284) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;
285) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
286) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;
287) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
288) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;
289) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын бекітеді;
290) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
291) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келіседі;
292) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар береді;
293) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар береді;
294) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқой (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат береді;
295) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтарды дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
296) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
297) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастырады;
298) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
299) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;
300) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді;
301) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама береді;
302) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде жүргізген балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;
303) облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмiн келіседі;
304) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
305) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
306) жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олардың өтiнiмдерi бойынша оларға конкурссыз бекітіп беру туралы облыстық жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді;
307) бекітіп беру бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;
308) жалпы республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын әзірлейді;
309) мемлекеттік су кадастрындағы ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
310) бассейндік схемалар негізінде өзендер бассейндері бойынша суды пайдалану лимиттерін және су объектілеріне рұқсат етілген шекті зиянды әсерлердің нормативтерін әзірлейді;
311) Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, оны Министрлікке ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
312) су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды өткізуді ұйымдастырады;
313) бассейндік қағидат негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқаруды жүзеге асырады;
314) оң экономикалық әсерге, қисынды, адал және экологиялық орнықты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
315) су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындауды және іске асыруды жүзеге асырады;
316) бассейндер бойынша су объектілерінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
317) заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, қолданысын тоқтата тұруды және қайтарып алуды жүзеге асырады;
318) тиісті бассейннің су объектілерін оңтайлы пайдалану бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
319) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу орындарын айқындау бойынша ұсыныстарды келісуді жүзеге асырады;
320) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялау жобаларының жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектілерінде, суды қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстарын, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарды; су объектілерінің жай-күйін сақтау, жақсарту бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
321) судың жай-күйіне әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандарды пайдалану жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
322) суды пайдаланушылар бөліндісінде және тиісті бассейн бойынша суды пайдалану лимиттерін айқындайды;
323) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
324) бекітіп беру бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;
325) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру бойынша конкурсты ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
326) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
327) тиісті бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау схемасын, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын келіседі;
328) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеуге қатысады;
329) су объектілерін оқшауланған және бірлескен пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын келіседі;
330) су қорын ұтымды пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы, судың жай-күйі мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етеді;
331) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
332) су қорын ұтымды пайдалану және қорғау ісінде халықты ағарту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
333) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар суды алу немесе бұру құрылыстарында немесе қондырғыларында орнататын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
334) салық органына бергенге дейін жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептерін растайды;
335) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен консультациялар жүргізуді, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдауды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асыруды, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен суды пайдаланушыларға жеткізуді ұйымдастырады;
336) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу және су бөлу жоспарларын әзірлейді және олардың сақталуын бақылайды;
337) су қорын пайдалану мен қорғауды, Қазақстан Республикасының су заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
338) бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының, салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларының жұмыс режимін бақылауды жүзеге асырады;
339) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдалану кезінде белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
340) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу және су бөлу жоспарларын әзірлейді және олардың сақталуын бақылайды;
341) су объектілерін өз еркімен пайдалануға, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуге жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;
342) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен судың жай-күйіне әсер ететін, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су тарту саласында белгіленген нормалар мен қағидаларды бұзумен жүзеге асырылатын су шаруашылығы және өзге де объектілерді қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы талаптар қояды;
343) кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту үшін Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
344) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы талап-арыздарды сотқа ұсынады.
345) Өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тыс жерлерге әкетуге рұқсаттар береді;
346) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:
жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
ветеринариялық препараттарды шығаратын адамдарда;
мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілердің орнын ауыстыру кезінде шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде);
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру, экспорттау (импорттау) және транзиті кезінде;
экспорт (импорт) және транзит кезінде жануарлар ауруларының қоздырғыштарын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдау жолдарында, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
құзыреті шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функцияларының жүзеге асырылуын қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда және оның бөлімшелерінде функциялардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
347) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
348) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
349) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
350) аңшылық алқаптардың және балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
351) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
352) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
353) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеуді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашуды және жабуды жүзеге асырады;
354) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
355) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтандыруды түзету жобаларын келісуді жүзеге асырады;
356) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн келiсуді жүзеге асырады;
357) жергілікті атқарушы органдардың функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлерді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
358) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беруді және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асырады;
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
қызметін ұйымдастыру
19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өкілеттіктері:
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін
айқындайды;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің әрекет етуін толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;
5) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан өкілдік етеді;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
23. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес
айқындайды.
24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мүлкі
25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін
қайта ұйымдастыру және тарату
28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.14.04. № 226 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және
оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қ.
20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Акционерлік қоғамдар
1. «Қазагрэкс» акционерлік қоғамы.
2. «Астана құс» ШҚ» акционерлік қоғамы.
3. ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
4. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы.