27) зиян (нұқсан) келтіруші - әрекетінің (әрекетсіздігінің) салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жеке немесе заңды тұлға;
28) кәсіби авариялық-құтқару қызметі - құтқарушылары штат негізінде жұмыс істейтін және біліктілік талаптарына сай келетін құралымнан немесе құралымдардан тұратын авариялық-құтқару қызметі;
29) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар - зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай қырып-жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар;
31) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы - қауіпті өндірістік объект қауіптілігінің сипаты мен ауқымы, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі және оны пайдаланудан шығару кезеңдерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетілген құжат;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілердегі және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян (нұқсан) келтіретін физикалық құбылыс;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-1) тармақша жаңа редакцияда
32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар;
мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер;
33) құтқарушы - авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан өткен және аттестатталған (қайта аттестатталған) жеке тұлға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) материалдық құндылықтар - мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшін қажетті, белгілі бір номенклатура мен сақтау көлеміндегі тауарлар;
35) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке қою - материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу);
36) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке салу (бұдан әрі - салу) - материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу;
37) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару - материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен алып қою;
38) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет - ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткен заңды тұлғалар;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттiк резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушiлік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды
39-1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
40) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен екінші пунктке тасымалдау;
41) мемлекеттік өртке қарсы қызмет - өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға және өрттерге байланысты қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуге арналған облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы;
42) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
43) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру - номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес мемлекеттік резервке кейіннен қайтара отырып, белгілі бір шарттармен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
44) мемлекеттiк резервтi жаңарту - номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi өткенге дейiн мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
45) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар;
46) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 46-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
46-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері - мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері;
47) объект - азаматтық қорғау саласындағы талаптар белгіленген немесе белгіленуі тиіс, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар және өзге де мүлік;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48) оқыс оқиға - аварияға алып келмеген, қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бүлінуі, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;
49) операция жүргізу - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қою, сақтау және шығару;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды
49-1) өндірістік бақылау - өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын қауiптi өндiрiстiк объектiдегі іс-шаралар;
50) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерінен қорғалу жай-күйі;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 52-1) және 52-2) тармақшалармен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 52-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі - қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған авариялық-құтқару қызметі;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 52-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі - қауіпті өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын авариялық-құтқару қызметі;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 52-3) тармақшамен толықтырылды
52-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 52-4) тармақшамен толықтырылды
52-4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы - орталық атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы;
53) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары - өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттар;
54) өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, зиян келтiретiн, жеке және заңды тұлғаларға, қоғам мен мемлекет мүдделерiне материалдық нұқсан келтiретiн бақылаусыз жану;
55) өртке қарсы ерікті құралымдар - дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер;
56) өртке қарсы қызмет гарнизоны - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің және өртке қарсы ерікті құралымдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан басқару органдары мен бөлімшелерінің жиынтығы;
57) өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттердeн қорғалу жай-күйі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды
57-1) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит - объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкессіздігін анықтау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
58) өрт қауіпсіздігі талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген техникалық және (немесе) әлеуметтiк сипаттағы арнайы шарттар;
59) өрт қауiпсiздiгi шаралары - өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөніндегі іс-қимылдар;
60) өрт сөндіру депосы - өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жеке құрамы мен байланыс пунктіне арналған қызметтік, қосалқы үй-жайларды қоса алғанда, өрт сөндіргіш және арнайы техниканы, өрт сөндіру-техникалық құрал-саймандарды орналастыруға, оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған аумақтар, ғимараттар және құрылыстар;
61) өрт сөндіру-техникалық өнім - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өнім, оның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдық, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнайы байланыс және басқару құралдары, бағдарламалық қамтамсыз ету және дерекқорлар, сондай-ақ өрттердің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды
61-1) сараптама ұйымы - өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйым;
62) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - қауіпті табиғи құбылыстар (геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс), табиғи өрттер, эпидемиялар, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдануы салдарынан қалыптасқан төтенше жағдайлар;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды
62-1) тау-кен құтқару жұмыстары - шахталарда, кеніштерде, карьерлерде және разрездерде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, адамдарды құтқаруға және аварияларды жоюға, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге және оларды тасымалдауға, тау-кендік телім шегінде жер астындағы және жер бетіндегі өрттерді сөндіруге, жарылыс қаупі бар атмосфераны инерттеуге, үйінділерден аршуға, тосқауылдарды тұрғызуға, бекітпелерді орнатуға, су басуды жоюға бағытталған іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар;
63) техникалық басшы - технологиялық процеске басшылықты жүзеге асыратын маман;
64) техникалық құрылғылар - машиналар, жабдықтар және өзге де конструкциялар;
65) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, көлiк авариялары мен басқа да авариялардан, өрттерден (жарылыстардан), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар жайылатын (жайылу қатері бар) авариялардан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауынан, бөгеттердің бұзылуынан, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр энергетикасы және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялардан болған төтенше жағдайлар;
66) төтенше жағдай - адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
67) төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай қалыптасқан аумақ;
68) төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайтын, басты өкімші және жауапты адам;
69) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету - төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланғандарды орналастыру орындарында адамдардың өмірін сақтау және денсаулығын демеу үшін ең аз қажетті жағдайларды жасауға және ұстап тұруға бағытталған, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының уақыт, ресурстар және өткізу орындары бойынша өзара байланысты іс-шаралар жиынтығы;
70) төтенше жағдайларды жою - авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;
71) төтенше жағдайларды жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар (бұдан әрі - кезек күттірмейтін жұмыстар) - авариялық-құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет;
72) төтенше жағдайлардың алдын алу - күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені;
73) төтенше жағдайлардың салдарларын жою - инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үйді, қоршаған ортаны қалпына келтіру, халыққа әлеуметтік-оңалту көмегін көрсету бойынша жүргізілетін іс-шаралар, төтенше жағдайлар салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу;
74) төтенше жағдайлардың сыныптамасы - төтенше жағдайларды олардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіптілігіне, тыныс-тіршілік жағдайларын бұзуына, нұқсан (зиян) мөлшеріне сәйкес белгіленген сыныптарға жатқызу тәртібі;
75) тіршілікті қамтамасыз ету объектісі - ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық қондырғылар мен агрегаттарды пайдалану тоқтап (тоқтатыла тұрып) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының қызметі бұзылған кездегі денсаулық сақтау, телекоммуникация, байланыс, газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары;
76) уәкілетті органның авиациясы - азаматтық қорғау міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын әуе-көлік құралдары;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 77) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77) уәкілетті органның жедел резерві - белгілі бір номенклатура мен көлемдегі техника мен материалдық құндылықтардың, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың запастары;
78) уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі - төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауға, қалпына келтіруге және оңалтуға арналған кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметі;
79) эвакуациялық іс-шаралар - бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлерін бөліп орналастыру, қалалар мен төтенше жағдай аймақтарынан халықты және материалдық құралдарды эвакуациялау.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
2. Еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік, автомобиль жолдарымен және теміржолдармен жүру қауіпсіздігі, ішкі су көлігі жүрісінің қауіпсіздігі, энергетика объектілерінің қауіпсіздігі, әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігі, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
3-бап. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары
1. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
1) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;
3) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халықты оқыту;
5) қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының запастарын және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін жинақтау және әзірлікте ұстап тұру;
6) төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына хабар беру және құлақтандыру;
7) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарын), тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зарарланудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;
10) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қауіпті факторларының әсер етуін азайту немесе оларды жою жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу, оны әзірлеу және іске асыру;
11) мемлекеттік резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша азаматтық қорғау жүйесін ұйымдастыру;
2) төтенше жағдайлардан азаматтар мен қоғамға төнген қатерді және нұқсанды барынша азайту;
3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі;
4) жариялылық және халық пен ұйымдарға болжанып отырған және туындаған төтенше жағдайлар, олардың салдарларын жоюды қоса алғанда, олардың алдын алу және жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабар беру;
5) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі ақталған тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
1. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады.
Аумақтық кіші жүйелер облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде өздерінің аумақтары шегінде төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес келетін буындарынан тұрады.
Салалық кіші жүйелерді орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрады.
2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық және объектілік. Объектілік деңгейді қоспағанда, әрбір деңгейге:
азаматтық қорғаудың басқару органдары;
басқару пункттері, жедел-кезекшілік қызметтер;
консультациялық-кеңесші органдар - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар;
азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары;
байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді.
3. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне басшылықты:
1) республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) аумақтық деңгейде - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері;
3) объектілік деңгейде - ұйымдардың басшылары;
4) салалық кіші жүйелерде - орталық атқарушы органдардың басшылары жүзеге асырады.
4. Азаматтық қорғаудың басқару органдары:
1) республикалық деңгейде: