.
Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тексеру аяқталатын күні тексерілетін субъектіге тапсырылады.
Субъектiлер өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды сот мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзедi.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тәуекел дәрежесі болмашы объектілер, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан тексерілмейді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде осы объект, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңге тексерулерден босатылады.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау және газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау:
1) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігіне;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға әзірлігіне;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға жүзеге асырылады.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалау жөніндегі және тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамы жатады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда, дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа талап қою арызын міндетті түрде бере отырып, тоқтата тұруға не тыйым салуға құқығы бар.
Көрсетілген жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы акт шығарылады және қауіпті өндірістік объектіні және (немесе) техникалық құрылғыны пломбалау жүргізіледі.
Ресімделген акт қауіпті өндірістік объектінің басшысына немесе оның уәкілетті адамына қолын қойғызып табыс етіледі не хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы берілген акт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы актінің талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.
40-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жұмыскерлерге, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің тәуекелін бар мүмкіндігінше азайту мақсатында жүзеге асырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мыналар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері болып табылады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
4) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау;
5) қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау ұйым басшысының бұйрығымен бекітілетін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт негізінде жүзеге асырылады.
Ұйымның нормативтік актісінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері қамтылуға тиіс.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары:
1) ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуге;
2) жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге дайындық жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жұмыскерлердің назарына жеткізуге;
7) ұйым басшысына:
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуіне алып келуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы ұсыныстар енгізуге;
8) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдарының:
1) қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарда және (немесе) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын өзге де ұйымдарда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алуға;
2) тәуліктің кез келген уақытында қауіпті өндірістік объектіге еркін кіруге құқығы бар.
8-тарау. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ
41-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың жалпы іс-шаралары
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шаралары олардың туындау мүмкіндігі және олардан келтірілетін ықтимал нұқсан ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың жалпы іс-шараларына:
1) мониторинг, оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып мониторинг жүргізу, азаматтық қорғаудың құлақтандыру, аумақтар мен объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау жүйелерін ұйымдастыру;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, қалалардың, қала аудандарының:
төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларын;
қауіпсіздік паспорттарын;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын;
объектілердің жұмыс істеу орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды;
ықтимал төтенше жағдайлар кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
3) су объектілері акваторияларының паспорттарын әзірлеу;
4) төтенше резервтерді құру және пайдалану, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
5) қаржы ресурстары резервін, азық-түліктің, дәрілік заттардың, материалдық-техникалық құралдардың запастарын және халық үшін уақытша тұрғын үй құру;
6) азаматтық қорғау саласында хабар беру және білімді насихаттау;
7) ықтимал төтенше жағдайларды ескере отырып, аумақтардағы құрылыс салуды жоспарлау;
8) сейсмикалық қауіпті өңірлерде сейсмикалық тұрақты құрылыс салу және ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығын күшейту;
9) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету;
10) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға әзірлік жөнінде іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оқу-жаттығулар, жаттығулар, сабақтар өткізу;
11) азаматтық қорғау саласында азаматтарды кәсіптік оқыту, азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау және азаматтық қорғау саласында халықты оқыту;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) ықтимал төтенше жағдайлардың, оның ішінде климаттың өзгеруінің әсер етуінен туындаған немесе ушыққан қауіптілігін, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;
13) жер сілкінісін болжаудың жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу жөніндегі тәжiрибелiк-экспериментальды жұмыстар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
14) қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері мен олардың салдарларының алдын алу жөнінде шараларды әзірлеу және іске асыру;
15) қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау;
16) осы Заңда көзделген, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың өзге де іс-шаралары жатады.
42-бап. Су басулардан, тасқын сулардан, су жайылудан, теңіздер мен ірі су айдындарының таяздануынан, сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, шөгулерден, құламалардан азаматтық қорғау іс-шаралары
Су басулардан, тасқын сулардан, су жайылудан, теңіздер мен ірі су айдындарының таяздануынан, сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, шөгулерден, құламалардан азаматтық қорғау іс-шаралары халықтың, объектілердің, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және оған:
1) қорғайтын гидротехникалық және өзге де құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану;
2) теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруінің, қоршаған ортаның жай-күйінің мониторингін, халықты және ұйымдардың жұмыскерлерін жағалау аймағындағы су деңгейінің көтерілу құбылыстары туралы құлақтандыруды ұйымдастыру;
3) сел және көшкін жағдайының мониторингін, халықты және ұйымдардың жұмыскерлерін сел қатері мен оның төнуі туралы тиісті құлақтандыруды ұйымдастыру;
4) тау баурайлары, биік таулы, моренді және мұздық көлдер қаупін азайту жөніндегі алдын алу іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
5) тау арналарының, сел ошақтарының, көшкін қаупі бар аймақтардың фитомелиорациясын жүргізу;
6) қар көшкіндерін күштеп түсіру жұмыстарын жүргізу кіреді.
43-бап. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шаралары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шараларына:
1) игеріліп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын арттыру;
2) кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан келтірілуі мүмкін нұқсанды азайту жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыру, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған кезде - қорғау іс-шараларының қажеттi кешенiн орындай отырып, өндiрудi тоқтату және кен орындарын консервациялау кіреді.
44-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындау
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындау уәкілетті органның, орталық, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың басшыларына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде жүктеледі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және толық жүргізу мақсатында орталық, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, объектілердің және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және аумағын қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға тиіс.
9-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР, ОҚЫТУ, ХАБАР БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ НАСИХАТТАУ
45-бап. Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер
Азаматтық қорғаудың кешенді ғылыми негізін қалыптастыру және дамыту мақсатында уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс әсерін азайту, азаматтық қорғау саласында тәуекелдерді бағалауды және басқаруды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген және аттестатталған ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындары жүзеге асырады.