екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге де жамандық ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сегіз мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 144-бап өзгертілді
144-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту
Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарналамауға және сатуға тарту -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған;
2) көрінеу жас балаға қатысты жасалған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3-тарау. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
145-бап. Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiліне, ұлтына, тiліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты себептермен немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу -
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 146-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар
1. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, яғни азаптау белгілері болмаған кезде лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Азаптаулар, яғни лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәліметтер алу немесе мойындату не оны өзі немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші тұлғаны қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет;
3) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіріле отырып;
4) кінәлі адамға жүктілік жағдайында екені көрінеу белгілі әйелге немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне алып келген іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпелер.
1. Лауазымды адамдардың және ресми түрде әрекет ететін адамдардың не басқа да адамдардың заңды әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген тән зардабы және (немесе) психикалық зардап қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас және азаптау деп танылмайды.
2. Ресми түрде әрекет ететін адам - осы Кодексте пайдаланылатын лауазымды адамның немесе билік өкілінің анықтамаларына жатпайтын, адам еңбек қатынастарында тұратын ұйымда тұрақты, уақытша не мерзімде негізде ұсталатын, ем алатын, оқитын немесе тәрбиеленетін адамға қатысты өкім етуші өкілеттіктері бар адам, оның ішінде: оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің (ұйымының), медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) қызметкері, педагог, нұсқаушы, медицина қызметкері, сондай-ақ шарт бойынша қызметкерлер.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 147-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
147-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды қолдану мiндетi жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу (таратуды қоспағанда) нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған, сол сияқты адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осындай қызметке кедергі жасау немесе сол үшін кек алу мақсатында осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасалған іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз тарату не өзге де дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру -
үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілетін шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, оның ішінде Интернет арқылы, сол сияқты адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осындай қызметке кедергі жасау немесе сол үшін кек алу мақсатында осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасау -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке тұлғалардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып жасаған не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу жолымен жасалған дәл сол іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
149-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс заңсыз басып кiру -
екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе түнгi уақытта жасалған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты тұрғынжайдан заңсыз шығару -
екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
150-бап. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтың өзінің сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Сайлау комиссияларының немесе референдум комиссияларының жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін айқындауға байланысты міндеттерді атқаруға кедергі жасау -
бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген:
1) параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан;
2) адам өзiнiң лауазымдық жағдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған іс-әрекеттер -
төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
151-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу
1. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньдерге немесе қол қойылған парақтарға жалған жазбалар енгiзу, дауыстарды көрiнеу дұрыс есептемеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көрiнеу дұрыс айқындамау не дауыс беру құпиясын бұзу, егер бұл іс-әрекеттердi Қазақстан Республикасының Президентiне кандидаттың сенім білдірілген адамы немесе депутаттыққа кандидаттың сенім білдірілген адамы, сол сияқты сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу жөнiндегi комиссияның мүшесi жасаса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
152-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмыскермен еңбек шартын заңсыз тоқтату не соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамау, сол сияқты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтіруге әкеп соққан өзге де бұзу -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедектігі бар адаммен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмаған адаммен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны өзге мақсаттарға пайдалануына байланысты жалақының толық көлемде және белгiленген мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
153-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын он сегiз жасқа толмаған жұмыскерлердiң еңбегiн қолдануға тыйым салынған жұмыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде бұзуы -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
4) алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен;
5) кiнәлi адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетiнi немесе дәрменсiз күйде екенi көрiнеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 154-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
154-бап. Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау
Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып кедергі жасауы, сол сияқты олардың заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан араласуы -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 155-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
155-бап. Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бейбіт жиналысты, өзге де заңды жария іс-шараны ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
156-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған, абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы -
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.