ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат):
1) мазмұнында:
108, 109 және 215-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 380-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық»;
2) 3-баптың 38) тармағындағы «244-бапта - бюджетке түспеген төлемдердің екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы; 245-бапта - бюджетке түспеген төлемдердің жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы» деген сөздер «244, 245-баптарда - бюджетке түспеген төлемдердің жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 41-бапта:
бірінші бөлік «құнына» деген сөзден кейін «, берілген ақша сомасына немесе берілген мүлік құнына, немесе алынған кіріс сомасына не бюджетке түспеген төлемдер сомасына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «ал осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «245 (үшінші бөлігінде), 253 (екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде), 307 (үшінші бөлігінің 2) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «Бұл ретте осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «245 (үшінші бөлігінде), 253 (екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде), 307 (үшінші бөлігінің 2) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 44-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру нәтижесінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүрген адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмi дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылады. Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып, бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi.»;
5) 47-баптың бесінші бөлігіндегі «ерекше режимдегі түзеу колониясында» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 108 және 109-баптар алып тасталсын;
7) 214-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
8) 215-бап алып тасталсын;
9) 216-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы «ұштасса;» деген сөз «ұштасса, - » деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармағы алып тасталсын;
10) 217-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бір мыңнан үш мың» деген сөздер «үш мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «он екі» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 219-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
12) 221-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «не алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
13) 222-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «бiрнеше рет жасалса немесе» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екi жүз қырық» деген сөздер «бір жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жетпіс бес» деген сөздер «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «маркалауды» деген сөз «таңбалауды» деген сөзбен ауыстырылып, «бiрнеше рет жасалса немесе» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
«екі жүз» деген сөздер «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бір жүз сексен» деген сөздер «тоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын;
«алпыс» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
14) 225-баптың екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 227-баптың екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 232-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «төрт жылдан жетi жылға дейiнгi» деген сөздер «үш жылдан алты жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 233-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
18) 234-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 235-баптың екінші абзацындағы «үш мыңнан» деген сөздер алып тасталсын;
20) 236-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 239-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 241-баптың екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 242-баптың екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 243-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 244-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«244-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы
Азаматтың декларация тапсыруы міндетті болып табылатын жағдайларда кірістері туралы декларацияны табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалған, салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
26) 245-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бюджетке түспеген төлемдер сомасының үш еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам (қылмыстық топ жасаған іс-әрекетті қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
27) 247-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі жүз қырық» деген сөздер «бір жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жетпіс бес» деген сөздер «отыз бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«бес жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жүз» деген сөздер «бір жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан» деген сөз «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 253-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздерден кейін «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының қырық еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздерден кейін «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының елу еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктің екінші абзацы «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздерден кейін «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының жетпіс еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацы «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздерден кейін «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының сексен еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 307-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «ал 3) тармақта» деген сөздер «төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда - мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға не алынған кіріс сомасының жиырма еселенген мөлшерінде айыппұл салуға, 3) тармақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 379 және 380-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«379-бап. Билік өкіліне бағынбау
Төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
380-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану
1. Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру -
үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға қатысты олардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолдану -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мынадай:
1) екi немесе одан көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) аса қатыгездiкпен;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен;
6) бірнеше рет;
7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
8) төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында;
9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет -
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
31) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:
«380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық
1. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін олардан кек алу мақсатында олардың немесе жақындарының өміріне қолсұғушылық, яғни қазаға ұшыратуға бағытталған қасақана әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) екi немесе одан көп адамға қатысты;
2) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан;
3) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты;
4) аса қатыгездiкпен;
5) басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен;
6) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған;
7) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен ұштасқан;
8) бірнеше рет;
9) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
10) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат):
1) мазмұнындағы 249-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 32-баптың екінші бөлігіндегі «108, 109,» деген цифрлар алып тасталсын;
3) 63-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекеттерді анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі көзделген не прокурордың, соттың, тергеу судьясының санкциясы немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы.»;
4) 145-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты осы Кодекстің 148-бабының сегізінші бөлігінде көзделген тәртіппен шығарылған қаулысына сәйкес кепіл енгізілген жағдайда, күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктіге, айыпталушыға кепіл жөніндегі міндеттерді және оларды орындамаудың салдарын түсіндіруді жүзеге асырады.
Күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктiнi, айыпталушыны күзетпен ұстаудан босатуды кепіл енгізілгенін растайтын құжатты алғаннан кейін жүзеге асырады, бұл жөнінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, қадағалаушы прокурор және тергеу судьясы дереу хабардар етіледі.»;
5) 147-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды таңдау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының расталған көшірмелері қоса беріледі.
Осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, сот алдында оны қолдануға санкция беру туралы өтінішхат қоса берілген барлық материалдармен бірге прокуратураға ұстап алу мерзімі өткенге дейін он сегіз сағаттан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өтінішхатын қолдау, күдіктіні күзетпен ұстауға санкция беру туралы мәселені шешу кезінде прокурор күзетпен ұстау үшін негіздерді қамтитын барлық материалдармен танысуға міндетті және ұстап алынғандарды ұстау орны бойынша күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға құқылы. Прокурор ұсынылған барлық материалдарды зерделеп, мынадай:
1) өтінішхатты қолдау және бұлтартпау шарасына санкция беру жөніндегі мәселені шешу үшін материалдарды сотқа жіберу туралы;
2) өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздердің болмауына байланысты күдіктіні күзетпен ұстаудан босату туралы;
3) өтінішхатты қолдаудан бас тарту және қылмыс жасады деген күдіктің расталмауына байланысты күдіктіні босату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қолдаған жағдайда, прокурор қылмыстық қудалау органының қаулысына келісім білдіреді. Бас тартқан жағдайда, прокурор уәжді қаулы шығарады. Прокурор тергеу судьясына өзге бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхат жіберуге құқылы.
Күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күдіктіні күзетпен ұстаудан босату жөніндегі қаулы мүдделі тұлғаларға жіберіледі. Көрсетілген қаулыға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жоғары тұрған прокурорға не өзінің құқықтары мен мүдделерін немесе өзі өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен шағым жасай алады.
4. Прокурор сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау жөніндегі қаулысына келісім бергеннен кейін мүдделi тұлғаларды бір мезгілде хабардар ете отырып, оны растайтын материалдармен бірге сотқа ұстап алу мерзiмi аяқталардан бұрын он екi сағаттан кешіктірмей жібереді.»;
6) 148-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күзетпен ұстауға санкция беруге байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясы көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты іс материалдарын зерттеумен қатар, адамға қылмыс жасады деп күдік келтірудің негізділігін тексереді.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Прокурордың осы өтінішхатын қарау барысында күдікті, айыпталушы, сондай-ақ олардың мүддесінде қорғаушы осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.»;
жетінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тергеу судьясы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша мынадай:
1) күзетпен ұстауға санкция беру туралы;
2) екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру үшін жеткілікті негіздер болмаған жағдайда, он тәулікке дейінгі мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру туралы;
3) күзетпен ұстауға санкция беруден бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады. Тергеу судьясы осы бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартқан жағдайда, осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.»;
«9. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде мынадай:
1) адамға жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;
2) адамға қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасады, террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;
3) күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған;
4) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекетті жалғастыруы туралы деректер болған;
5) күдікті, айыпталушы тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда, кепіл белгіленбейді.»;
7) 153-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тергеу судьясы санкция берген күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде бұлтартпау шарасының күшін жою прокурордың келісуімен жүргізіледі.»;
8) 174-баптың екінші бөлігіндегі «жәбірленушінің өкілі, жекеше айыптаушы» деген сөздер «жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 176-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың заңды өкілдерінің, қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда куәгердің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың мынадай шығыстары:»;
10) 187-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 362 (үшінші бөлігінде, төртінші бөлігінің 3) тармағында), 366 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 367 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер оларды әскери қызметшілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін.»;
екінші бөлік «380,» деген цифрлардан кейін «380-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «215 (екiншi бөлігінің 3) тармағында),» деген сөздер алып тасталсын;
3-1-бөлікте:
«215 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2) және 4) тармақтарында, үшінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«244 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздер «244,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
11) 191-бапта:
екінші бөліктегі «379 (екінші бөлігінде),» деген сөздер «379,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он жетінші бөліктегі «244 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма үшінші бөліктегі «379 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
12) 231-баптың 8) тармағы алып тасталсын;
13) 249-бап алып тасталсын;
14) 476-баптың 7) тармағы «қолданбай жазадан босату» деген сөздерден кейін «туралы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 527-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 189-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен анықтау тағайындалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
1) мазмұнындағы 162-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi»;
2) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: