258) өз құзыреті шегінде тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталарды бөледі;
259) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорықтық аймақтарды тарату және олардың аумағын кішірейту бойынша ұсыныстар енгізеді;
260) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салады және сандық шектеулер енгізеді;
261) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктер карантині саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
262) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сандық шектеулерді бөлуді жүзеге асырады;
263) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде квоталардың мөлшерін және квоталардың қолданылу мерзімін айқындайды;
264) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
265) орман қорын қорғау, күзету және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
266) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
267) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
268) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
269) орман дақылдарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алаңдарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
270) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
271) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзеті лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
272) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің, орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша, орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді және бекітеді;
273) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді және бекiтедi;
274) көшеттік материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
275) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
276) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
277) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
278) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
279) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
280) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
281) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
282) орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
283) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
284) орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
285) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
286) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
287) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
288) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
289 өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
291) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
292) қорықшының төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекiтедi;
293) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар қызметкерлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
294) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгi ережені әзiрлейді және бекітеді;
295) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
296) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
297) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
298) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
299) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
300) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
301) жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
302) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
303) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді;
304) аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
305) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
306) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерлерін әзірлейді және бекітеді;
307) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи тіршілік ету ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
308) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
309) жануарлар дүниесін мемлекеттік күзету туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
310) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
311) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
312) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
313) аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
314) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
315) аңшылықта пайдаланылатын аң аулайтын жыртқыш құстарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
316) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
317) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;
318) жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
319) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілері нысандарын, оларды толтыру және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
320) жануарлар дүниесі мен орманды күзету, молықтыру және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлерінің, сондай-ақ табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киімінің үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
321) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн күзету, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеудің әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
322) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
323) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітедi;
324) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
325) су жинау құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітедi және оларды орнатуды келіседі;
326) уылдырық шашу кезеңінде балық аулау үшін тыйым салынған, сондай-ақ балық аулау үшін тыйым салынған су айдындары мен (немесе) учаскелерінде су көлігінің қозғалыс тәртібін әзірлейді және бекітедi;
327) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және бекітеді және ішкі нарықта онымен сауда жасау үшін таңба беруді жүзеге асырады;
328) аңшылық шаруашылықтары, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шекараларының аншлагтары үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
329) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
330) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
331) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
332) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
333) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
334) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
335) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн әзiрлейдi және бекiтедi;
336) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
337) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілген әуесқой (спорттық) балық аулау қағидаларын бекітеді;
338) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
339) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
340) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
341) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
342) табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
343) ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамы мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;
344) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
345) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республика немесе өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу тәртiбiн ұсынады;
346) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсім бойынша су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн белгілейді;
347) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;
348) бассейн ішіндегі су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңмен көшу мерзімдерін айқындау әдістемесін әзiрлейдi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып бекітеді;
349) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде су пайдалану лимиттерін әзiрлейдi және бекітеді;
350) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін әзiрлейдi және бекітеді;
351) су объектілері мен ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін әзiрлейдi және бекітеді;
352) гидромелиоративтік жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттандыруды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларға беретін халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерасты және жерүсті су объектілеріне қорытындысын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
354) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа құрылыстарды келісу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын әзірлейді және бекітеді;
355) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектілерінің тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
356) су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
357) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
358) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн айқындау бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметіне ұсыныс енгізеді;
359) Қазақстан Республикасында бал араларын тұқымдық аудандастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
360) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекітеді;
361) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
362) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдеріне болжам жасайды;
363) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
364) сортты егістіктерді байқаудан өткiзу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
365) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдар өндіру мен элиталық тұқым өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
366) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
367) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу мәселелері бойынша республикалық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
368) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтарды өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
369) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
370) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
371) сорт сынау, тұқым шаруашылығы бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
372) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
373) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
374) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
375) республика бойынша тұқым тенгерімін жасайды;
376) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
377) сорттар оригинаторларын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
378) тұқымның сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін технологиялық талаптарды, өндіру схемаларын, сақтау және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
379) сорт жаңартуды және сорт алмастыруды жүргізу тәртібі мен мерзімін белгілейді;
380) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
381) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
382) патент беру қорытындысы бар сорт сипаттамасының, сорттың патентке қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
383) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
384) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
385) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн және зерттеп-қарау актiсiнiң нысанын әзірлейді және бекітеді;
386) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгiлік нысанын әзірлейді және бекітеді;
387) жойылған егістік аландарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
388) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
389) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
390) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
391) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
392) өз құзыреті шегінде машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық регламенттер әзірлейді;
393) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
394) мақта саласын дамыту саласында техникалық регламенттер әзiрлейдi және бекітеді;
395) мақта қолхатының нысанын (үлгісін) және сипаттамасын әзiрлейдi және бекітеді;
396) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
397) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
398) мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
399) мақта саласының мемлекеттік инспекторы туралы ережені әзiрлейдi және бекітеді;
400) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есепке алу құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
401) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзiрлейдi және бекітеді;