1) 1-бапта:
5-тармақ алып тасталсын;
19-тармақта:
13) тармақша мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«7-1. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының, есепке жазылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму сала сындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.»;
15) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары агенттің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы кірісінің:»;
мынадай мазмұндағы төртінші - сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,5 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5 пайызы;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5 пайызы;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 5,0 пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
төртінші абзацта:
«бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда» деген сөздер «бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ескерілген табыстың 5 пайызы мөлшерлемесі бойынша» деген сөздер «есепке алынған кірістің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «жарналарының 5 пайызын» деген сөздер «жарналарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші, сегізінші және он бірінші абзацтардағы «бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда» деген сөздер «бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары салық кезеңінің әрбір айы үшін есептелетін, алатын табыстың 5 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызынан кем емес мөлшерде» деген сөздер «, салық кезеңінің әрбір айы үшін есептелетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары алатын кірістің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының мөлшерінен кем емес мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзацтағы «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызынан кем емес мөлшерде» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзацта:
«бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын» деген сөздер «жұмыс берушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары салық кезеңінің әрбір айы үшін есептелетін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді» деген сөздер «салық кезеңінің әрбір айында есептелетін міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он алтыншы - жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында аталған бірыңғай төлем төлеушілер үшін жалақыдан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 7,0 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10,5 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,1 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 19,0 пайызды құрайды.»;
2) 2-бапта:
2-2) және 2-3) тармақшалардағы «2023 жылғы» деген сөздер «2024 жылғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
бірінші абзацтағы «2023 жылғы» деген сөздер «2024 жылғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы абзацтағы «жиырма тоғызыншы» деген сөздер «отыз бірінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-1-бап алып тасталсын;
4) 3-баптың 2) тармақшасында:
«2023 жылғы» деген сөздер «2024 жылғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5-тармағын, » деген сөздер алып тасталсын;
«және жиырма тоғызыншы» деген сөздер «, жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші» деген сөздермен ауыстырылсын.
12-тармақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-бапта:
1-тармақ «жұмыс берушілер» деген сөздерден кейін «және арнаулы салық режимдерін қолданатын және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдар төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) арнаулы салық режимдерін қолданатын және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын адамдар.
Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.»;
2) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бірыңғай төлем төлеушіге республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен есептелген, қорға төленетін жарналар мен аударымдардың мөлшерлерінен асып кететін соманы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады;»;
3) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,0 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 12,6 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 12,1 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 11,6 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 11,4 пайызды құрайды.»;
«2-1. Микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс берушінің жұмыскерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген кіріс түрінде төлейтін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
4) 28-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайыз;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
«5-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған жұмыскердің кірісі осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
5) 29-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлем жүзеге асырылатын жұмыскерлердің кірістеріне қолданылмайды.»;
6) 30-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде қорға аударымдар мен жарналар төлейді.».
13-тармақ 2023 жылғы 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-баптың 1-тармағындағы «жиырма тоғыз жастан» деген сөздер «отыз бес жастан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 23-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «жиырма тоғыз жасқа» деген сөздер «отыз бес жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 24-бапта:
2-тармақ 3) тармақшасындағы «жекелеген санаттарының және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.» деген сөздер «жекелеген санаттарының;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «көшуге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар» деген сөздер «материалдық көмек» деген сөздермен ауыстырылсын.
14-тармақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
8) тармақшадағы «бір жасқа» деген сөздер «бір жарым жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бірыңғай төлем төлеуші - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабында айқындалған салық агенті;»;
2) 3-баптың 6) тармақшасындағы «бір жасқа» деген сөздер «бір жарым жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы «бір жасқа» деген сөздер «бір жарым жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 16,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,9 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,9 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,1 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 17,1 пайызды құрайды.»;
5) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-2-бабында айқындалған жұмыскердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші жұмыскерлердің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін кірістеріне қолданылмайды.»;
6) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Бірыңғай төлем төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде әлеуметтік аударымдар төлейді.
Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.»;
7) 19-баптың 7-тармағында:
екінші бөліктің жетінші абзацындағы «бір жасқа» деген сөздер «бір жарым жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап - он екі айдан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына он сегіз айдан аспайды.»;
8) 20-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «55» деген цифрлар «50» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерінің ең жоғары шегі әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
9) 21-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі «55» деген цифрлар «50» деген цифрлармен ауыстырылсын;
10) 22-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «0,4» деген цифрлар «0,45» деген цифрлармен ауыстырылсын;
11) 23-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
12) 24-бапта:
тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «бір жасқа», «Бір жасқа» деген сөздер тиісінше «бір жарым жасқа», «Бір жарым жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «және төртінші» деген сөздер «, төртінші және бесінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 26-баптың 1-тармағындағы, 2-тармағының екінші бөлігіндегі «бір жасқа» деген сөздер «бір жарым жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 28-баптың 5-тармағының бірінші абзацындағы «бір жасқа» деген сөздер «бір жарым жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Өтпелі ережелер
Мыналар:
1) 2023 жылғы 1 қаңтарға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға жоғарыда көрсетілген жәрдемақы тағайындалған мерзім мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде бала қоса алғанда бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады;
2) 2023 жылғы 1 қаңтарға «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алушылар болып табылатын адамдарға жоғарыда көрсетілген әлеуметтік төлем тағайындалған мерзім мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде бала қоса алғанда бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады;
3) 2023 жылғы 1 қаңтарға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алушылар болып табылатын адамдар үшін айқындалған жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің мөлшері «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабында белгіленген кірісті ауыстыру коэффициенті ескеріле отырып, қайта есептелуге жатады;
4) осы Заңның 1-бабы 4 және 14-тармақтарының күші «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы немесе «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем тағайындауға өзінің құқығын 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырмаған адамдарға қолданылады;
5) 2023 жылғы 1 қаңтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын адамдар үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде осы Заңның 1-бабының 9-тармағына сәйкес қайта есептеледі деп белгіленсін.
3-бап. Осы Заң, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 3, 4, 9, 11, 12 және 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 желтоқсан
№ 168-VІІ ҚРЗ