3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестіруді БҚҚБ жүзеге асырады, ол соның ішінде құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша:
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін не актілерінің тармақтарын;
2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;
3) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды не тапсырмалардың тармақтарын;
4) Үкіметке және оның басшылығына жолданған Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын;
5) Президенттің Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілері болған кезде, қызметтік және өзге де құжаттар бойынша жолданған тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмаларын;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкімет қаулыларын, Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын, Премьер-Министрдің өкімдерін, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында болған, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша кеңестерді;
7) орындалу мерзімі көрсетілген немесе «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар, бақылауға алу туралы нұсқау бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесіне, Кеңсе Басшысының (оның міндетін орындаушы адамның) атына жолданған тапсырмаларын;
7-1) Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын;
8) Парламент депутаттарының сауалдарын, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының мәлімдемелерін;
9) прокурорлық қадағалау актілерін;
10) Конституциялық Кеңестің сұрау салуларын, нормативтік қаулылары мен жолдауларын;
11) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салуларын, қаулыларын бақылауға алады.
ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен 7-2-тармақпен толықтырылды
7.2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының (оның міндеттерін атқарушы адамның) «назарға алынды» деген белгісі бар жоспарлы есептік ақпарат бойынша тапсырмалары бақылауға алынуға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшін Кеңсе Басшысы бекіткен осы бөлімшелер мен олардың функционалдық міндеттері туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бекітіп беріледі.
Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарын бекітетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкімді орындаушыға (қаулы немесе өкім жобасының Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне) жүктеледі.
Бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру Кеңсе Басшысының қарары негізінде Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте құрылымдық бөлімшенің іс жүргізушісі бақылау карточкасына және электрондық дерекқорына құжат келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей орындаушының тегін, атын, әкесінің атын енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бөлімшеге бекітілген әрбір бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетін бөлімшенің қызметкерін (бұдан әрі - орындаушы) айқындайды.
Құрылымдық бөлімшелерде бақылаудағы құжаттардың орындалуын үйлестіруді құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы не оның бақылауға жауап беретін орынбасары жүзеге асырады. Аталған лауазымды адам осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген, құрылымдық бөлімшеде орындалып жатқан бақылаудағы тапсырмалардың күн сайынғы мониторингін жүргізуге және құрылымдық бөлімше басшысын уақтылы хабардар етуге міндетті.
6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің бақылаудағы нақты құжаттар оған бекітіп берілген құрылымдық бөлімшесі мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы (бұдан әрі - бақылау секторы) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларынан басқа) нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары болмаса, онда мұндай құжаттар келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімде, ал «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі болған кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.
Бақылаудағы құжаттардың тізбесі мемлекеттік органдарға «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырылмай орындалуға жатады.
Егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы күні бұрын белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырма берген лауазымды тұлғасының атына (не мемлекеттік орган басшысының қолы қойылып - Кеңсенің лауазымды тұлғасының атына), орындаудың ағымдағы жай-күйін, орындау мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, орындаудың нақты мерзімі, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларын міндетті түрде көрсете отырып хат жібереді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Егер Кеңсе басшылығы тапсырманы бірнеше құрылымдық бөлімшеге берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты тапсырмада бірінші болып көрсетілген құрылымдық бөлімше не оның атауының жанында «(жинақтау)» немесе («жинақ») деген белгісі бар бөлімше жүзеге асырады.
Тапсырмаларды бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелер өздерінің ұсыныстарын жауап (тапсырма) жобасын қол қоюға беру мерзіміне дейін бір күннен кешіктірмей жинақтауды жүзеге асыратын бөлімшеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Егер бақылаудағы құжаттарда Премьер-Министр Кеңсесінің бірнеше құрылымдық бөлімшесінің құзыретіне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын толығымен бақылау бекітіліп берілген құрылымдық бөлімше үш жұмыс күні ішінде нақты тармақтарын орындауды бекітіп беруді Премьер-Министр Кеңсесінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірге (әрбір тармақ бойынша Кеңсенің нақты құрылымдық бөлімшесіндегі орындаушы мен орындау күні көрсете отырып) жасайды және келіседі, оны Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам бекітеді. Бекітілген бекітіп берудің көшірмелері тартылған құрылымдық бөлімшелерге, іс жүргізу және мұрағат секторына және бақылау секторына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Бақылау секторы Үкімет Регламентінде көзделген әр түрлі іс-шаралар жоспарларын бекітуді көздейтін енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын тіркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтіндерінде және іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктерді, оның ішінде негізделмеген орындау мерзімін, аяқталу нысанының дұрыс еместігін және орындаушыларды дұрыс белгілемеуді анықтаған кезде бұл жобалар әзірлеушіге тіркеусіз қайтарылады.
Кеңседе тіркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгізілгенге дейін бақылау секторымен келісілуге (бұрыштама соғылуға) тиіс. Басшылық кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келісімінсіз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Орындаушы Президенттің және Yкіметтің бақылауға алынған әрбір актісіне, Премьер-Министрдің өкіміне жинақтаушы папка (ic) ашады және тіркеу-бақылау карточкасын толтырады.
Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртіппен топтастырылады:
1) бақылаудағы актінің (қаулының, өкімнің) көшірмесі;
2) бақылаудан алу туралы ақпарат;
3) бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ескертпелер, ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің актілерін, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттарды қамтитын істер өтпелі болуы және толық шешіліп, бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы мүмкін, одан кейін мұрағатқа тапсырылады.
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы мен Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде орындаушы болып табылатын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі қарар жобасын БҚҚБ меңгерушісімен келіседі.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қағаз және/немесе электрондық түрдегі бақылаудағы құжаттарды және олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы жауаптар мен есептер Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары тұтас құжаттың орындалуын бақылау бекітілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі, ал олардың электрондық құжат нысанындағы көшірмелері бекітуге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарын орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге және БҚҚБ-ға жіберіледі.
Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған болса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы басшылыққа хабарлауға және 2 (екі) күн мерзімде осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2005.14.04. № 358 Қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Кеңседегі тұтас құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардан жауап алғаннан кейін есепке уақтылылығы, орындалу толықтығы мен сапасы тұрғысынан талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты тұжырымдары мен ұсыныстары бар қызметтік жазбахатты (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың бақылаудағы әрбір тармағы бойынша) не тиісті қарар жобасын дайындайды. Бақылаудағы және бақылаудағы емес құжаттар бойынша есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Кеңседе тіркелгенінен кейін 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау қорытындыларының нәтижесіне байланысты орындаушы орындау мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей басшылыққа:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы адамның) атынан Мемлеет басшысына және Президент Әкімшілігіне белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;
2) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және басшылықтың тапсырмалары бойынша (хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына қызметтік жазбахатты, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тәртібімен түскен мемлекеттік органдардың ақпараты (деректері) негізінде бақылаудан алу, мерзімін ұзарту немесе үкіметтік шешімді, хаттаманы немесе басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстары бар талдау нәтижелерін ескере отырып, орындалуы туралы қорытынды ақпаратты дайындайды) не бақылаудан алу туралы қарар жобасын ресімдейді (Заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).
Бақылаудан алу, нақты орындау мерзімін көрсете отырып мерзімін ұзарту бұдан бұрын тиісті тапсырма берген лауазымды адамның не тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру тапсырылған адамның қарарымен жүзеге асырылады.
Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын бақылаудан алуды, мерзімін ұзартуды Премьер-Министр ғана жүзеге асырады.
Бұл ретте мемлекеттік органдар тапсырманы орындау мерзімінің ұзартылғаны немесе үкіметтік шешімдерді және басшылықтың тапсырмаларын нақты орындау мерзімі көрсетіле отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылғаны туралы дереу хабардар етіледі;
3) мемлекеттік органның Үкімет басшылығының тапсырмасын сапасыз орындағаны немесе орындамағаны белгіленген кезде Кеңсенің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет басшылығының атына тиісті қарар не жазбахат дайындайды.
Жазбахатта:
1) тапсырманы қамтитын құжаттың атауы (хаттама, қаулы, Премьер-Министрдің өкімі және т.б.), құжаттың нөміріне, күніне және тапсырманың тармағына сілтеме;
2) жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;
3) бастапқы орындау мерзімі;
4) орындаудың ұзартылған мерзімдерінің күндері (егер болса);
5) «орындалды», «ішінара орындалды», «орындалған жоқ» деген нақты тұжырымдармен тапсырманы орындау нәтижелері бойынша бағалау;
6) орындау мерзімін ұзарту немесе орындаудың жаңа мерзімін белгілеу туралы ұсыныс;
7) Үкімет басшылығының тапсырмасын орындау мерзімін қайта ұзартқан жағдайда, жауапты мемлекеттік саяси қызметші - мемлекеттік органдардың бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану туралы ұсыныс көрсетіледі.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Үкімет басшылығы немесе Кеңсе Басшысы қарарының негізінде ЭҚАБЖ деректер базасында орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты белгілейді (орындаудың жаңа мерзімі белгіленген кезде мемлекеттік органға ұзарту көрсетілмейді).
4) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша - Парламент депутаттарына жауап жобасын немесе белгіленген тәртіппен дайындалған Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын ұсынады.
Хат-хабардың Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына қол қойғызуға уақтылы ұсынылуына, сондай-ақ қол қойылған хат-хабардың орындаушыларға уақтылы берілуі үшін жауапкершілік жоғарыда тізбеленген лауазымды адамдардың кеңесшілеріне (көмекшілеріне) жүктеледі.
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде бұрыштама қояды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Орындалу мерзімі көрсетілген, басшылықтың қарарлары не бақылауға қою туралы нұсқау не «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» және тағы сол сияқты белгілері бар құжаттарды адресаттарға жіберу алдында олар міндетті түрде БҚҚБ-ға тапсырылады, ол құжатқа «БАҚЫЛАУҒА» немесе «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» немесе «БАҚЫЛАУДАН АЛЫНДЫ» деген мөртаңбаны қояды.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен кеңестер хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды БҚҚБ жүзеге асырады.
Орындау мерзімі көрсетілген және/немесе мемлекеттік органдарға не лауазымды адамға мерзімі көрсетілмеген ақпаратты (нормативтік құқықтық актілердің, баяндаманың, есептердің жобасын және т.с.с.) Үкіметке (Кеңсеге) енгізу туралы тапсырма берілетін Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен кеңестер хаттамаларының барлық тармақтары, сондай-ақ кеңес өткізген құрылымдық бөлімше меңгерушісінің (немесе оның бақылауға жауап беретін орынбасарының) немесе хаттаманың бақылаудағы тармағын орындау бекітілген құрылымдық бөлімше меңгерушісінің (немесе оның бақылауға жауап беретін орынбасарының) ұсынысы бойынша хаттамаларда көрсетілген өзге тармақтар бақылауға қойылады.
Хаттаманың тармақтарын бақылауға алу туралы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы хаттаманың жобасын дайындау кезінде ЭҚАБЖ-да ресімделеді және орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
«ҚПҮ» белгісі бар хаттамалар БҚҚБ-ға қағаз түрінде және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-1-тармақ жаңа редакцияда
14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда
15. Шетелдік сапарлардың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке берген тапсырмаларды үйлестіруді Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуын мониторингілеуді Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі жүзеге асырады.
Мемлекет басшысының жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Үкіметке орындау үшін ұсынылған қаулыларының орындалуын үйлестіруді Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.
17. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің Басшысымен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргізуге және бұзылуы анықталған фактілер туралы шешім қабылдау үшін Басшылыққа баяндауға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Бұрыштама соғар және қол қою алдында Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының атына орындалуы туралы жауаптардың жобаларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына нөмірге сілтеменің, құжат нөмірі мен тапсырма тармағының дұрыстығын тексеру үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды
18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрдегі кеңестердің хаттамалары) бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі апта сайын әр сенбіде сағат 11-ден кешіктірмей ақпаратты бақылаудағы әрбір тармағы бойынша бөлім меңгерушісінің, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлғаның қол қоюы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі апта сайын әр бейсенбіде жібереді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 18-3-тармақпен толықтырылды
18-3. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай БҚҚБ-ға орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бақылаудағы тапсырмаларды орындауы туралы ақпаратты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 18-4-тармақпен толықтырылды
18-4. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы ай сайын Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы баяндайды.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының әзірленуіне, олардың Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрдің қарауына ұсынылуы үшін жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі. Бұл ретте, көрсетілген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлімшелер мен лауазымды адамдарды белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы үшін бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады: