2) уәкілетті органның актісінде айқындалған тәртіппен ант беруге;
3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
4) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
5) өз өкілеттіктері шегінде шығарған басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
6) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруді талап етпеуге;
7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу жеткізуге;
9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен (оларға қолжетімділік болғанда) жұмыс істеген кезде алынған ақпаратты қоса алғанда, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде кез келген жеткізгіш түрінде қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтарының құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ басқа да ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
11) уәкілетті орган қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және уәкілетті органның кадр қызметіне нотариат куәландырған сенімгерлік басқару шартының көшірмесін ұсынуға міндетті.
3. Уәкілетті органның қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сатып алуға құқылы емес.
4. Уәкілетті органның қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:
1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
3) тексерілетін субъектілерден алған қарыз және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелер туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.
15-14-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің жауаптылығы
1. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері жүктелген міндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауапты болады.
2. Тәртіптік жазаны:
1) уәкілетті органның тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;
2) дәл сол бір теріс қылық үшін қайталап қолдануға болмайды;
3) уәкілетті органның актісінде айқындалатын тәртіппен қолданады.
3. Уәкілетті органның тәртіптік теріс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам белгіленген тәртіппен жауаптылығы туралы мәселе шешілгенге дейін лауазымдық міндеттерін орындаудан уақытша шеттетуі мүмкін.
4. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартылуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
5. Уәкілетті органның жауаптылыққа тартылатын қызметшілері мен техникалық қызметшілері уәкілетті органның әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағым жасай алады.
6. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерде және тәртіппен тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті орган бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелерiнің және өзі тартқан тұлғалардың уәкілетті органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
15-15-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің демалыстары
1. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
Уәкілетті органның жұмыскерлеріне жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
2. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары оларға бөліп берілуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.
3. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде олар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар
1. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтеледі.
2. Іссапардың бүкіл уақыты бойында уәкілетті органның іссапарға жіберілген жұмыскерлерінің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру
Уәкілетті органның қызметін мемлекеттік органдардың тексеруі Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының