Электр энергетикасы туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Заңы
(2020.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары
2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi
3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
5-1-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау
6-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау
7-3-бап. Алып тасталды
8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк
9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу
2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
9-1-бап. Жалпы ережелер
9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары
3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік оператор және энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарынақатысушылар
10-бап. Жүйелiк оператор
10-1-бап. Алып тасталды
10-2-бап. Нарық кеңесі
11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөнiндегi өкiмдер
12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі
13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар
13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру
14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы
15-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы
15-1-бап. Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау
15-3-бап. Электр қуатының нарығы
15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер
15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы
15-6-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
15-7-бап. Электр станцияларының тізбесін қалыптастыру
16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы
17-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы шарттар
18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар
19-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi
5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi авариялық бұзылыстар кезінде электрэнергетикасы объектілерін басқару
20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар
21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау
22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету
23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) авариялық бронь - адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға олардың қауіпсіз жай-күйін, сондай-ақ кезекші және күзет жарығы, күзет және өрт дабылдары, өрт сөндіру сорғылары, сутөкпелер, негізгі технологиялық жабдықты салқындату, байланыс және авариялық желдеткіш жүйелері ток қабылдағыштарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін технологиялық процесі толық тоқтатылған тұтынушы объектілерінің электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты);
2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) әзірлік паспорты - энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-2) бірыңғай сатып алушы - осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды
2-4) диспетчерлік технологиялық басқару - диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы жеке және заңды тұлғалардың хабарламаларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;
3) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы;
6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
8) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жылумен жабдықтау жүйесі - жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жылу энергиясын беру - энергия беруші ұйымдар жасалған шарттарға сәйкес жылу желілері арқылы жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті тасымалдау жөнінде көрсететін қызмет;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - тұтынушыларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын өндіруге, беруге қатысушылардың шарттар негізіндегі өзара қатынастар жүйесі;
11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;
12) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
15-1) 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) күзгі-қысқы кезең - басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;
17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;
18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) мемлекеттік техникалық инспектор - уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды
18-2) нарық кеңесі - электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
19) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;
20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1) орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;
21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) өңірлік электр желілік компания - энергия өндіруші ұйыммен және (немесе) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10 (6), 0,4 киловольт) кем емес электр берудің кабельдік немесе әуе желілерін иеленетін, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын және кемінде 10 000 қосылған тұтынушысы бар энергия беруші ұйым;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы - тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды
22-2) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
23) теңгерімдеуші электр энергиясы - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф - электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 24-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-1) технологиялық бронь - үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 24-2), 24-3) және 24-4) тармақшалармен толықтырылды
24-2) технологиялық бұзушылық - электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр және (немесе) жылу желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы;
24-3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым - қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 24-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елдi мекендер шегінде жылумен жабдықтау саласында (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 24-5) тармақшамен толықтырылды
24-5) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға;
25) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
26-1) 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) ұлттық электр желісі - кіші станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда ұлттық компанияға беріледі;
28) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-1) электр желілері - электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;
30) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) электр қуатын реттеу - жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша көтерме сауда нарығының субъектілеріне және жүйелік операторға көрсетілетін, айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда электр энергиясының көтерме саудасы нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау жөнінде көрсетілетін қызмет;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет - энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-2) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф - жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);
31-3) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-4) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф - жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылар салуға тендер жеңімпаздары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тариф;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-5) - 31-) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-6) электр қуатының нарығы - энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, бұрыннан бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;
31-7) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-8) тармақшамен толықтырылды
31-8) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 31-9) тармақшамен толықтырылды
31-9) электр станцияларының тізбесі - осы Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;
32) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф - электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 35) - 39) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35) электр энергиясын беру - электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты әрекеттер;
35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі - өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;