Инновациялық қызметтің тұтынуға енгізілген, қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет), технология немесе процесс, жаңа маркетинг әдісі немесе іскерлік практикадағы, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастырудағы жаңа ұйымдастыру әдісі түрінде іске асырылған түпкілікті нәтижесі инновация болып табылады.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 243-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
243-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері
Индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (оның ішінде жай серіктестіктер нысанындағы) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.
244-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты, міндеттері және негіздері
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негiзiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мiндеттерi:
1) экономиканың басым секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
3) еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, өндiрiстiк тiзбектi ұзарту және нарықты кеңейту, сондай-ақ өндірістік қуаттар құру және жұмыс орындарын сақтай отырып, қалпына келтіру, оңалтылатын өндірістерді іске қосу мақсатында өндiрiстік объектілерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру), қаржы-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) инновациялық қызметті, инновацияларды тиiмдi енгізуді және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамытуды қолдау;
5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетiн арттыру;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне технологияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруда жәрдем көрсету;
7) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлеріне экспорттық әлеуеттi дамытуда жәрдем көрсету;
8) экономиканың басым секторларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту және оны өндiрiстiк процеспен интеграциялау;
9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның iшiнде индустриялық-инновациялық қызмет үшiн бiлiктiлігі жоғары кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету;
10) еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда индустриялық инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдем көрсету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметiн мемлекеттiк қолдау:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк қолдау алуға тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығына, атаулылығы мен транспаренттiлiгiне;
3) мемлекет пен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз етуге;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi индустриялық-инновациялық жобалардың жеке-дара ерекшелiктерiн ескере отырып, оларды табысты iске асыру мақсатында мемлекеттiк қолдау шараларын оңтайландыруға;
5) мемлекет пен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тұрақты өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiкке және жүйелiлiкке негiзделедi.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 244-1-баппен толықтырылды
244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
1. Көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндірісін дамытуды ынталандыру мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасады.
Көлік құралы деп ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе өзінде орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі.
Ауыл шаруашылығы техникасы деп жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі.
Көлік құралына компонент деп көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі.
Ауыл шаруашылығы техникасына компонент деп ауыл шаруашылығы техникасы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі.
2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдердің бірін жасасу Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндірісі саласындағы индустриялық қызметтің субъектісі болып табылатынын растау болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-1), 24-9) және 24-10) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының мұндай келісімдер шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауын тексеруді жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде санамаланған келісімдердің бірінің талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган анықталған бұзушылықтар жойылмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес хабарлама жіберілген кезден бастап бір ай мерзімде келісімді біржақты тәртіппен бұзады.
5. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) кодтарын қоспағанда, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес СЭҚ ТН кодтары бойынша жасалады.
СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің бастапқы талаптарын орындағаннан кейін жасалады, олар технологиялық жабдықты пайдалануды және мынадай шарттардың орындалуын қамтиды:
1) екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жеңіл автомобильдерге қатысты - жылына кемінде жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты - жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты - жылына кемінде бір мың екі жүз болатын СЭҚ ТН-ның тиісті коды бойынша жеңіл автомобильдерге қатысты - кемінде екі модельді, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модельді дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанақты (кабинаны) құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыру;
2) жеңіл автомобильдерге қатысты - айлық есептік көрсеткіштің он сегіз миллион еселенген мөлшерінен кем емес, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
7. 2020 жылғы 31 желтоқсанда өз күшін тоқтататын, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (көпжақты келісім) бұрын жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелері орындалғаннан кейін ғана жасалады.
Жеңіл автомобильдердің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімнен басқа, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірімен жасалған келісім шеңберінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімді осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарында белгіленген тәртіппен жасасуға жол беріледі.
Жасалатын, 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енетін келісімдерге осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің талаптары қолданылады.
8. Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН коды бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-10) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады:
1) кәсіпорында дайындамаларды пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау жөніндегі операцияларды ұйымдастыру;
2) айлық есептік көрсеткіштің үш жүз жетпіс бес мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
9-тармақтың қолданысы 2021 ж. 1 сәуірге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде аталған тармақ ҚР 2020.29.06. № 352-VI Заңның 2-бабының 2-тармағының редакцияда қолданылды
9. Осы Кодекстің 286-бабына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобильдік көлік құралдарының және олардың компоненттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес көлік құралдарына және (немесе) олардың компоненттеріне, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның компоненттеріне қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыруға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасында көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған жағдайда ғана жол беріледі.
10. Осы баптың 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес келісімдер жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың көлемі индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін оқшаулауды бағалау жөніндегі баллдық жүйе негізінде айқындалатын болады.
Оқшаулауды бағалау жөніндегі баллдық жүйе оқшаулаудың ең жоғары деңгейімен жасалған көлік құралдары бойынша жеңілдіктер мен преференциялардың ең жоғары деңгейін беруді қамтамасыз етуге тиіс.
2-параграф. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі
245-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесін қалыптастыру мақсаттары
Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды ынталандыру мақсатында индустриялық-инновациялық жүйе қалыптастырылады, ол индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын субъектiлерден, инфрақұрылымнан және құралдардан тұратын.
246-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерi
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі шаралар және ұлттық экономиканы дамыту шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компаниялар және олардың өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, ұлттық даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жатады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау саласындағы ұлттық даму институты:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің, сондай-ақ жаңа индустриялық-инновациялық жобалар, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобалар құру үшін өзге заңды тұлғалар ашу (құру) арқылы жарғылық капиталдарына инвестициялар салуды жүзеге асырады;
2) ұлттық даму институттарынан, екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын және (немесе) оларға қатысатын ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей не жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) жөніндегі құқықты (талапты) иемденеді;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қаржы-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ экономиканың басым секторларының экономикалық белсенділігін және инвестициялық тартымдылығын қолдау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін тұжырымдайды және іске асырады:
берешекті қайта құрылымдау;
жарғылық капиталдарға инвестициялар салу;
стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздестіру және тарту;
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қаржы-экономикалық сауығуына ықпал ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қолдау түрлері.
3. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) экономиканың басым секторларын дамытуды және өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен жаңарту бойынша қызметтер көрсетедi;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустрияландыру картасын қолдау бойынша қызметтер көрсетедi;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
5) аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдау бойынша қызметтер көрсетеді;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;
8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардан және заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындыларды тұжырымдауды көздейтін, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсетеді.
4. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) технологиялық болжаудың жүргізілуін ұйымдастырады;
2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдiң қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық және венчурлік қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;
4) технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технопарктердi, конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестiруге қатысады;
5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшiн ақпараттық ресурстарды, бiлiм беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
6) iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, ендірілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргiзiлген талдамалық зерттеу нәтижелерi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi;
7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансфертi, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң кадрлық, басқарушылық және өндiрiстiк әлеуетiн күшейту бойынша мемлекеттiк қолдау тетiктерiн iске асыруға қатысады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды бередi;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға инновациялық гранттар беру жөнiнде қызметтер көрсетедi;
10) технологиялық дамыту саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенiң тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асырады;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдемдеседi.
5. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;
2) жергiлiктi қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органға iшкi нарықта отандық тауар өндірушілерді, жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
5) жергiлiктi қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады;
Жергілікті қамту бойынша сараптама деп индустрияландыру картасына енуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау түсініледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) субконтрактация орталығы болып табылады.
Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға iшкi нарықтағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистік қолдау бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді.
Жергілікті қамту деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы түсініледі.
Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын қараңыз
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізеді, жұмыс істеп жатқан және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді, инвесторларға туындайтын мәселелерді шешуде жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды қолдап отыру бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
7. Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты:
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргiзедi;
2) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсетеді;
3) отандық экспорттаушыларға сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзедi;
5) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
7) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құрады.