44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;
45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;
46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) энергетикалық сараптама - электр энергетикасы саласындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтарды және өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
48) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;
49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
50) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;
51) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi
1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауіпсіз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi мыналар:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi, қауіпсіз жұмыс iстеуi мен дамуы;
2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы;
3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;
4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;
6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;
7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;
8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезіндегі құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;
9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10) тармақша өзгертілді
10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) лицензиялауды;
2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi;
3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;
4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттік қадағалауды;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеудi;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен кредиттеуді;
7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялауды қамтиды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды
3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде ұлттық компанияның тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде ғана шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жетіспеуі салдарынан өзінің энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесiн әзірлейді және бекітеді;
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
12) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
14) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;
15) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
17) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
21) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;
25) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26) электр желілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды
30-1) электр және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және оларды күзету қағидаларын, сондай-ақ осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды
30-2) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
35) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
36) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
39) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
41) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
42) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43) жүйелік операторды айқындайды;
44) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;
45) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;
47) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды
47-1) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
48) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
49) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекітеді;
50) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданысы тоқтатылды) (бұр.ред.қара)
51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
52) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 54) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
54) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 56) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
56) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
57) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
58) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 59) тармақша жаңа редакцияда
59) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
60) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61) инвестициялық бағдарламаны әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi және бекітеді;
62) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталады (бұр.ред.қара)
64) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 67) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 69) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 70-1), 70-2), 70-3), 70-4), 70-5) және 70-6) тармақшалармен толықтырылды (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-1) электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
70-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекітеді;
70-3) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
70-4) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70-5) тармақшаға енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңы (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
70-5) электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;
70-6) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңының 3-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 70-7) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңының 3-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
70-7) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзғаны және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-8) ұлттық операторды айқындайды, сондай-ақ ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-9) тармақшамен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-10) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-10) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-11), 70-12) тармақшалармен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-13) тармақшамен толықтырылды
70-13) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-14) тармақшамен толықтырылды
70-14) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-15), 70-16) тармақшалармен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-17) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-17) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-18) тармақшамен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-19) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-19) бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-20) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-20) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-21) тармақшамен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-22) тармақшамен толықтырылды
70-22) міндетті ведомстволық есептілік нысандарын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 70-23), 70-24), 70-25), 70-26), 70-27) және 70-28) тармақшалармен толықтырылды
70-23) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін әзірлейді және бекітеді;
70-24) үлгілік инвестициялық шартты әзірлейді және бекітеді;
70-25) шекті тарифтерді бекітеді;
70-26) энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастырады;